Мыс бойынша тапсырма



бет1/3
Дата14.09.2022
өлшемі103.12 Kb.
#290338
түріКонспект
  1   2   3
Байланысты:
1-3 апта. Магнит өрісі (2)


1-3- АПТАЛАРҒА ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС БОЙЫНША ТАПСЫРМА.



  1. №28- зертханалық жұмысты дәптерге конспектлеп, оқып шығу керек.

  2. Жұмыстың атын және мақсатын білу керек.

  3. Жұмыстың орындалу ретін білу керек.

  4. Аудиторияда сабақ кезінде жұмысқа рұқсат алып, жұмысты орындау керек

  5. Берген мәліметтерді қолданып, есептеу жұмыстарын жүргізу керек те, алынған нәтижелерді кестеге жазып толтырасыздар.

Есептеу жұмыстары дәптерде болу керек.

  1. Орындалған тапсырманы оқытушы тексереді

  2. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беруге дайындаласыз.

  3. Жұмысты қорғау үшін теорияға жауап беруге дайын болуыңыз керек.

  4. Жұмысты қорғап болғаннан соң оқытушы ұпайын қойып, қол қояды.

  5. Қойылған бағаны, қол қойылған, суретін платонусқа жіберу керек.

28 зертханалық жұмыс


ЖЕРДІҢ МАГНИТ ӨРІСІ КЕРНЕУЛІГІНІҢ ГОРИЗОНТАЛЬ ҚҰРАУШЫСЫН АНЫҚТАУ


Ж ұ м ы с т ы ң м а қ с а т ы : Жер магнетизмі элементтерімен танысу, Жердің магнит өрісінің токтың магнит өрісіне ықпалы арқылы Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысын есептеп үйрену.
Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р : тангенс-гальванометр, амперметр, реостат, тұрақты ток көзі, айырып- қосқыш, жалғаушы сымдар.
Т е о р и я л ы қ м а ғ л ұ м а т т а р
Жер шарының магнит өрісі бар. Жердің бетінде және оны қоршаған ке-ңістіктің кез келген нүктесінде магниттік күштердің әсері байқалады. Жердің магниттік полюстері мен географиялық полюстері сәйкес кел-мейді: географиялық солтүстік (C) полюске магнит өрісінің оңтүстік полюсі (S), ал географиялық оңтүстік (O) полюске магнит өрісінің (N) солтүстік полюсі жақын орналасқан. 1-суретте Жердің географиялық ай-налу осі CO үзік сызықпен көрсетілген. Географиялық меридиан мен магниттік меридиан арасындағы бұрыш ( ) магниттік бұрылу бұрышы деп аталады. Магнит өрісінің күш сызықтары полюстер аймағында Жер бетіне вертикаль (А нүктесі), ал экватор аймағында горизонталь
(Э нүктесі) бағытталған (1-сурет). Полюстерден басқа нүктелерде магнит өрісінің күш сызықтары, сәйкесінше кернеулік векторы , Жер бетіне белгілі бір бұрышпен бағытталған. Демек, қандай да бір P нүктеде магнит өрісінің кернеулік векторын екі құраушыға жіктеуге болады (2-cурет). KL горизонт жазықтығына проекциясы – горизонталь құраушысы және Жердің RЖ=РЦ радиусына проекциясы – вертикаль құраушысы: .
Жердің магнит өрісі мен горизонталь жазықтық арасындағы бұрышы көлбеулік бұрышы (экваторда бұл бұрыш нольге тең), горизонталь құраушының бағытын магниттік меридиан бағыты деп алса, одан өтетін вертикаль жазықтық магниттік меридиан жазықтығы деп аталады. Жердің магнит өрісінің толық кернеулігін форму-ласымен есептеуге болады. Магниттік көлбеулік бұрышы, магниттік бұрылу бұрышы – және магнит өрісінің горизонталь құраушысы Жердің магнит өрісінің негізгі параметрлері болып табылады. Магнит өрісінің кернеулігі магниттік индукция векторымен бағыттас болады:

L
C
S S





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде