Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі әңгімелеңіз


Қарым-қатынастардың жақсы әдеттерін және ішкі тәртіпті меңгертуді айқындаңыз



бет27/52
Дата30.12.2022
өлшемі114.04 Kb.
#405060
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Байланысты:
М. Монтессори ответ
Бақылау, КАЗ РК №1. Критерии оценивания задач, КАЗ РК №1. Примерные задачи для подготовки к рубежному контролю №2., khim.tekh 1 -variant, инл 9
Қарым-қатынастардың жақсы әдеттерін және ішкі тәртіпті меңгертуді айқындаңыз

Қарым-қатынастардың жақсы әдеттерін және ішкі тәртіпті меңгертуді айқындаңыз.
Адамаралық қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);


2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);


3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).


Адамаралық қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.


Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет