Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігін түсіндіріңіз
Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі - баланың жеке кабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл
Монтессори ортасы деп аталады. Бул ортада
психололгиялык жайлылык, тандау ерік-тілігі жане педагогтін сабырлы адамгершілігі салтанат кұрады.
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.
Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылыс басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар.
М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.Осы себепті мен баланың танымдық қабілетін дамытуда Монтессори әдісіне негізделген ойындарды, ойындық жағдаяттарды қолданамын. Топта ойыншықтарды қолдана отырып, түрлі ойындар барысында балалар заттарды топтастыруды, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері, түсі, пішіні, кеңістікте орналасуы туралы түсініктерді меңгереді.
Балабақшада Монтессори тобының құрылуын суреттеңіз
Монтессори жүйесінің классикалық варианты 3 жастан бастап оқыту жүргізуді болжайды. Балабакшадағы әр топ — бұл отбасы, онда 3-12 жасар балалар сабақпен айналысады. Олар бірге оқиды, бірге үйренеді.
Марияның байқауынша, балалар баска балаларды ересектерден гөрі жақсы оқытады. Бұл байқауды пайдалана отырып, Мария өз сыныптарын түрлі жастағы балалармен топтастырып, екі топқа бөлді.
Бірінші — 3-6 жасар балалар, екінші топта — 6 — 12 жасар балалар болды. Олардың міндеттері әртүрлі. Алты жасқа дейін бала өз санасын жасайды, алты жастан кейін мәдениетті белсенді меңгереді. Егер балалар өз қарқыны бойынша ақыл қосса, ал мәдениетті түрлі формалар мен бағыттарды меңгеруі қажет.
Монтессори-топта балалар саны 15-20 адам болған тиімді болып табылады. Балабақша-мектептегі сабақтар топтық емес. 3-5 жасар балаларға арналған топтағы топтық сабаққа 15 минут жұмсалады.
Өмірдің негізгі тәсілі — қоршаған ортаның заттарымен еркін жұмыс жасау. Бұл көшеге де, үйге де, балабакшаның барлық бөлмелерін — асхана, шешіну бөлмесі, т.б. барлығына қатысты. Екінші топқа көмек көрсету күрделірек, сондықтан әлемде 6-12 жасар балаларға арналған сыныптар аз, ал 3-6 жасар балаларға арналған сыныптар саны көп. Әлемнің кейбір елдерінде (АҚШ, Нидерланды) Монтессори мектептері көп. Монтессори-топтағы еркін жұмысқа күніне 1,5-2 сағат бөлінеді (баланың жасы мен кызығушылығына байланысты).
Достарыңызбен бөлісу: |