Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі әңгімелеңіз
М.Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі ХХ – ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес , дидактикалық материалдармен сабақ ұзақтығын өздері таңдай отырып, балаларға өздігінен жұмыс жасауға жағдай жасаған. Кезкелген ата – ана баласы үшін өмір сүреді. Халқымыз «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» - деп бекер айтпаса керек. Мария Монтессори (1870-1952) 31 тамыз айында Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Бұл жүйені 100 жыл бұрын М.Монтессори ойлап тапқандықтан, соның атымен аталып кеткен. Өз ісінің бастапқы негізінде ол жүйке - психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысады. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі «зияты дамымаған балалар» емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы әсер етуді көбірек қажетсінетіні туралы маңызды тұжырымды құруға мүмкіндік берді. Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірбиесі М.Монтессоридің көңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударды, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б. белгілі философ, педагог және дәрігердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Бүгінгі күні Монтессори педагогика атақтылыққа екінші рет ие болуда. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады. Сонымен қатар М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданыладын.Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: балалар үйі, мектептер, балабақшалар, балалар оңалту орталықтарында кеңінен қолданыла бастады. М.Монтессори: «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін- өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау» - деген екен.
Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру.
Достарыңызбен бөлісу: |