Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі әңгімелеңіз


Құрастырмалық ойындар баланың логикалық ойлауын жақсы дамытатындығын анықтаңыз



бет41/52
Дата30.12.2022
өлшемі114.04 Kb.
#405060
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
Байланысты:
М. Монтессори ответ
Бақылау, КАЗ РК №1. Критерии оценивания задач, КАЗ РК №1. Примерные задачи для подготовки к рубежному контролю №2., khim.tekh 1 -variant, инл 9
Құрастырмалық ойындар баланың логикалық ойлауын жақсы дамытатындығын анықтаңыз

Құрастырмалық ойындар баланың логикалық ойлауын жақсы дамытады. Танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды.
Балалардың қимыл үйлесімділігіне жақсы әсер ету үшін тұрмыстағы пайдаланатын заттармен жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Көру, есту, сипап сезіну арқылы заттарды бағдарлауға бейімдеу әдісі кеңінен қолданылады.
Түйме, шашбау, ілгек, сырма сияқты заттарды пайдалану арқылы балаларды өздігінен киінуге тәрбиелейді.
Күріш, дәнек, өзге де бұршақ тектес тағамдардың арасынан жасырылған заттарды іздету арқылы сезімталдық қабілеттері жетіледі.
Жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасауына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді.

  1. Монтессори технологиясының элементтері мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде екенін түсіндіріңіз

Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру.
Бала дамуының сензитивті кезеңдері келген кезде, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра бастайды, бірақ қалай, қай бағытта жүзеге асатыныны оны қоршаған ортаға байланысты. Үлкендер баланың дамуына жағдай жасайтын арнайы ортаны дайындап, оған бағыт –бағдар беріп отыруы керек. Монтессори педагогикасы кабинеті бірнеше аймақтарғы бөлінген және бұл аймақтар баланың жан –жақты дамуына жағдай жасайтын «дайындалған орта» болып есептеледі. 3 және 6 жас аралығындағы балалардың өзін –өзі дамытуы үшін аймақтарда орналасқан жаттығулар зор ықпалын тигізді: күнделікті өмір жаттығулары, сенсорлық даму, математика, тіл дамыту, жазу және оқуды үйрену, шығармашылық даму, космостық тәрбие беру.
М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды:
1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту;
2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету;
3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.
Монтессори әдісінің мақсаты:
- Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.
- Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
- Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкін діктер беру.
Монтессори педагогтың міндеті:
- Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.
- Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.
- Ұсақ моториканы дамыту.
- Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру.
- Зейінін тұрақтандыру.
- Тәртіпке үйрету.
Негізгі сабақ түрлері:
- Материалдармен жұмыстың жеке көрсетілімі.
- Топтық сабақ
- Жаңа ұғымдар туралы сабақ.
Монтессори 5 аймақтан тұрады:
1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы.
2. Сенсорика аймағы.
3. Математика аймағы.
4. Тіл аймағы7
5. Ғарыш аймағы.

Монтессори әдістемесінің принциптері:


Автор баланың жан – жақты дамуы үшін ең алдыменмыналар қажет деді:
1. Баланың білім алуы мен танып білуіне жағдай жасалған арнайы орта ;
2. Баланың әрекеттерін сырттай бақылаушы және оған көмекші рөлін атқарушы тәрбиеші;
3. Жеке тұлғаны дамытушы жылы аймақ.
Монтессори педагогикасының негізгі принципі:
Баланы өз – өзін тәрбиелеуге, оқытуға дамытуға ынталандыру.
«Маған өзім істеуге көмектес». Монтессори топтарында балалар арнайы әзірленген қоршаған орта- Монтессори материалдары көмегімен өздігінен оқиды. Монтессори материалдарында өзін –өзі бақылау мүмкіндіктері қамтылған, бала өз қателіктерін өзі көріп, өзі соған бейімделеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет