Мүміндердің анасы – Хадиша Хуайлидқызы (Аллаһ оған разы болсын) туралы қисса


«Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңе айт: «Егер сендер дүние тіршілігі мен оның



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата22.11.2022
өлшемі111.42 Kb.
#361157
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Хадиша
конференция Каракулова Г, 4-сабақ 6-сынып Қаз.тарихы Аукенова, 4-сабақ 6-сынып Қаз.тарихы Аукенова, 9 тақырып, Мінез-құлық, 2 сабак 8 апта, 5кл каз адебиет ктп , 5кл каз адебиет ктп , 5кл каз адебиет ктп , PISA жобасының оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт бойынша жүреді, 5 сынып робот түрлері қмж, 8 сынып уштил, Топтық жұмыс, Модульді пайдаланып иррационал теңдеулерді шешу, 188 топ-1
«Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңе айт: «Егер сендер дүние тіршілігі мен оның 
сән-салтанатын қалайтын болсаңдар, онда бері келіңдер, сендерге біраз дүние 
берейін де, көркем түрде қоя берейін. Ал егер Аллаһты, Оның елшісін және 
Ақырет мекенін қалайтын болсаңдар, расында, Аллаһ сендердің 
араларыңдағы жақсылық істеушілерге үлкен сауап әзірлеген» 
(«Ахзаб» сүресі, 
28-29 аяттар), – деген аят түскенде, бәрі де бірауыздан «Біз Аллаһты, Оның елшісін 
және Ақырет мекенін қалаймыз» деп жауап берген. Аллаһ оларға разы болсын! 
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ХАДИША ХУАЙЛИДҚЫЗЫ 
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 


Хадиша Хуайлидқызы туралы 
қисса 
4 
«Адамдар маған қарсы келгенде (күпірлік танытқанда), (Хадиша) 
маған иман келтірді, адамдар мені жалғаншыға шығарғанда, ол мені растады, 
адамдар мені (мал-дүниеден) айырғанда, ол мені өз дәулетімен жұбатты және 
одан Аллаһ маған әйелдердің басқасынан нәсіп етпеген бала берді»

Хадиша, Хуайлид ибн Әсәдқызы. Ол құрайыш тайпасы әйелдерінің ең 
сыйлы да абыройлысы және құрметтісі болатын. 
Оның анасы ақылды, парасатты Фатима ханым беделді де, сыйлы ел 
көсемінің отбасында дүниеге келіп, даңқ пен құрмет салтанат құрған үйде 
тәрбиеленген. 
Хадишаның шежіресі әкесі жағынан Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың 
салауаты мен сәлемі болсын) арғы атасы Қусайға, ал шешесі тарабынан Аллаһ 
елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) аталарынан болып келетін 
Луәйға барып тіреледі. 
Хадиша шамамен һижра жыл санауынан 68 жыл бұрын, мәшһүр «Піл 
жылынан» 15 жыл бұрын туылған. Ол етек-жеңін жауып бойжеткеннен соң, 
мәдениеттілігі мен жібектей сыпайы мінез-құлқы, салмақтылығы мен бірсөзділігі, 
байсалдылығы мен зеректігінің арқасында елге танылып, «Таһира» (пәк, таза) 
деген атқа ие, ақылды да парасатты әйел атанған. Күйеу болу дәмесімен оған 
барлық ер кісілердің назары түсетін. 
Хадиша Әбу Хәлә ибн Зурара әт-Тәмимимен тұрмыс құрып, Әбу Хәләдан 
бір ұл және бір қыз көреді. Оның қазасынан кейін екінші рет Атиқ ибн Абид әл-
Махзумиға күйеуге шығады. Бірақ көп кешікпей олар араларында бір қыз қалып, 
айырылысып кетеді. Құрайыш тайпасының ішінде оған күйеулікке үміткерлер көп 
болады, бірақ ол өзін бүтіндей балаларына және сауда істеріне бағыштайды. Ол өте 
дәулетті әйел еді. Оның жүргізген керуені бүкіл құрайыштардың шығарған сауда 
керуеніне тең келетін. Мал-дүние тауып, балаларын қамқорлығына бөлеген, оның 
өмірінде тыныш тіршілік белестері басталады. Бірақ көп ұзамай, бір күні ол тыныш 
тіршілігіне нүкте қойған түс көреді. Бұл түс Хадишаны беймаза күйге түсіріп, 
бойында үміт шоғын үрлейді. Ол түстің орындалуын тағатсыздана күтеді. Ол 
түсінде Мекке көгінен шыққан Күн шұғылалы сәулесімен жер-жаһанға нұр шашып 
тұрғанын көрген-ді. Ояна сала толғанысы мен жүрек дірілін басып, аздап өз-өзіне 
келген соң, немере ағасы Уарақа ибн Нәуфәлдың үйіне барады. Бұл кісі ақиқат 
жолын іздеушілерден болатын. Оның көзқарасы дұрыс әрі таза еді. Ол өзін сол 
кездегі құрайыштардың сиынып, табынатын пұт-мүсін тәріздес жалған 
құдайларынан аулақ ұстайтын. Ол Мәриямұлы Исаның дінін қабылдап, 
бірқұдайшылдықты ұстанатын. 
Хадиша оған өзінің түсін айтқанда, Уарақа: 


Хадиша Хуайлидқызы туралы 
қисса 
5 
«Сен көрген Күн мен оның сәулесінің шұғыласы, бұл – ең соңғы 
пайғамбардың дүниеге келуінің және оның сенің үйіңе кіретіндігінің белгісі, демек, 
сен оған тұрмысқа шығасың, ей, қарындасым!» – дейді. 
Бұл сөздерді естігенде, Хадишаның тұла бойын тебірену мен толқыныс 
билеп алады. Абыржулы күйде ештеңе сезбей өз-өзіне: «Мен кезінде өзімді 
балаларымның тәрбиесі мен кәсібіме бағыштап, құрайыш тайпасының небір 
беделді де құрметті ерлерінің бетін қайтарған едім. Егер мені осы үмбеттің 
пайғамбарымен отау құру күтіп тұрған болса, бұл басқа мәселе! Бұл жоғарыдан 
жіберілген Тәңірімнің рақымы және мұның артында игілік бар», – дейді. 
Осыны айтып, ол желбегейін жамылмастан жүгіріп қасиетті Қағбаға келіп, 
тауап ете жүріп, Аллаһтан әдеттегіше саудасының берекесін емес, осы түстің 
орындалуын сұрады. Осыдан бастап оның көңілі алабұртып жай таппай, әлдебір 
нәрсені іздеп, бір жайтты күткендей аласұрады. 
Күндер өте келе құрайыштардың арасындағы әңгімелерден қой бағуды кәсіп 
еткен, әрі көкесі Әбу Талибқа көпжанды отбасын асырауға қолғабыс жасайтын 
Мұхаммед деген жас жігіт жайлы жиі естиді. Адамдар оның ерекше 
аманатшылдығы мен шыншылдығына тамсанатын, оның есімін атағанда, «сенімді» 
деген мағынаны білдіретін «Әмин» деген жанама атты қоспай атамайтын. «Әмин 
келді», «Әмин өтті», «Әмин ананы істеді», «Әмин мынаны істеді»... десетін. Ол 
жөнінде естігендері Хадишаны іштей шаттыққа бөлейтін. 
Мұхаммедтің шыншылдығы, аманатшылдығы, қарапайымдылығы, 
сенімділігі, қайырымдылығы, ақылдылығы, парасаттылығы мен жаман істерден 
қашықтығы оны төңірегіндегілер бой ұрған былықтардан алыс ұстады. Ол арақ 
ішпейтін, құмар ойнамайтын және дүниелік арзымастарға сатылмайтын. Хадиша 
осының барлығын естіп-біліп, сырттай оны қатты ұнатады. Оған «келуі күтіліп 
жүрген пайғамбар осы Мұхаммед болуы мүмкін» деген де ой келді. 
Бірде сауда істері үшін және керуеніне басшылық жасайтын сенімді де адал 
ер-азамат іздеген Хадиша Мұхаммедті өз көзімен көргісі келіп, оған адам жібереді. 
Хадиша Мұхаммедті, шын мәнінде де, тамаша тыңдай білетін, көп сөзге жоқ 
адам ретінде таниды. Оның айтқан сөздері көркем де салиқалы шығатын. Ол 
үнсіздік сақтағанда – салмақты да әспетті күйге түсетін, ал сөйлегенде – сұлулық 
пен баурап алар тартымдылыққа ие болатын. Ал күлгенде – оның аппақ маржан 
тістері жалтырап күнге шағылысатын. 
Ол екеуі оңай келісіп, болашақ елші Мұхаммед Хадишаның сауда істерімен 
Шамға аттанады. Бұл сапар барысында керуен істеріне жауапкер ретінде Майсара 
деген адам тағайындалады. Жол бойы Мұхаммед пен Майсара бір-біріне қолғабыс 
тигізіп жүреді. Керуен Меккеден Шамға дейін ұзақ та шөлді сахараны басып өтеді. 
Майсара мен оның жанындағы адамдар бүкіл жол бойы Мұхаммедке қатысты бой 
көрсеткен таңғажайып нәрселердің куәсі болады. Олар бұл жайттарға қалай түсінік 


Хадиша Хуайлидқызы туралы 
қисса 
6 
беруді де білмейді. Мәселен, күн қатты ысып, күшіне мінген кезде Мұхаммедтің 
төбесінде екі бұлттың сая боп жүргенін олар түсіне алмайды. Сонымен қатар олар 
аздап әлденіп алу үшін Бусра сауда орталығына тоқтағанда, Мұхаммед бір ағаштың 
көлеңкесіне барып отырады. Сол сәтте Настура есімді монах келіп, оған мұқият зер 
салып, Майсарадан ол жайлы сұрастыра бастайды. Майсара оған Мұхаммедтің 
құрайыш тайпасынан, қасиетті Мекке шаһарынан екенін айтады. Сонда монах: 
«Бұл ағаштың саясына пайғамбарлардан басқа ешкім отырмаған еді», – деп, 
сәл кідіріп: «Оның көзінде қызыл теңбіл дақ бар ма?» – деп сұрады. Оған Майсара: 
«Иә», – деп жауап берді. 
Әкелген тауарларын сатып, мол пайда түсірген керуен Меккеге сәтті 
оралады. 
Мұхаммед Хадишаның сауда-саттық істерін жүргізуде өзгеше бір тәсіл 
қолданды. Әдетте көп саудагер Меккеден тауар алып шығып, оны Йеменге, Шамға 
апарып сататын немесе Шамнан, Йеменнен зәру заттар алып келіп, бұл тауарларды 
Меккеде пұлдайтын. Мұхаммед болса Меккеден тауар артып шығып, оны Шамға 
апарып сатады да, сол жерде біраз аялдап, меккеліктерге қажет заттарды алып, 
бұларды Мекке базарына әкеліп өткізді. Нәтижесінде, керуен есепсіз пайдаға 
кенеледі. Мұхаммедтің сауда-саттық ісіндегі құтты қадамы мен кісі малына деген 
аманатшылдығы Хадишаның көңілінен шығып, болашақ пайғамбардың қадір-
қасиеті оның алдында ұлғая түседі. Сондай-ақ үстеме қызметкері Майсарадан 
естіген әңгімелері оның (жүрексінсе де) бұл жас жігіттің өмірлік серігіне 
айналуына түбегейлі шешім қабылдауына түрткі болады. 
Бірде Хадишаны жақын құрбысы Нафиса Мунияқызы зиярат етіп келеді. 
Ұзақ әңгімеден кейін Хадиша ешкімге тіс жармауына уәде алып, оған ішкі 
құпиясын ашады. Оны тыңдап болған Нафиса: «Құрайыш әйелдерінің арасында 
сұлулығы мен байлығы және мәртебесімен саған тең келер ешкім жоқ. Әрбір ер кісі 
саған үйленуді армандайды», – дейді. Осыны айтады да, ол Мұхаммедке барып: 
– Саған үйленуге не кедергі жасайды? – деп сұрайды. Ол: 
– Оған менің жағдайым келмейді, – деді. Нафиса оған күлімсіреп: 
– Егер біреу сені ақылымен, сұлулығымен, байлығымен және құрметімен шақырса, 
жауап берер ме едің? – дейді. Мұхаммед: 
– Ол кім еді? – деп сұрайды. Ол: 
– Хадиша Хуайлидқызы, – дейді. Мұхаммед: 
– Егер ол келіссе, мен қарсы болмас едім, – деп тіл қатады. Нафиса бұл жаңалықты 
Хадишаға қуана хабарлайды. Тойға дайындық басталып, қой, түйелер сойылып, 


Хадиша Хуайлидқызы туралы 
қисса 
7 
кедейлерге ет үлестіріледі. Бұл кезде Мұхаммедтің жасы жиырма бесте, ал Хадиша 
қырық жаста болатын. 
Араларындағы жас алшақтығына қарамастан, Мұхаммед пен Хадиша 
жиырма бес жыл бақытты ғұмыр кешеді. Мұхаммед оны құрметтеп «Хадиша 
Кубра» (Үлкен Хадиша) деп атайтын. 
Екеуі Қасым, Абдуллаһ атты екі ұл мен Зәйнәб, Руқайя, Умму Кулсум және 
Фатима есімді төрт қыз сүйеді. 
Болашақ елші пұтқа табынушылардан бойын аулақ ұстап, жаратылыс пен 
Жаратушы жайында ойға шомып, пікір жүгіртетін. 
Бұл жайлы Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) былайша әңгімелейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені