2. 2 Құмырсқаның илеуі және оның емдік қасиеті
«Құмырсқаның бірлігі мен тірлігін берсін» дейді халық даналығы. Құмырсқа илеуі, екінші сөзбен айтқанда топтасқан құмырсқалар ұясы әдетте топырақтан, қылқан жапырақтан жасалады. Ол құмырсқалардың тамақ қалдықтарымен шымдалады. Оның құрамында сілекейлі у көп. Бір-біріне жабысып, жымдасқан құмырсқа илеуін кез келген долы жел, қар суыратын дауыл да ұшыра алмайды. Ертеректе аңшылар қарасуық жаңбырлы күз бен қақаған қыста құрған қақпандарының шаппай қалмауы үшін айналасын құмырсқаның илеуімен көмкеріп тастаған. Өйткені, илеу қандай суықта да қатпайды, қақпанның қандауызын қатырмайды. Сонымен қатар ол аң атаулыға темірдің иісін сездірмейді екен. Құмырсқаның илеуі халық емінде жан-жақты қолданылады. Құмырсқалар өз илеуін ағаш-тың,түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады.Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы (көл-беу),солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді.
Құмырсқаның илеуі буын ауруына шалдыққандарға бірден-бір ем. Ол буынға жиналған сары суды сорып алады. Илеу қақаған суықтың өзінде де бірқалыпты жылылығын сақтайды. Қыста үсік шалған адамның аяқ-қолын илеумен ысқыласа, онда екінші рет үсімейтіндей төзімділік пайда болады. Ара, шыбын-шіркей шаққан жер асқынып, жараға айналса илеуді сулап немесе маймен жұмсартып, жарақатқа таңып тастайды. Мұндай әдісті құяңға, буындарға тұз жиналған жағдайда да қолданады. Илеуді өкшеге тұз жиналғанда қара бидайдың ұны мен шикі жұмыртқаның сары уызы, қара тұз, жылқының немесе өсімдік майымен араластырып тартқан тиімді. Құмырсқаның уын өкпе, құрт ауруларына пайдалануға болады. Алайда, бұл айтылған тәсілдердің бәрін халық емшілерінің ұсыныс-кеңесі бойынша белгілі мөлшерде қолдану қажет. Өз бетінше әрекет ету қауіпті, әрине.
Кезінде Комб дейтін француз әйелі ғажап тәжірибе жасапты. Ол құмырсқаның илеуіне жанып тұрған шырақты қойған екен. Құмырсқалар сілекейін шашып, шамды бір минуттың ішінде сөндіріп үлгеріпті... Осының бәрі қоғамшыл жәндіктің бойындағы ұйымшылдық, емдік қасиеттерін білдіргендей. Оның әлі де ашылмаған, анықталмаған құпия сырлары жетерлік. Ең бастысы, адамзат баласы кішкентай ғана құмырсқаның бірлігі мен тірлігінен үлгі алса ғой, шіркін! [4, 3].
Көктем қылт етіп, күн жылынғалы қара құмырсқа інінен шығып, қауырт жұмысына қызу кірісіп кетті. Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы көп. Тынымсыз осы бір жәндіктің де неше түрлі ауруға таптырмас ем екенін көбіміз біле бермейміз. Ұзындығы бар-жоғы 13 милиметр болатын, жылтыр қара, кіп-кішкентай ғана қос мүйізі бар қара құмырсқаның еркегі үлкен, ұрғашысы кішірек болып келеді. Осы құмырсқаның бойында адам денсаулығына аса пайдалы «у» болады. Оның илеуі де ем болады екен.
Балалардың алқым безінің жұқпалы ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен керегінше алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.
Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын (сабағының өзегінде болатын құрт) қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады.
Аяққа жара шыққанда кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады.
Балтыр сыздағанда оның илеуіне аяғын салып отырып, ем қабылдауға болады. Сол кезде адамның бойындағы ауруды құмырсқа өзіне тартып алатын көрінеді. Олардың денесінде 70-тен астам амин қышқылы, дәрумендер бар. Қазіргі кезде Қытайда одан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Дәрілердің буын аурулары мен қант диабетін емдеуге, қан қысымын реттеуге әсері зор. Кішкентай ғана тіршілік иелері жұқпалы аурулармен ауырмайды, пайдалы болатыны сондықтан. Егер балаңыздың алқым безі жұқпалы ісінуге ұшыраса немесе басқа да ісіктердің алдын алғыңыз келсе, онда таңертең ерте тұрып, құмырсқа илеуінен керегінше алыңыз. Оны қайнатып, суыған соң шүберекке орап, ісінген жерге таңасыз. Мұндай ем түрін жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін, аяғыңызға жара шығып, мазаны алғанда да қолдануға әбден болады. Оның уы адамға қауіпті аурулардың көпшілігінен жаза алады. Құмырсқаның уы сүзек-тің, обаның, туберкулездің бацилларын оп-оңай құртатыны байқалған. Құмырсқаның уын ғалымда иридомирмецин деп атайды.
Құмырсқалар топтанып өмір сүреді. Олардың өмір сүретін ортасын, яғни илеуді бұзуға болмайды. Халқымызда осындай ырым бар. Және де бір тәуліктің ішінде илеудегілер он мыңнан отыз мыңға дейін зиянды жәндіктерді жоятын көрінеді. Егістігіңіз болса, бұл – таптырмас көмек. Кейінгі кезде құмырсқа жейтін халықтардың да барын көріп жүрміз. Мысалы, Азияның оңтүстігінде тұратындар мен мексикалықтар сөйтеді. Бұл елдерде құмырсқадан арнайы тағам да әзірленеді.
Құмырсқа жайлы қызық деректер өте көп. Күнделікті өмірде өзінен екі есе дәнді арқалайды да жүреді, тыным таппайды, өте бейнеткеш. Сезім мүшелері қатты дамыған. Егер жерде он дән жатса, оны көрген құмырсқа өзімен бірге тағы он серігін ерте келеді екен. Неге он дейсіз ғой? Себебі дән де он емес пе?! Топта «жауынгерлер» және «жұмысшылар» болады. Аналық тұрғыда қабілетсіздері илеудегі жұмыстарды атқаратын көрінеді. Соңғы кезде құмырсқаның сөйлейтіндігі жөнінде де айтылып қалып жүр. Бұл олардың да өз тілі барын көрсетсе керек [5, 4].
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с) мынадай хадисі бар: «Шындығында, Алла Тағала, оның періштелері, көк пен жердің мекендеушілері, тіпті өз илеуіндегі құмырсқа мен балықтардың өзі адамдарға жақсылық үйретушілерге игілік тілейді.». Қарап отырсақ, бұл хадис жер бетінде адамға жақсылық үйретуден артық қызмет жоқ екендігін айғақтайды. Алла мен оның періштелері, бүкіл жаратылыстар сәлем жолдап жатса, адамға одан артық нендей бақыт керек?! Ал адамдарға жақсылық үйретудің ресми ошақтарына бала-бақшалар, мектептер мен медреселер, институттар мен университеттер жатады десек, бұл сүйіншінің мұғалімдер мен оқытушыларға да қатысы бар. Ал отбасында ата-ана бала-шағасына жақсылық үйретсе, олар да осы бақыттан өз үлестерін алады. Тағы бір хадисте былай делінген: «Қиямет күні Алла Тағала ғалымдарды жинап, оларға былай дейді: Мен сендердің көкейлеріңе ғылым мен хикметті сендерді азаптау үшін салған жоқпын. Кәне, енді жұмаққа кіріңдер!». Бұдан артық қандай сүйінші болуы мүмкін?! Олай болса, адамдарды жақсылыққа қарай жетелеу үшін барша мұғалімдер мен ғалымдар қажыр-қайратын аямағаны дұрыс.
Бел ауырғанда Құмырсқаның илеуі салынған ыстық ваннаға түскен дұрыс. Екінші күні қозғалмай демалған жөн.
Құмырсқаның илеуін «әулие» санап, басына түнеп те жүрген. Мысалы көзін шел басқан адамдар құмырсқаның илеуі бар жерді іздеп тауып, оларға жем беріп, басына түнейтін болған. Кейде содан көздегі жұқа шел «көшіпті» деседі. Қазіргі химия ғылымында «құмырсқа қышқылы» деген термин бар. Жаңағы көздегі шелді сол қышқыл «жеуі» мүмкін деген ғылыми жорамалды да естиміз. Демек, халықтың қарапайым ұғымының да шамалы болса да ғылыми негізі бар.
Олардың көмегімен ревматизмді емдеуге болады. Ол үшін бір уыс құмырсқаны дәкеге орайды да ауырған жерге басады. Құмырсқалар денені шағып қызартқан соң дәкені алып тастайды. Осы әдісті бір ай бойы қайталасаңыз көп ұзамай ревматизмнен айығасыз.
Достарыңызбен бөлісу: |