Баланың тұлға ерекшеліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіншілік туғызу және де интелектуалдық, жеке бас қасиеттерімен физиологиялық дамуын жүзеге асыруды талқылаңыз
Монтессори технологиясының басты мақсатын көрсетіңіз
Өз ісінің бастапқы негізінде ол жүйке - психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысады. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі «зияты дамымаған балалар» емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы әсер етуді көбірек қажетсінетіні туралы маңызды тұжырымды құруға мүмкіндік берді. Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірбиесі М.Монтессоридің көңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударды, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б. белгілі философ, педагог және дәрігердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Бүгінгі күні Монтессори педагогика атақтылыққа екінші рет ие болуда. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады. Сонымен қатар М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданыладын.Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: балалар үйі, мектептер, балабақшалар, балалар оңалту орталықтарында кеңінен қолданыла бастады. М.Монтессори: «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін- өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау» - деген екен.
Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру.
Бала дамуының сензитивті кезеңдері келген кезде, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра бастайды, бірақ қалай, қай бағытта жүзеге асатыныны оны қоршаған ортаға байланысты. Үлкендер баланың дамуына жағдай жасайтын арнайы ортаны дайындап, оған бағыт –бағдар беріп отыруы керек. Монтессори педагогикасы кабинеті бірнеше аймақтарғы бөлінген және бұл аймақтар баланың жан –жақты дамуына жағдай жасайтын «дайындалған орта» болып есептеледі. 3 және 6 жас аралығындағы балалардың өзін –өзі дамытуы үшін аймақтарда орналасқан жаттығулар зор ықпалын тигізді: күнделікті өмір жаттығулары, сенсорлық даму, математика, тіл дамыту, жазу және оқуды үйрену, шығармашылық даму, космостық тәрбие беру.
Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.Бүгінде осы әдіспен жұмыс жасайтын балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды. Монтессори әдісі үшін негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.
Достарыңызбен бөлісу: |