Ќ±мырсќалар ќ±діреті



бет5/14
Дата06.08.2022
өлшемі213 Kb.
#278232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
кумырска гылыми жоба
8 сынып СОР 1-нұсқа
Егінші құмырсқалар.
Енді егінші құмырсқалар қауымының қызығына қанығалық. «Агроном» құмырсқалар құрамында калориясы өте жоғары белогы бар саңырауқұлақтың тұтас бір плантациясын ұстайды. Бұл егінді өсіру үшін құмырсақалар ең бірінші талдың жапырағын турап, кесіп, бөлшектеп үйлеріне тасып алады. Бірақ жапырақты жемейді. Олардың асқазаны саңырауқұлақ жегенде ғана жұбанады. Сондықтан жер асты мекендерінде саңырауқұлақ плантациялары міндетті түрде жайқалып тұруы керек. Құдай сақтасын, алда-жалда жер астында жұт болып, егін шықпай қалса, барлық қауым үрім-бұтақ, зәузәт-жұрағатымен аштан қатады. Саңырауқұлақ өсетін құнарлы топырақты қолға түсіру оңай емес. Оның құнары мен құрамын реттеу үшін талдың төбесіне шығып, бұтақ, сабақтың арасында жүгіріп жүріп, жасыл жапырақты қырқып, төменге тасып алады. Жұмысшылар жағы талғанша жапырақ қидалап, турап, шайнап, майдалаған соң оларды өздерінің қи-нәжісіне араластырып илейді. Тыңайтқыштың иі қанған соң оған егін еге беруге болады. Әдетте бір жерге бидай, күріш, қауын, қарбыз қайта-қайта егіле берсе, топырақ эрозияға ұшырап, құнары құриды. Мұнда да дәл солай. Сол үшін жасыл плантацияны үнемі жаңартып отыруға тура келеді. Жаңа мекендегі плантацияның топырағы әбден дайын болғанда күллі қауымды басқарып отырған аналық құмырсқа саңырауқұлақтың тұқымын ұртына салып алып, шалқар көшті бастап, жер үстіне шығады. Көш көлікті болып, діттеген жерге келген соң, жаңа үйдегі жас плантацияға жас тұқым себіледі. Осылайша егіннің жаңа маусымы басталады. Бірақ мұнымен шаруа бітпейді. Еккен егінді зиянкестерден сақтап, қорғау керек. Әдетте кез-келген қолда өсетін егіннің өнімі оның даладағы жабайы түрінің өніміне қарағанда әлдеқайда көп болады. Есесіне жабайы егіннің жаулары аз болады да, керісінше қолда өсетін егінге құрт-құмырсқа, зиянкес, бактерия үйір болады. Адамдар өздерін бес мың жылдық өркениет тарихында егінін зиянкестен сақтау үшін неше түрлі айла-тәсіл ойлап тапты. Қазір де егінге арнайы дәрі шашып, күтіп отырмасаң күз келгенде банкрот болып, топырақтан картошка емес, қоңыз теріп кетуің демде. Ендеше арнайы егін егіп қана күн көретін құмырсқа зиянкестен қалай сақтанады? Таң қалатын түгі де жоқ. Олар егінін адамнан артық қориды. Әдетте саңырауқұлақтың қас жауы – аскомицетті паразиттер. Бұлар жайқалып тұрған плантацияға түсетін болса, аз ғана уақыт ішінде ас-ауқатты көгертіп, шірітіп, бұзып, айнытып жібереді. Бірақ құмырсқа да қарап жатпайды. Олар егіс алқабын ары-бері кезіп, жалқауланбай жіті бақылап, жүгіріп жүреді. Жылт еткен паразит тұқымын байқай қалса, сол арада шапшаң шара қолданып, «оңбағанның» тұқымын тұздай құртады. Американдық ғалымдар ерен еңбекпен осы құмырсқалардың зиянды паразитке қарсы қолданатын дәрісін зерттеп тапты. Жер астындағы супер агрономдар асқан ұқыптылықпен жасалған өте күшті антибиотикті пайдаланады. Ең қызығы, бұл дәрі зиянды паразитті ғана өлтіреді, ал саңырауқұлақ көшетіне еш залалы жоқ. Аналық құмырсқа плантация ауыстырып көшкен кезде дәрінің бактерияларын ауызға салып, тастамай алып жүретін болды. Әлбетте көптеген паразит улы дәріге үйреніп алған соң оған екінші мәрте уланып өлмейтін өнер ойлап табады. Бірақ құмырсқа да дәрісін жаңалап, жетілдіріп, құрамын ауыстырып, ата жауына сайланып дайын отырады. Әрбір қауым пайдалы бактерияның бірнеше түрін дайындап, қорда ұстайды. Зиянды паразит бірінші дәріге өлмей қалып, ары қарай егінді қиратып бара жатса, екінші түрін дереу қарсы қолдана қояды.
Қыстан шыққанда ешкімнің де жағдайы мәз болмайды. Бұл енді жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Күн әлі салқын, жаңбыр тоқтамаған, тамақ азайған, қуат кеміген, қарттары қалжыраған, орта буын әлсіреген деген секілді. Үйлері жер астында болған соң сіресіп жатқан суық тоң бұларды тоңдырмай қоймайды. Тоң жібігенше жылыну керек-ақ. Күн тас төбеге шығып, әбден қызғанда құмырсқалар жаппай далаға шығып, күн ваннасын қабылдайды. Әп-сәтте құмырсқа денесі 10-15 градусқа жылынып шыға келеді. Мыңдаған жәндік бір уақытта есік алдында қыздырынып, ішке қайта кіргенде жер асты мекені кәдімгідей жылынып, рақат болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру