Мырзағали Айнур 08. 01. 2019-01. 02. 2019 жыл аралығындағы өндірістік (педагогикалық) практикасы бойынша есебі

Loading...


бет1/3
Дата07.04.2020
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3
Мырзағали Айнур 08.01.2019-01.02.2019 жыл аралығындағы өндірістік (педагогикалық) практикасы

бойынша есебі

Мырзағали Айнур Дәулетқызы 08.01.2019-01.02.2019 жыл аралығында 3-курстағы өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибемді ОҚО облысы, Шымкент қаласындағы Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінде өткіздім.

Практиканың бірінші күнінде әдіскеріміз Тлеуов Темірбек ағаймен бірге Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп – лицейге бардық және ондағы директордың бейіндік жөніндегі орынбасары Ишанова Ольга Камалгалиевнамен, оқу ісі жөніндегі орынбасары Турдалиева Гульмира Тураровнамен таныстық.

Біз барған білім ошағына тоқталатын болсақ, ғимарат төрт қабатты, «Н» негізінде салынған. Мектепте спортзал, асхана, кітапхана және көптеген кабинеттер интерактивті тақтамен жабдықталған. Мектеп 1966 жылы қаланған. Ол Республика даңғылы мен Жангельдин көшесінің ортасында орналасқан. Мектептің тұңғыш директоры Қалабаева К.С. болған. Мектеп қабырғасын 2664 түлек бітіріп шыққан, оның 157-сі мектепті ерекше куәлікпен бітірген.

1969 жылдан бастап, химияны тереңдетіп оқытуға көшкен және 1990 жылдан бастап биологияны тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылған.

1992 жылы математика пәнін тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылған. 1994 жылы мектепке «лицей» статусы берілді.

2001 оқу жылында мектепке Д.И.Менделеев аты берілді.

2005-2006 оқу жылындағы түлектер 45 грантқа ие болып, Республикадағы жоғары оқу орындарына түсті.

Соңғы 30 жыл ішінде Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп – лицейі тек Шымкент қаласы бойынша ғана емес, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша үздік мекеме болып саналды.

2001 жылдың 3 шілдесінде мектепке « Жылдың ең үздік мектебі» атағы берілді. Педагогикалық ұжымды Асанова Д.Е. басқарады.



Мектеп ұжымы «Жаңа оқыту технологиясында дамыта оқыту принциптерін тарату» бағытында жұмыстар жасайды. Мектеп мұғалімдерінің көмегімен белгілі жұлдыз-спротсмендерді жарыққа шығарды: Нелли Ким, Олег Сакирин, Анастасия Прилепа, және белгілі қоғам қайраткері, Оңтүстік қазақстан облысының әкімінің орынбасары Жұмжаев Ғ.Қ.

Іс-тәжірибе кезінде мен 8 «а» сынып оқушыларының жетекшісі және 8 сыныпқа химия пәнінің мұғалімі болып бекітілдім. Қожамұратава Раушан Есмұрзақызы мектептегі іс-тәжірибе жетекшім болып бекітілді. Сыныпта 25 оқушы бар. Оның ішінде 15 ұл бала, 10 қыз бала. Сынып жетекшісі Ержигитова Жазира. Сыныптың әлеуметтік құрамы жақсы, материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Өндірістік (педагогикалық) практикасының бірінші аптасында 8 сыныбының химия сабағына қатысып, тәжірибе жинадым. Ол сабақта мұғалім сабаққа 2-3 минут ерте келіп, оқушылармен сәлемдесіп,сабаққа керекті заттарын алып дайындалды. Ал сабақ басталғанда оқушыларды түгелдеп, сабақ тақырыбын айтып сабақты бастады.



8 «а» сынып оқушыларының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым.

Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың оң нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым.

Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткіздім. Сынып оқушалары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар. Мектепішілік, сынып аралық іс-шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілеттеріне қарай берілген жұмыстарды атқара біледі.Сынып оқушылары өздеріне берілген тапсырмаларды ұқыптылықпен, жауапкершілікпен орындай біледі. Осы сыныптағы Рысқұлбек Мерей Бақытжанқызына педагогикалық – психологиялық талдау жүргізе бастадым.



Жұмабек Бектас 25.07.2005 жылы дүниеге келді. Мерей Д.И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінің 8 «а» сыныбында оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай сурет салғанды ұнатады. Мерей толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Бектас сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Мерей көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді.

Осы өндірістік (педагогикалық) практикасы барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдаланып өткізілген сабақтарды педагогикалық психологиялық талдау жасауды үйрендім.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...