Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
ӘЛЕУМЕТТАНУ
Факультет: Журналистика
Тобы: Баспа ісі, 102
Орындаған: Құлмаханбетқызы Бибінұр
Тексерген: Имашева Жұлдыз Амангелдіқызы
1-тапсырма
Мобильділік- адам өміріндегі сатылы деңгейдегі өзгеріс. Мысалы:
Менің анам ауылда, балабақшада өзінің мамандығы бойынша жұмыс жасады. Бірақ кейіннен ауданымыздағы өнер мектебіне жұмысқа тұрды. Осы жұмыстың арқасында жалақысы жоғарылап, әлеуметтік жағдайы жақсарды, статусы біршама өсті. Меніңше, мобильділік әр адамның өмірінде орын алатын белгілі бір өсім. Менің өзім де 11 жыл ауылдағы мектепте оқып, қазір қаладағы жоғары оқу орнында білім алып жатырмын. Мұның өзі менің қоғамдағы рөліме, қоршаған ортама жаңа бір өзгерістер алып келді.
Әлеуметтік стратификация- адамның қоғамдағы рөлі бойынша жіктелуі. Мысалы, табыс деңгейі арқылы немесе мамандық дәрежесі арқылы. Қарапайым бір сөзбен сипаттасақ «теңсіздік» деген мағынаны білдіреді. Әлеуметтік теңсіздік қай қоғамда болмасын болған үдеріс, себебі қандай жағдай болмасын адамдардың бірдей мәртебеде болуы мүмкін емес нәрсе.
Әлеуметтік тап- қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуде М. Вебер әлеуметтік таптар арасында орын алатын өзгешеліктерді сипаттаған. Оның көзқарасы бойынша тап ұғымы адамдардың экономикалық тұрғысына, өмірлік стиліне, беделіне негізделген статус ұғымына қарсы. Дегенмен де өмірде тек материалдық жағдайға қарамай мәдениеті, санасы, мінез-құлқы жағынан да ерекшеленетін әлеуметтік таптардың бар екені рас. Вебер статус пен тапты бір-бірінен алшақ, тәуелсіз етіп көрсеткен екен. Яғни бұл өзгешеліктердің арасында ешқандай байланысы жоқ деген қорытындыға келеміз.
Әлеуметтік топ- қоғамда маңызды, кең мағынада қолданылатын ұғым. Әлеуметтік топта әр адам өзінше бір жеке тұлға. Әлеуметтік топ өзінің ортақ мүддесі бар тарихи қоғамда қалыптасуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай үлкен, орташа, кіші деп бөлінеді. Менің ойымша, әлеуметтік топтардың болуы қоғамда ерекше орын алады. Себебі адам өмірі біртұтас көлемде емес кіші қоғамдық қатынаста да көрініс табады. Атақты әлеуметтанушы- М. Вебер бұл топты мансабы, беделі бойынша жіктеген. Бұл топ стратификацияның бір түрі болып саналады. Мысалы ақыл-парасатымен, күш-қайратымен ерекшеленетін тәрізді адамдардың қоғамдағы орны да осылай сипатталады. Осыған қатысты М. Вебер әлеуметтік топты 3 түрге бөледі. 1) статустық 2) саяси партия 3) экономика
Достарыңызбен бөлісу: |