Мария Монтессори жүйесі дәстүрлі педагогикадан ерекшеленеді және ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 5 білім беру дағдысымен сәйкестендіріңіз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 5 білім беру дағдысымен сәйкестендіріңіз. Мария Монтессори жүйесі дәстүрлі педагогикадан мүлдем ерекшеленеді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мақсаты «негізгі құзіреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту» болып табылады және мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеуде отандық және шетелдік ғылымның инновациялық тәжірбиесін қолдануды ұсынады. Сонымен қатар, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік» деп аталатын бес білім беру салалары бойынша ортаны ұйымдастыру қарастырылған. Бұл білім беру салалары М. Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастыруымен үндес болып келеді. Стандартында бір жас пен алты жас арасындағы балалардың дамуындағы сенситивті кезеңдерінің өзара байланысын қамтамасыз ету қарастырылады. Бұл кезеңдер М. Монтессоридың педагогикалық жүйесінде де егжей-тегжейлі жазылған. Осыған байланысты М. Монтессори педагогикасын жан-жақты талдау қазақстандық мектепке дейінгі білім беруде ерекше өзектілікке ие болып отыр. М. Монтессори адам ерекше өмірдің қозғалғыш күштерінің көмегімен және де баланы қоршаған ортаның ықпалымен ақылды сіңіре алатын ұйымдастырылған құрылыммен туылады деген ой тастады. Бала өзінің даму барысында «сезімтал» және «сензитивті» деп аталатын кезеңдерден өтеді. Бұл кезеңдерде бала қоршаған орта тарапынан болатын белгілі бір қозуларға айрықша сезімтал болады, мысалы, қимылдың дамуына, сөйлеуге және әлеуметтік аспектілерге қатысты. Егер сезімтал кезеңнің барысында ол өзінің қажеттілігіне қарай белгілі бір айналысатын іс тауып алса, ол терең шоғырлануға қабілетті болады. Сензитивті кезең кезінде бала өзін басқа тітіркендіргіштерден аулай алмаса, Монтессоридің пікірінше баланың интеллектуалды, тіпті, барлық тұлғалық жақтарын жаулап алатын ұяңдық пайда болады. Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген: 1. Сенсорлық аймақ. 2. Математика - лық аймақ. 3. Күнделікті өмір жаттығулары аймағы. 4. Тілдік аймақ. 5. Ғарыштық аймақ. Монтессори әдісі ұлттық, діни, мәдениеттік дәстүрлерін жалпы философиялық тұжырымдамалық «космостық тәрбиемен» жарастыра біріктіретін, сондай-ақ, баланың субьективті позициясын мойындауға және бала табиғатының ересек адам табиғатынан ерекше екенін жариялауға негізделген әдістемелік базасы бар, мәні бойынша тұтас, ұтқыр эволюцияландырушы авторлық жүйе болып табылады. Монтессори педагогикасының негізгі ерекшеліктерінің бірі - оқу үдерісінде белсенділік орталықтарының педагогтан балаға қарай ауысуы. Бала мұғалімінің түсіндіргенін енжар қабылдап отыратын тыңдаушы болмайды, керісінше, өз бетімен «эксперименталды» іс-әрекеті барысында жекеқызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес оқып үйренеді. Бірінші қарағанда, оқу үдерісінде мұғалімнің рөлі төмендеген секілді көрінеді. Бірақ іс жүзінде отандық педагогика ұғымдарына қайшы, «мұғалім көрсететін көмек-балаға материалмен қалай жұмыс істеуге болатыны, қалай қолданатынын көрсету болып табылады». Педагог әрқашан балаға материалдармен жұмыс істеудің рационалды әдісін көрсетеді, іс-әрекеттің үлгісін береді, осылайша материалда «жасырынған» қасиеттер мен қатынастарды ашыпбереді. Монтессори тәрбие мен оқыту үдерісін балаға өмірге келгеннен бастап психикалық дамуына берілетін көмек деп түсінді, ал кейін бұл көмек өміріне беріледі. «Көмек» деген ұғым бұл жерде негізгі болып саналады. Дәл осы нәрсе көбіне балаға деген педагог ұстанымының рөлін анықтап береді.