Ӛмірбекова Әлия Ӛмірбекқызы философия ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата19.11.2021
өлшемі422.56 Kb.
1   2   3   4   5   6
1.  Шаруашылық мәдени типологиясы

2.  Әлеуметтік типологиясы

3.  Діни дүниетанымдық типологиясы; 

4.  Көркем өнер типологиясы. 

     Шаруашылық-мәдени  тип  ұғымы  мәдениеттанудағы  хронотоп  түсінігіне 

жақын,  ол  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  бір  деңгейінде  тұрған 

қауымдастықтардың  ұқсас  табиғи  ортадағы  тарихи  қалыптасқан  біртектес 

шаруашылық пен мәдениет жүйесін бейнелейді. 



     Қазақстан  территориясы  адамзаттың  ертедегі  дәуірлерінен,  дәлірек 

айтқанда «біздің» заманымызға  дейінгі мыңжылдықтың басынан бастап ХХ 

ғасырға  дейін  еуразиялық  номадизмнің  эпицентрі  болып  қызмет  етіп  келді. 

Мұндағы  «Еуразия»  деп  аталатын  шартты  тарихи-географиялық  термин  – 

Орталық  Азияның  негізгі  территориясы,  оның  ядросы  Карпаттан  Алтайға 

дейін созылып жатқан Ұлы дала деп аталатын кеңістік. Адамзат баласының 

тарихындағы  ең  ұзақ  жасаған  (үш  мың  жыл)  әлеуметтік  тарихи 

формацияның,  «атты  кӛшпелі  ӛркениеттің»  [М.Әуезов,  С.Ақатай]  немесе 

«далалық  ӛркениеттің»  [А.Қасымжанов]  ӛн  бойында  осы  территорияны 

мекендеген кӛшпелі этностардың үздік жетістіктерін  бойына сіңіре отырып, 

ӛзіндік  кӛшпелі  шаруашылық-мәдени  дәстүрін  сақтап  қалған  бірден-бір 

халықтардың  бірі  –  қазақтар.  Сондықтан  да  олардың  дәстүрлі 

этномәдениетінің  негізгі  архетипі  –  кӛшпенділік.  Еуропалық  әдебиетте 

кӛшпенділерді  мәдениеттен  жұрдай  «варварларға»  теңеп,  бау-бақшаны 

жалмап жеп қоятын шегірткелермен салыстырса, ал кейбір авторлар олардың 

адамзаттық  тарихтағы  алатын  орнын  ерекше  бағалайды.  Мысалы, 

кӛшпенділер  –  кеңістіктегі  «мәдени  катализаторлар»  [А.Вебер],  «тарихтың 

дырау  қамшысы»  [В.О.Ключевский],  «тарихи  қажеттіліктің  арбакештері» 

[А.Сейдімбек],  «тарихтың  ӛн  бойында  қозғалатын  ферменттер,    тарихи 

қозғалыс  пен  дамудың  органдары  мен  құралдары»  [Г.Гачев]  [11,  106  б.].     

Мобильді  ӛмір  сүру  тәртібінің  нәтижесінде  кӛшпенділер  құрлықтың  алып 

кеңістіктерін  –  Еуразияның  далалы  аймақтары  мен  Орта  Азияның, 

Арабияның,  Солтүстік  Африканың  шӛлді  аймақтарынан  бастап,  азиялық 

және  америкалық  тундраның  қиыр  солтүстіктеріне  дейінгі  жерлерді  игерді. 

Кӛшпелі  тайпалардың  ӛте  кең  амплитудасымен  соған  сәйкес  олардың 

мәдениетінің  таралуы  Еуропа,  Азия,  Африка  және  Америка  халықтарының 

қалыптасуына  ықпалын  тигізді.  Үндіеуропалық,  алтайлық,  афроазиялық  тіл 

семьяларының  қалыптасуы  кӛшпенділердің  құрғақ  зоналар  кеңістігінде 

қоңыс аудуаруларымен тікелей байланысты. 

     Осы  уақытқа  дейін  кӛшпелі  ӛмір  салттың  пайда  болған  Отаны  туралы 

ғылымда бір пәтуаға келген тұжырым жоқ. Бұл ретте ғалымдардың бір тобы 

кӛшпенділердің отанын Алтай маңы деп есептеп, мұндай ӛмір-салт негізінен 

батысқа  қарай  жайылды,  шығысында  іргелес  жатқан  моңғолдар  мен 

шүршіттерді  (Маньчжурия)  ғана  шарпыды  дейді.  Тарихшы  ғалымдардың 

келесі бір тобы кӛшпелі ӛмір салты батыстан шығысқа қарай жайылды деген 

пікірді орнықтырғысы келеді. Бұлардың ойынша, дамудың бір саты жоғары 

үлгісі  болып  табылатын  кӛшпенділік  байырғы  үндіеуропалықтардың 

«мәдени  тегеурінің»  нәтижесі  кӛрінеді,  оған  дәлел  ретінде  «түрік» 

этнонимінің  шығу  тӛркіні  иран  тілінен    («тур»)  ауысқан  деген  болжамды 

ұсынады.  Әлемдегі  ең  ірі  Еуразия  құрлығындағы  Хинган  мен  Карпат 

тауларының аралығын алып жатқан Ұлы дала кеңістігі табиғи географиялық 

бітім қасиеті жағынан аз күш жұмсап, мол ӛнім алуға қол жеткізетін кӛшпелі 

ӛмір  салттың  кіндік  мекені  даусыз.  Мұны  табиғатпен  тіл  табыса  орныққан 

тамаша  салт-дәстүрлерімен  де  дәлелдейді.  Мысалы,  қазіргі  қазақтардың 

отырықшылыққа  ӛтуімен  экономикалық  ӛмірі  ӛзгергенімен  А.Қасабектің 



айтуынша, «халықтың психологиясы бұрыңғы әдетінше байтақ кең далаға ӛз 

меңшігіндей қарайды, және бұл түсінік қазақ рухының мәні мен ӛзегі болып 

табылады»  [12,  30-34  бб.].    Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  ұрпақтар  арасында 

сақталып келген тарихи-мирастық сабақтастық (диахронды вертикалды) осы 

ӛмір  сүру  үрдісінің  (кӛшпенділіктің)  автохондығы  мен  гомогендігін 

растайды. 

Дәстүр» және «жаңашылдық» мәселесі ғылымда маңызды мәселелердің 

бірі  болып  саналады.  Сонымен  қатар,  бұл    мәселе  қазақ  халық 

философиясында  да  үлкен  даналықпен  шешімін  тапқанын  білеміз.  Ол 

қазақтың "Әдеттің озығы да бар, тозығы да бар" деген қанатты сӛзі. Ендеше 

қазіргі  терминдерді  қолданып  "дәстүрдің  озығы  да  бар,  тозығы  да  бар" 

деуімізге  болатын  шығар.  Яғни  дәстүрдің  "озығы"  –  оның  ең  киелі,  күшті 

жерлері,  ішкі  тылсым  ұлттық  идеяны"  білдіріп  тұрған,  соны  іске  асыруға 

бейімделу  барысында  туған  асыл  қасиеттер  жинағы  (былайша  айтқанда, 

ұлттық  рухтың  мәні,  қаймағы",  жүрегі,  ділі).  Ал  "тозық"  –  жабысқан  жат 

мінез  (Ӛзгеден  жұққан  да,  ӛзінің  де  тауып  алғаны),  сол  сияқты  "тозыққа", 

біздіңше,  дәл  осы  бір  тарихи  кезеңде  ӛзекті  емес,  маңызы  шамалы  ұлт 

мінездері,  әдеттері  кіреді.

 

Формациялық  және  мәдениеттің  прогрессистік 



философиясы  теориясы  жолында  кездескен  қиындықтарды  кейде  түсіндіру 

мүмкін емес. Ӛткен кезеңде орын алған кейбір құндылықтар мәнісін кейінгі 

кезеңнің  рухани  ӛмір  саласында  ӛз  функционалдығын  жоғалтпаған.  Кейбір 

түсініктер  мен  ойлау  типтері  (миф  және  дін)  ғылыми  тұрғыда 

түсіндірілгендігіне  қарамастан,  қоғамдық  сананы  әлі  де  билеп  тұр.  

Әлеуметтік және мәдени институттар ӛзгерістерге ұшырағанмен де, дамудың 

жоғары сатысына жетсек те ӛткенге қайта оралып жатамыз?! Бұл теориялық 

шырмаудан  шығу  үшін  «дәстүр»  түсінігін  әлі  де    талдау  қажет.  Себебі, 

мәдениет  детерминациясында  жалпы  әлеуметтік  және  әлеуметтік-

экономикалық  фактордан  ӛзге,  қоғамда  формациялық  фактордың  ӛзгерісіне 

қарамастан  сабақтастық  бар.  Дегенмен  инновациядан  бас  тарту  арқылы 

жүзеге  асатын  ортақ  құндылықтар  жүйесінің    консервациясы,  діннің  және 

идеологияның  догматизациясы,  кӛркемдік  ӛмірдің  канонизациясы  жалпы 

қоғамның  тоқырауға  ұшырауына  әкелетіні  анық.  Осы  орайда,  қоғам  рухани 

және  әлеуметтік  ӛміріне  еш  ӛзгерістер  енбеген  кейпінде  онжылдап,  тіпті, 

ғасырлап  тұруы  мүмкін.  Әрине,  кезеңдік  ӛзгерістер  болғанымен,  олар 

ілгерілеуге әкелмейді. Мәдениет деңгейін, тұрақтылығын қамтамасыз ететін 

кез-келген 

дәстүрді 

дамусыз, 

мәдени 

тәжірбиенің 

жаңаруынсыз, 

инновациясыз елестету мүмкін емес. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік