Ќ±мырсќалар ќ±діреті



бет7/14
Дата06.08.2022
өлшемі213 Kb.
#278232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
кумырска гылыми жоба
8 сынып СОР 1-нұсқа
1.2 Құмырсқаның пайдасы

Бір қарағанда өте қорқынышты көрінгенімен, ормандағы адамдар бұларды өте жақсы көреді. Себебі көшпелі құмырсқа адамдардың бау-бақшасында еркінсіп, дәнді-дақылды ойрандап жүрген зиянды жәндіктің бәрін жылан жалағандай қылып әп-сәтте жеп тауысып кетеді. Олар бір айдың ішінде бір футбол алаңындай жердегі жәндікті түгелдей теріп жеп, ада қылады. Жүріп өткен жайлауына екінші мәрте қайта айналып соққанша адамдардың да бау-бақшасы жайқалып, көкөніс тамырлары жуандап қалады.


Жалпы Ұлық Алла барлық нәрсені өз орынымен, есеппен жаратқан ғой. Бұл құмырсқалар болмаса Африкадағы жунглидің өзі жойылып кету қаупі бар. Себебі, оларсыз зиянды жәндіктер тоқтаусыз өсіп-өніп көбейіп, бүкіл ормандағы талдың тамыры мен жапырағын кеміріп тастар еді. Сондықтан «көшпенділер» жорыққа шығып, олжа іздегенде төбесі көк тіреген алып бәйтеректер оларға «хош келдіңдер, бауырлар» деп, қуанысып тұрады. Осылайша жунглидегі табиғи тепе-теңдік сақталып, ормандағы тіршілік құлпырып тұрады.
Құмырсқаның кереметі айта берсе таусылмайды. Бұлардың нендей логикаға сүйеніп жұмыс жасап жүргенін ешкім түсініп те, түсіндіріп те бере алмайды. От басы, ошақ қасына азық арқалап келе жатқан жәндіктің жүретін жолды қалай таңдап, қалай ұясына адаспай оралатынын ұқпайсың. Қалай болса солай, қисық бұраңдаған жолдармен жыбырлай береді. Бір қарағанда басы ауған жаққа қаңғып бара жатқан секілді көрінетін сабазың сәлден соң іннің ауызына дәл келеді. Енді осыншама күрделі жұмыстарды өте сауатты һәм сапалы атқарып жүрген «еңбек ерлері» оқу-тоқуды, жоспарды, ақпаратты кімнен және қалай алады? Олардың осыншама көптігіне қарамастан қауым ішінде басқаларға ақыл айтып, жол көрсетіп, жөн сілтеп отырған «орталық миы» жоқ. Араларында ақылы асқан оқымысты кемеңгер, көп жасаған тәжірибелі қарт құмырсқа болмаса да олар тамақтың тазасын тауып, бактерияның керегін өндіріп, қауіпті дұшпанын жазбай танып, олармен стратегиялық соғыс қимылдарын жүргізуге қабілетті. «Кез-келген құмырсқаның анатомиясын алып зерттесең» – дейді ғалымдар, – олардың бір де біреуінің басында мұншама көп ақпаратты сыйғызатын ми жоқ. Құмырсқаның жүйке жүйесінің физикалық көлемі өте-мөте кішкентай. Ал тіршілікте қолданып жүрген оқу, айла, өнер, білімі шамадан тыс көп.
Құмырсқалар өмір сүру үшін тұратын талдың түрін, қазатын жердің қалыңдығын, өсіретін саңырауқұлақтың сортын, дала мен іштің температурасын дәл өлшеп, дәл білуі керек. Бұдан бөлек миллиондаған жұмысшылардың істеген жұмысын тексеріп, бақылап отыру үшін де кәдімгідей ғылым қажет. Бұл жерде бұрыннан келе жатқан «бұл инстинкті реакция» деп басталатын жалтарма жауап қанағат бермейді. Жәндік туылып, не болса соны жеп, біреуден қашып құтылу үшін оған инстинкт сезімі көмектеседі деу күлкі шақырады. Тіпті сол инстинкт деген сөздің өзі түсініксіз, бұлыңғыр нәрсе. Және бұл өтірік жауапты жеке-жеке өмір сүретін жәндік сезімдерін түсіндіргенде қолданады. Ал бұр арада миллиондаған аталастар ұйымдасып өмір сүреді. Келешектегі тіршілік қамы түгел мақсатты, жоспарлы түрде ғана іске асады. Мәселен, сиыр бағатын бір ғана құмырсқаның білімін санамалап көрелік. Сиырларды таңертең өріске айдап шығу үшін ең әуелі «шөбі шүйгін» өсімдікті тамағы таусылған тақыр бұтақтан ажырата алатын ілім қажет. Сосын «өрістегі малына» шабатын зиянкес жәндік түрін бір-бірінен ажыратып, әрқайсысына әр түрлі қорғаныс және шабуыл түрін қолдану керек. «Сиырлардың» шырын беретін ұрғашыларын жазбай танып, қыстың күні оларды өлтіріп алмай, көктемге дейін жету үшін күтім, бағым білімін игеруге міндетті. Енді осы жұмыстың бәрін миллиондаған құмырсқаға сағатпен бөліп, кімнің не нәрсеге жауапты екенін қай кезде, кімді кім ауыстырып отыратынын, шаршағандар қайда барып дем алатынын реттеу үшін тағы да қосымша ғылым қажет. Жұмыртқаны жаңа ғана жарып шыққан сәби быжынаған құмырсқалардың ішінде не істерін білмей, абдырып тұрып қалуы керек емес пе? Қашан, қай жерден, қай тұстан, кімнің бөліміне барып, ұжымға қосылып кете алады? Өз міндеті мен кәсібін кімнен сұрап біледі? Бұл жерде ешқандай инстинкт сезімі көмектесе алмайды. Тіпті сол «құндақтан» шыққан құмырсқаны ең ақылды мақұлық — адам ұрпағы асырап алып, алдын-ала үйретіп, оқытса да дәл осындай жұмысты жасай алмас еді. Тіпті осы құмырсқалар өмірін таңның атысы, күннің батысы тынбай зерттеп жүрген ғалымдардың өзі соқыр сезімнің дәл мұндай шиеленіскен шаруаларды оқу-тоқу, білімсіз жасау мүмкін емес деп еріксіз мойындайды. Бұлардың бүкіл өмірі саналы тіршілік иесінің әрекетіне анық ұқсайды. Ал ойланып барып іс жасайтын саналы жәндік дейін десең, қисапсыз ақпаратты өшірмей сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас қылып беріп отыратын миы жоқ. Кейбір зерттеушілер құмырсқаның нерв жүйесі шамамен ары кетсе 500 мың нейронды сыйғыза алады дейді. Салыстырып қараңыз, біздің миымызда 100 миллиард нейрон клеткасы ұйысып тұр. Санаулы ғана нейронмен жүрген құмырсқа адам ғана жасай алатын жұмысты мисыз қалай жасап жүр? Ғалымдар осы араға келгенде тұйыққа тіреледі. Мүмкін, – дейді ғалымдар, – бүкіл ақпаратты майдалап бөліп, ұсақтап, басқалардың басына шақтап қана таратып беріп, сол арқылы күллі қауымды басқарып отыратын бір ғана супер ми бар шығар, – дейді. Бірақ соның өзінде мың миллион құмырсқаға ақпаратты алыстан сымсыз жеткізіп беріп отыратын ілімі күшті орталық тұрақты түрде бір жерде жылжымай әрі ұзақ мерзім өлмей өмір сүруі керек емес пе? Белгілі бір білімді, өнерді, кәсіпті, ақпаратты, жоспарды жадына жаттап алып, мақсатты түрде кетіп бара жатқан жұмысшы құмырсқа жарты жолда өзінен күшті жыртқыштың қолынан қаза тауып, не болмаса құстың тұмсығына ілініп кетті делік. Енді оның өзімен бірге келмеске кеткен аса құнды ақпаратты артындағы ұрпағы қалпына қалай келтіреді? Тіпті бәрі аман болды деген күннің өзінде қартайып өлген қарт құмырсқаның білім тәжірибесін әріп танымайтын жәндік қалай алып, қалай сақтап қалады? Себебі жаңа туған жас ұрпаққа арнайы мектеп ашып, дәріс оқып, ғылым үйретіп жатқан мұғалім құмырсқа жоқ қой? «Құмырсқалар ақпаратты қай жерінде сақтайды және оны қалай алысқа таратып беріп жүр?» деген сұраққа дарвинист ғалымдар былай деп қана жалтара жауап береді: «Әлі де техниканың күші әлсіз болып тұр. Техника ғылымы тағы да дамыса, құмырсқаның ақпаратты қайдан алып, қалай таратып, қалай қабылдап алып жатқанын көрсетіп бере алатын құрал-сайман да табылып қалар» деп өздерін де, бізді де өтірік жұбатады. Мұсылманның бұған беретін жауабы былай болса керек. Жер планетасының орман-тоғайларында миллиардтап өмір сүріп жатқан құмырсқалардың жалпы санының биомассасы адамдардың биомассасына тепе-тең. Осынша есепсіз, қисапсыз құмырсқаны миллиондаған жылдан бері ерінбей-жалықпай оқытып, тоқытып, асырап, оларға дәріс беріп, өмір сүруді үйретіп келе жатқан – Ұлы Жаратушы Ұлық Алла тағала. Ұлық Алланың шексіз мейірім-шапағатымен құмырсқалар 300 миллион жылдан бері аман-сау тіршілігін жасап келе жатыр. Оның телегей-теңіз ілімінің арқасында бұл жәндіктер соқыр, саңырау, мылқау болса да өркениетті өмір сүреді. Құдіретті Алла тағала оларды өзі оқытып, өзі басқарып отырғандықтан, бұларға адам секілді қағаз жасап, мектеп ашып, жазу үйреніп, техника ойлап тауып қажеті жоқ. Құмырсқа тіршілігінен ғибрат алып, ұлық Алланың рухани іліміне ден қойған кез-келген адам құмырсқа секілді ілімді Ұлық Алланың Өзінен тікелей үйреніп, данышпан әулиеге айналады. Оны Исламда «ғилм ләдун» дейді, бұл Ұлық Алладан пендесіне тікелей берілетін ілім дегенді білдіреді. Оған дәлел хазреті Мұхаммед с.ғ.у.-нің тұлғасы, өмірі, жасаған жұмысы, қалдырған рухани мирасы. Хазреті пайғамбар ешқашан мектепке барып, ұстаз алдында отырып сауат ашпаған. Қолына қалам алып, жазу жазып көрмеген. Өмірінде бірде-бір кітаптың бетін ашып, парақтап оқымаған. Сөйте тұра, Ұлық Алладан ғажайып ілім үйреніп, жалғыз өзі Ислам өркениетін дүниеге келтірді. Университеттер мен академияларда кітап атаулыны кеміріп, оқымысты атанған ғалымдар оқу оқымаған пайғамбардың жалғыз өзі «ләдун ілімінің» күшімен жасап берген Ислам өркениетінің кішкентай ғана кезеңін үзіп алып, ғылыми тақырып қылып зерттегенде төрт-бес кітап жазуға әзер шамасы жетеді. Соның өзінде өзі зерттеп, өзі жазған еңбегін өздерінің бел баласы қызығып оқымайды да, тұрмысында тұтынбайды да. «Қағаз-қаламға ден қойып, мектеп оқып, ағылшын, қытай, компьютер тілін меңгеру ғана адамның көзін ашады» – деп зайырлы ғылымға көзсіз табынған адамдар ең соңғы супер техника аппараттарын арқалап жүріп, қарапайым шындықтың сырын таба алмай, жынды болуға айналған ғалымдар секілді неше түрлі күлкілі гипотезаға еріксіз сенеді. Сол сенімдері Ұлық Алланың тегін ілімінен мақұрым қалдырады [2.].
Ғалымдар құмырсқалардың қоғам­дасып жұмыс жасау құпиясын әлі күнге аша алған жоқ. Олар өте күрделі жұмыс атқарып қана қоймайды, сол істі аса математикалық дәлдікпен, архитек­туралық шеберлікпен орындайды. Сон­дай-ақ әрқайсысына тиісті өз міндеттері бар. Бұл еңбек бөлінісі бойынша олар жылдың 365 күнінде, тәуліктің 24 саға­тында бір тыным таппастан еңбек етеді. Қыста құмырсқалар өз жұмыстарын жерасты «туннельдерінде» жалғас­тырады. Мұны ғалымдар «инстинктивті реакция» арқылы іске асатын әрекеттер деп түсіндіреді. Бірақ нені түсіндіріп отырғандарын өздері де түсіне бермейді-ау. Алдымен «инстинкт» деге­німіздің өзі не деген сұраққа жауап берілуі керек, бірақ ол жауап жоқ.
Ең бір таңғаларлығы, құмырсқалар көрмейді, естімейді. Кейбір ғалымдар олардың миы да жоқ дейді. Олардың бос қауашақ бастарында айқыш-ұйқыш тартылған сым секілді жүйке талшық­тары ғана болады екен. Тебеннің көзіндей көлемнің ішіне сыйып тұрған әлгі талшық­тардың қандай жіңішке, қандай нәзік екенін өзіңіз елестетіп байқарсыз. Қыруар ақпараттың сол талшықтарға тізіліп тұрғанына, ал жатып таңғала беріңіз.
Құмырсқалардағы қалыптасқан тәр­тіпті адам баласы ұстанса, онда біз қиялымызға қиюластырып жүрген қоғам­ды бір-ақ күнде орнатар едік. Біздер, адамдар өз еншімізге берілген жоғары сананы - ашкөздік, күнәһарлық, жалған­дық, жауыздық, жарамсақтық деген сияқты жүздеген ұсақ биқасиеттерге ту-талапай бөліп, ақырында сол жоғары, саф сананы болмысымыздан күлдей шашып, жоғалтып алғанбыз. Жоғары сананың сарқыншағы сақталған адамдарды біз мәдениетті, зиялы, асыл азамат деп тамсана дәріптейміз. Алайда, ол адам­дардың әрбіріне тиісті енші екендігін ескермейміз. Себебі, жоғалтып алғанбыз.
Қасиетті Құран-Кәрімде «Нәміл» деп аталатын сүре бар. Демек, Жаратушының осы бір ғажайып хикметтерге ие жара­тылысы ғылым айтқандай «инстинктік» өмір сүрмейді. Құмырсқа, әрине, адамнан ақыл сұраған емес. Оның бүкіл тіршілік болмысын үйлестіруші бір ұлықтың бары рас. «Жер мен көктің иесі - Алла. Бүкіл әлемдердегі әрекет оған бағынышты», делінген Құранда. Бұл жауап құмырс­қаның да өмір сүру салтына қатысты.
«Нәміл» сүресінде құмырсқаның сөйлейтіндігі келтіріледі. Сіз осы кіш­кентай жаратылыстың ойлайтыны, сөй­лейтініне көз жеткізгіңіз келе ме? Онда мына бір қарапайым тәжірибені жасап көріңіз. Олардың илеуінен біраз қашы­ғырақ жерге он түйір дән әкеліп тастаңыз. Кезіп жүрген бір құмырсқаны ағашқа міндіріп, бәлкім басқа бір тәсілмен әйтеуір әлгі өзіңіз бақылап отырған дәнге әкеліп жіберіңіз. Құмырсқа дәндерді бір-бір иіскеп шығады. Сосын бұл олжаны хабарлау үшін илеуіне қарай тартады. Нағыз кереметті енді көресіз. Әлгі барлаушы құмырсқа өзінің тоғыз серігін ертіп қайта оралады. Өйткені, дән он түйір ғой. Құмырсқа ойлау білмесе, дәнді бірігіп тасып әкетуді қалай болжады? Сөйлеу білмесе, ол ойын серіктеріне қалай жеткізді? Бұл шексіз құдіретті ұлы Жаратушы жасап тұр. Ойы шектеулі ғылым бұл жерге араласа алмайды. Адамзат эволюциясының адасушылығын әлдеқашан мойындады. Егер құмырс­қалар әлдеқайдағы шіріген балдыр­лардан кездейсоқ пайда болса, олардың әрекеттері де мағынасыз болар еді. Кей илеулерде 20 миллионға дейін құмырсқа тіршілік ететінін ерінбегендер есептеп шығарған ғой. Бұл сан Қазақстан халқы­нан да көп. Сонша құмырсқа өзендей ағылып жатқанда өзді-өзі шекісіп, негізгі мақсат жолынан тайқып кетпейді. Олар негізінен азық дайындаумен айналысады, егін егетін құмырсқалар да бар. Яғни, өздеріне қажетті азықты өсіреді. Оларды зиянды микробтардан тазарту үшін қышқыл сөлдерін шашады. Бұл кәдімгі дәрігерлік дезинфекциялауға ұқсайды. Жалпы, олар жауларына өте қатал. Миллиондап жабылғанда ірі денелерді де жүндей түтеді. Адам 250 келі жүкті арқалап бір шақырым қашықтыққа екі жарым минутта жете ала ма? Жетеді, тек ертегілерде ғана. Ал құмырсқаның шын мәнінде өзінен сонша ауыр затты көтеріп, дәл солай жортуын жоғарыдағы өлшем­мен салыстыруға сыяды. Қазақта мақал-мәтелдердің асқан ғылыми астары бар. «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейді атамыз. «Құмырсқа әліңді біл» демейді. Олардың тек өз тәртібімен, өз жолымен жүретіндігін қазекем қалай жаңылмай айтады.
Қолыңды әкел, құмырсқа. Мен сенің құдіретіңді үйренейін. Сұлу еңбекпен, асыл ақыл-оймен күн кешейін. Ешкімді күн­демейін, алдамайын, жүрегімнің қалауын ғана жасап, әр қазақтың бақытты шаңы­рағына бақан болайын. Аста-төк дүниеге қызықпайын, тапқанымды үнемдеп, жетімді жебейін, мұқтаждың мұңын қақ ортадан бөлейін. Ауырдың астымен, адалдың үстімен жүрейін. Құдіретіңе қол бердім [3.].
Ал ғалым Юсуф Изз ад-Диннің зерттеулеріне қарағанда, құмырсқалар өздерінен анағұрлым шағын жәндіктерді «қолдарына үйретіп», олардан пайдалы қорек жинайды екен. Сөзіміз нақтырақ болу үшін, өсімдіктің шырынымен қоректенетін кәдімгі зиянкес бітені олардың өз шаруаларына қалай пайдаланатындарына тоқталып өтсек. Аталған өсімдік бітесі ерте көк­темде кейбір өсімдіктер жапырағына ұрығын қалдырады. Есіңізге түсірер болсаңыз, кей жапырақтарда ақ нүктелер сияқты бір тіршілік иелері тізіліп отырар еді ғой? Сәл-пәл күн жылысымен ол ұрық­тар шіркей іспеттес өсімдік біте­сіне айналады да өзі отырған жапырақты кеулеп жей бастайды.
Құмырсқалар жасағы міне, дәл осы жерде өздеріне де, өсімдіктер дүниесіне де пайдалы әрекеттеріне алдын ала кірісетін көрінеді. Олар көктем басталысымен топ-тобымен «жорыққа» шығып, жапырақтарға жабысқан әлгі біте ұрықтарын, яғни жұмыртқаларды жинай бастайды. Тасып әкеп, қауымдастығы әзірлеген арнайы орындарға жайғастырып, оларды баптай күтіп, жұмыртқа бастыруға кірісетін көрінеді. Сәл уақыттан кейін құмырс-қалар қауымдастығы әлгі жұмыртқаларды жарып шыққан бітелерді де «жемдеп», қоректен­дірумен әуре болысады. Нәтижесін­де, көп өтпей-ақ, өсімдік бітесі өз бойынан балға ұқсас тәтті бір сұйық бөле бастайтын көрінеді. Бұл - құмырсқалар үшін таптырмас құнарлы тамақ.
Ойлап қарасаңыз, құмырсқалар осы бір ғана әрекеттері арқылы өсімдіктер әлемін, яғни жапырақтарды олардың қас-дұшпаны - өсімдік бітесінен қорғап қалады екен. Ал ондай біте-шіркей сіздің бақшаңызда жайқалып тұрған көкөністеріңізге де түсуі мүмкін ғой. Екін­шіден, бітелерді сауынды сиыр сияқты «сауа» отырып, құмырсқалар олардың да әйтеуір бір пайдасы бар тіршілік иесіне айналуына өз септігін тигізетін боп шықты. Әрі өз­дері де пайдалы тамаққа кенеледі. Осыдан кейін «құмырсқа дегенің пайдасы жоқ, кездейсоқ бір жаратылған жәндік қой» деп өзеуреген­дерге не деуге болады?! Құмырсқалар қасиеті осы айтылғандармен ғана шектелмейді.
Олардың жоғарыда біз санамалап өткен небір қасиеттерін еске ала отырып, кәдімгі, үйреншікті адам­зат қоғамындағы талай келеңсіз жайттар ойға оралды. «Үкімет бізге түк бермеді» дей отырып, өздері ұйқы мен бос әңгімеден, көздері телесериалдардан босамайтын замандастарымыздың қылық­тарын еңбекқор сол бір құмырсқалар қауымы білер ме екен?! Кісі ақысын жегенді өздеріне мықтылық деп санайтын, аз тер төгіп, мейлінше молынан қарпып қалғысы келетін, қоғамдағы әділетсіздіктің күшеюіне өз «үлесін» барынша қосып, өтірікті шындай етіп сапырып жүрген екі аяқты «қасқаларды», басқа қауым­дастық құмырсқасының жинаған бір дәніне де тимейтін осы бір бунақ-бунақ болған тіршілік өкілдері түстеп тани ма екен?! Даңғой мақтангершілікпен ас атаулыны шашып-төгіп жиын-той жасайтындар­дың қылықтарынан, «қамбасында­ғы» әр дәнегін қайта-қайта дегдітіп, кептіріп, ысырапқа жол бермеу үшін әлек болатын сол бір кішкентай жәндіктер әлемі хабардар ма екен?! Осылайша санамалай берсеңіз, толып жатыр... Білсе, таныса, хабардар болса..., құмырсқалар қауымы алдында қып-қызыл ұятқа қалдық-ау, шіркін, не керек! Жаратқанға мадақ айтып... «Бүкіл денесі бар болғаны екі үш бунақ пен бірнеше аяқтан тұратын бұл тіршілік иелерінің осыншама қасиеттер қай жерінде жасырулы» деген сауал жиі мазалайтын бізді. Сөйтсек...
Бізге белгілі және белгісіз қаншама ғаламдарды жаратып, оларды ғажайып бір биік үйлесіммен қозғалысқа келтіріп қойған Құдыретті Күш иесі, яғни Жаратушы Иеміз құмырс­қалар әлеміне де бар мейірін төгіп, оларға да өзіндік несібелерін шашып, қасиет беріп, тағдырларына араша түсіп, Әділеттіліктің ғажайып үлгісін көрсетуде екен. Мұхаммед салла Аллаһу әлейһи уәссаламның айтуынша, бұрынырақта келген пайғамбарлардың бірі ағаш түбінде демалып отырса, оны бір құмырсқа шағып алады. Әлгі пайғамбар өз заттарын ол жерден дереу алып шығып, құмырсқаның илеуін қасындағыларға өртеткен екен. Сонда Алладан: «Сені бір құмырсқа шаққаны үшін, Аллаға мадақ айтушы тұтас бір қауымдастықты өртеткенің қалай? Жазала­ғаныңа бір құмырсқа да жететін еді ғой?» деген хабар жеткен екен. Ой­лап қарасаңыз, Жаратқан Иенің қасиеттерін дәріптеп, мадақ айтулары арқылы, осы бір еңбекқор жәндіктер мынау жарық жалғанда «құмырсқа» деп менсінбестен, өздерін әдейілеп таптайтын талай-талай екі аяқтылардан биік дәрежеге ие болған екен-ау!
Қасиетті Құранда «Құмырсқалар» деген сүре бар. Оның 17-аятында Сүлеймен пайғамбардың жындар, адамдар және құстардан құралған әскерінің Құмырсқалар даласына кеп тоқтағандығы айтылады. Бұл аятта құмырсқалар алқабы Алла тарапынан құрметтеуге лайық қауымдастықтың мекені ретінде сипатталған. Одан кейінгі 18-аятта олардың бір аналық өкілі: «О, құмырсқалар! Сүлеймен және оның әскері, өздері де байқамастан, сендерді таптап кетпеуі үшін мекен­деріңе кіріңдер!» деп ескерткен екен. Бұл сөздерді естіген Сүлеймен әлейһи уәссалам бір жымиып алыпты. Себебі ол Алланың берген қасиеті арқылы құстар мен жәндіктердің тілін түсінетін.
Бұл аяттың түсіндірмесін жазған ғұламалардың айтуына қарағанда, әлгі құмырсқа белгілі бір қауымдастыққа қаратпа сөзбен қайрылып отыр. Және оларға төніп келе жатқан қауіп туралы жай ғана баяндамай, оның себебін, яғни құмырсқалардың өз табандары астында қалатындығын Сүлеймен әскерінің білмеуі де мүмкін екен­дігін қоса хабарлап үлгерген. Ойлап қарасаңыз, бар денесі қаламның ұшындай ғана болған осы бір шағын тіршілік иелеріне осыншама қасиет қайдан дарыған десеңізші! Әрине, Жаратушының шексіз Мейірімінен! Аса Қамқор Алла тағала қара түнде, қара тастың үстінде жылжып бара жатқан қара құмырсқаны да көре алатынын айта отырып, қасиетті Құранда Өзінің айрықша қасиеттерін түсіндірді емес пе! Шынайы хадистердің бірінде былайша баяндалады. Пайғамбарлардың бірі қасына серіктерін ертіп, жауын сұрамаққа далаға шыққан екен. Жолда олар аяқтарын аспанға беріп, шалқалап жатқан күйі Алладан жалбарына жауын сұраған құмырсқаға кезігеді. Сонда әлгі пайғамбар: «Кері қайтыңдар. Өзге тіршілік иелерінің жаңбыр сұраған дұғалары сендер үшін де жеткілікті болады!» - деген екен.
Демек, сіз бен біздің тіршілігіміздің қолайлы да мәнді болуына тілек қосып жүргендер саны жетерлік-ақ! Тек соны біз сезе білсек қой! Жаратылыстағы осы бір мәңгілік үйлесімнің салтанат құрып тұруы Жаратушының айрықша Қамқорлығына мегзейтіні ақиқат!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру