Ќ±мырсќалар ќ±діреті



бет6/14
Дата06.08.2022
өлшемі213 Kb.
#278232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
кумырска гылыми жоба
8 сынып СОР 1-нұсқа
Жыртқыш құмырсқалар.
Енді ең жойқын, ең жыртқыш, ең қауіпті құмырсқалар қауымына кезек берсек. Африканың ит тұмсығы батпайтын ну ормандарында қаптаған құмырсқа өмір сүреді. Құжынаған бұл көшпелі қауым араға 23 күн салып, бір орыннан екінші мекенге ұдайы көшіп-қонып өмір сүреді. Әрбір қауымда анау-мынау емес, 20 миллион құмырсқа тұрақты түрде еңбек етіп, тіршілік кешеді. Олардың саны Қазақстан ел-жұртынан үш миллионға көп деген сөз. Бұл жәндіктерді «эволюциялық жолмен өсіп-өніп, балшықтағы былжыраған балдырдан өніп шығып, дами келе осындай құдіретті жағдайға жетті» деп есі дұрыс адам айта алмас, сірә. Асып туған атеист ғалымдардың өзі бұлардың жынысы мен дене құрылымын көргенде еріксіз ойланар еді. Себебі мұншама көп құмырсқаны туып, өмірге әкеліп отыратын аналық құмырсқа бүкіл қауымда жалғыз болады. Яғни 20 млн-ға бір ғана шеше. Оның үлкендігі – 5 см. Ол – қауымдағы, қала берді Жер планетасындағы ең үлкен құмырсқа. Ол – империяның анасы, патшасы, ханшасы, егесі, құдіретті қожайыны. Бұл империяда әлеуметтік дәрежесі жағынан екінші сатыда солдат құмырсқалар тұрады. Құжынаған қауым ары-бері көшкенде жол қауіпсіздігіне жауап беретіндер – дәл осы сайыпқыран сарбаздар. Олардың ірілігі шамамен бір сантиметр, басқа апа-сіңлілерімен салыстырғанда ірі һәм мығым жаратылған. Апа-сіңлі дейтіні – бұлар түгелге жуық ұрғашы жынысты. Бірақ бәрі бірдей бала таппайтын бедеу. Аса зор денелі анасынан басқасына құрсақ көтеріп, ұрпақ жалғастыруға Ұлық Алла тарапынан рұқсат жоқ. Қатал тәртіппен өмір сүретін бұл қауымда әлеуметтік мәртебесі жағынан үшінші орында тұрғандар – жұмысшылар. Олар тамақ іздеп, ас-ауқат тасумен ғана қарбалас болып жүгіріп жүреді. Жұмысшы құмырсқа дене жаратылысы жағынан солдаттардың белінен ғана келеді. Бұлар шағын денелі болғандықтан қара жұмысқа өте бейім, сондықтан жер қазып, жол салғанда, жолда кездескен жәндіктерді жұлмалағанда өте жойқын әрі батыл қимылдайды. Олардың жолында кездейсоқ кездесіп қалған жәндікке аман-есен құтылып шығу деген қиял ғана. Себебі бір ғана құмырсқа етегіне жармасса, ең ірі деген жәндіктің өзі сол арада арпалысып, амалсыз жан тапсыруға мәжбүр. Қатты қанаты бар қара қоңыздың өзі сәл кешіксе аспанға ұшып үлгермейді. Көзді ашып-жұмғанша тамақ табылған жерге жүз мың құмырсқа қаптап кетеді. Жүздеген құмырсқа жармасқан жерінен тістеп, жан-жаққа тартқылағанда шегіртке, қоңыз, ұлу, дәуіт, көбелек, бұзаубас, шаян секілді жәндіктерің тірідей парша-паршасы шығып, түтіліп, сол заматта шашылып кетеді. Үлкен талдың қуыстарына ұя салып, жұмыртқа туып, балапан басып отырған құстардың өзі ошарыла көшіп келе жатқан бұл қауымды көргенде Құдайына сыйынып, зәрелері қалмай қалтырап, әрең отырады. Алда-жалда барлаушы құмырсқалар құстың ұясын тауып алып, ішіне баса көктеп кірер болса, бұл құстар үшін бос кеткен қаралы жыл болып саналады. Себебі санаулы сағаттан соң ауыр азаппен толғатып жүріп туып алған жұмыртқадан да, балапаннан да ешқандай белгі қалмайды.
Көшпелі армияның ең алдында «барлаушылар» болады. Олар жол кезіп, алдағы күндері көшіп баратын жердің жер-су жағдайын зерттеп қайтады. Ең қызығы, бұл құмырсқаның бәрі түгелдей соқыр. Оларда көз деген атымен болмайды. Есесіне қазандай басы бар. Бірақ бұл бастың ішінде 1 миллиграмм да ми жоқ. Басының іші айқыш-ұйқыш тартылған қатты сымдай, ары-бері керілген бұлшық еттер. Сым арқандай тартылып тұрған бұлшық еттің себебінен олардың жақ сүйегі тістеген жерін айырып, жұлып түсетін күшті болады. Ін қазып, топырақ тасығанда бір қауым құмырсқа бір тәулікте 36 кг кесекті қидалап, сыртқа шығарып тастайды. Бұлар соқыр болса, баста ми болмаса, құлақ туралы айтпай-ақ қойсақ та болады. Сонда бұл 20 млн тайпалас бірін-бірі қалай тауып, қалай келісіп жұмыс жасайды? Бір қарағанда мұншама көп санды құмырсқа қопарылып көшкенде жолдан адасып, шатасып, бірін-бірі таптап, майдаларын мыжып кетуі тиіс еді. Алайда Ұлық Алла оларға ерекше ғылым берген. 20 млн құмырсқа өзен құсап жөңкілгенде, әркім өзіне тиісті жұмысты қатесіз атқарып тұрады. Әсіресе көш қозғалып, жылдам жүріп жатқанда сарбаздар канал секілді қазылған шұңқыр жолдың екі шетінде кірпік қақпай күзетіп тұрады. Қара ниет құстар төбеден ұшып келіп ешкімді іліп кетпеуі тиіс. Ал ортада бала бағушылар мен жұмысшылар құндақталған бөпелерін және жол бойы қаужап отыратын ас-ауқатты төкпей-шашпай тасып өтуі керек. Егер олжалаған жем, құрт, шаян, қоңыздары көлемді, ірі, ауыр болса, бірнешеуі жабылып көтереді. Шаршағанын сол заматта тың біреуі ауыстыра қояды. Бұлар 23 күннің ішінде жаңа жерге көшіп барып, жайғасып алуы тиіс. Өйтпесе жаңадан туылып, «империяның» қуатын арттырғалы тұрған «бесіктегі» 4 млн ұрпақ аштан қырылады. Жуық арада жайғаса қоятын үлкен үңгір, не болмаса қурап құлаған ағаштың құрғақ қуысы кездеспесе де ешқайсысы абдырап саспайды. Ешкім басқарып, айғайлап, бұйырып тұрмаса да құжынаған қыйсапсыз құмырсқа ғажайып бір ғылымның күшімен ауызындағы тістеуік қысқашы арқылы бір-біріне ілініп, жалғанып, тоқыла бастайды. Екі сағаттың шамасында аспанда люстра секілді салбыраған таңғажайып үй пайда болады. Бұл аспалы үйдің ішінде әрбір бала бағатын құмырсқаға арналған камера бар. Ең үлкен рақат бөлме – патшайымдікі. Ол ең жылы, ең қауіпсіз, ең кең, ең жайлы камерада түнеп шығады. Барлық камера, бөлме жалғыз ғана дәлізбен байланысып жатыр. Еш жерде аспалы үй соғудың оқуын оқымаған, су қараңғы соқыр, ұрғашы жыныстан ғана жаратылған, түгелдей мылқау, саңырау бір қарағанда ішіп-жеп, қарын тойдырудан басқаны білмеуге тиіс жабайы жәндіктер қандай Құдіреттің күшімен осыншама ақылға сыймас күрделі жұмысты атқарып кете алады? Бұл да әлі онша емес. Бұл жылжымалы империя мекен ауыстырып көшкенде кішігірім өзен-көлшік оларға кәдімгідей кедергі болады. Әрине, ол су адам үшін түк те емес. Тік жүретін екі аяқтылар ондай судан оп-оңай аттап өте салады. Ал құмырсқа үшін ол су өткел бермес нағыз дария, түбі жоқ терең теңіз десе де болады. Алайда ақылды жәндіктер оны да Ұлық Алланың Құдірет күшімен өте шебер шешеді. Жөңкіліп келе жатқан қалың қауым суға тірелгенде, алдыңғы қатарға соқталдай сарбаздар суырылып шыға бастайды. Әне-міне дегенше олар ауыздарына бір-бір жапырақтан тістеп алып, су бетіне тастай береді. Тағы да бір-бірінің қолынан, аяғынан, мұртынан қысқаштарымен тістей байланысып, су бетінде қалқып тұратын көпір жасайды. Дем арасында екі құрылықты жалғап тұрған ғажайып көпір де дайын болады. Жапыраққа табан тіреген солдаттар ортасы ойық, керемет сәнді көпір тоқып шығады. Империяның барлық мүшесі түгел өтіп болғанша бұл «тірі көпір» мызғымастан тұра береді. Қауымның ең соңғы мүшесі аман-есен өтіп болысымен «тірі көпір» тез-тез ағытылып, бір-бірінен ажырап, қайтадан сап түзеп, кете береді. Құмырсқалар империясында ең статусы төмені – бала бағушылар. Олар таңның атысы, күннің батысы аналық патшаның жатырынан тоқтаусыз туылып жатқан шақалақ тұқымдарды мәпелеп, аялап, жылы орынға жайғастырумен әуре. Ұлық патшайым ұзынынан созыла жатып, бала туумен ғана айналысады. Күтушілер оның ауызына тамақ тосып, тапқан таянғанын Ұлы ананың таңдайына тамызудан жалықпайды. Осы арада заңды бір сұрақ туады. Қауымда құжынаған құмырсқаның бәрі түгелдей ұрғашы болса, аналық патшамыз еркек жынысты құмырсқасыз қалайша ұрықтанып, ұрпақ шашады? Бұл да Құдай құдіретімен ғана іске асатын ғажайып құбылыс. Аналық патшамыз нәпсісі оянып, зауқы артып, ұрықтанып, ұрпақ шашқысы келсе, тұла бойынан еркек құмырсқаны еліттіріп қоятын жұпар иіс шығарады. Орманға тарай бастаған бұл иістің молекуласы өте аз. Бір текшеметр ауада ары кеткенде бес-ақ молекула ұшып жүреді. Бірақ осының өзі джунглидің екінші бір алқабында аналықты «аңсап» жатқан еркек құмырсқаның нәпсісін оятуға жетіп жатыр. Аталық құмырсқа да дәл аналығы секілді өте көлемді, бірақ арқасында ұшуға жарамайтын, тек «сән» үшін ғана жаратылған үлкен төрт қанаты бар. Хош иісті қуалап отырып, «күйеу бала» өзін «сағынып» жатқан патшайымға да келіп жетеді. Бірақ күзетшілер оны бірден ішке кіргізе салмайды. Әуелі оның тұла бойын жақсылап тінтіп тексереді. Қауіпті ештеңе жоғына көзі әбден жеткенше бірнеше мәрте денесін иіскелеп, сүзіп шығады. Алыстан арнайы іздеп келген «күйеу бала» не болмаса болашақ құмырсқалар әкесінің қандай да бір қылығы не болмаса басқа бір қимылы ұнамай қалса, күзетшілер оны табан астында талап, турап, қидалап, өлтіріп тастайды. Тексеру аяқталғанша «күйеу бала» тырп етпей қимылсыз тұруға міндетті. Тінту біткен соң, оның қанатының бәрін тістеп, қиып алып тастайды. Содан кейін ғана ол патшайым жатқан жатын бөлмеге жол тартады. Бірақ күйеу бала неке «қызығын» ұзақ көріп, рахаттана алмайды. Себебі ұрықтану процесі бітісімен сол жерде ажал тауып, жарық дүниемен хош айтысады. Осы болар болмас ұрықтану процесінің өзі аналықты толық қанағаттандырады. Бұдан соң қауымдағы жалғыз Ұлы ана айына екі миллион құмырсқаны қиналмай туа алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру