Мирас Қанатұлы

Loading...


Дата09.09.2017
өлшемі34.5 Kb.
Мирас Қанатұлы

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті студенті, Семей қ.

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ҮЛГІЛЕУЛЕР

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.

Әр түрлі салада есеп талаптарын енгізу, экономикадағы дағдарыс, корпорациялар мен жеке тұлғаларға қосымша салықтардың салынуы бухгалтерлік есепті зерттеуді және пікір таластардың қажеттілігін туғызады. Көптеген әлеуметтік өзгерістер бухгалтерлік есепке алу және есеп беру жүйесінің қайта құрылу салдарынан болады.

Бұл орайда американдық есеп жүйесінің жетістігі қазіргі халықаралық есеп жүйесінің негізін құраған. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын әр түрлі үлгілеулерге бөлшектеу - әр түрлі оқыту көздерін куәландыратын дүние жүзінің есеп тәжірибесінде кеңінен таралған.

Үлгілеулерді бөлшектеу және олардың қандай да бір елде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына әсері қабылданған есеп жүйесіне байланысты елдерді жіктеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бес үлгілеуді ерекшелеп көрсетуге болады:


  1. Мұсылмандық;

  2. Көпұлттық;

  3. Оңтүстік-американдық;

  4. Континенталдық;

  5. Британ-американдық.

Бұл үлгілеулердің сипаты мынада: мұсылмандық – діни идеялардың әсер етуімен байланысты, көпұлттық – халықаралық қажеттіліктен құралған, оңтүстік – американдық – салықтарды сипаттау үшін қажетті ақпараттар береді, континенталдық – қаржылық мәселелерді шешуде бизнес банкпен тығыз байланыста болуы керек деген тұжырымға негізделген, британ-американдық – ақпараттарды беруге байланысты бухгалтерге күрделі есеп сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін білікті білімге негізделген.

Осы үлгілеулерді барлық дүниежүзіндегі елдер қолданады деуге болады.

Демек дүниежүзілікі тәжірибеде бухгалтерлік есептің айырмашылығына талдау жүргізу қажет болады.

Американдық бухгалтерлер ассоциациясы есепке әсер ететін сегіз жіктеу белгісін бөліп көрсетеді: саяси жүйе, экономикалық жүйе, экономикалық даму деңгейі, қаржылық есептіліктің мақсаттары, есеп стандарттарына авторлық ету, біліктілікті даярлау және сертификаттау қағидалары мен деңгейі, біліктілік және этикалық стандарттардың орындалуын бақылайтын жүйе, есептік ақпараттарды тұтынушылар.

Есеп тәжірибесі әр елде әр түрлі болса да оның қайнар көзі мен философиясы бірдей. Қазақстандық есеп тәжірибесіне оң тәжірибелерді тереңдету мақсатында бухгалтерлік есептің жаңа бағыттарын және үлгілеудің түйінді ерекшеліктерін оқыту қажеттілігін жоғарыда айтылғандар растайды. Бұған деген қажеттілік негізгі көріністерден туындайды.

Есеп теориясын түсіндірудің дүние жүзілік тәжірибесі халықаралық зерттеу тұрғысынан бухгалтерлерге, менедерлерге және басқа да қызметкерлер санатына қазіргі заманғы бизнестің әр түрлі жағдайларында активтерді, міндеттемелерді және басқаларын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінетіндіктен, олардың жіктелуін ажырата алу қажет.

Бұл жіктемеде ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, бухгалтерлік үлгілеулерді білу үшін, сол елдің ішінде жасалынады.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стадарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады.

Жоғарыда аталғандарды қорыта келе, үлгілеу мен оның ерекшеліктерін нақтырақ ұсынып көрсету үшін қазақстандық кітаптар нарығындағы әр түрлі аударма басылымдар айқын көмек етуі керек.

Бұрынғы күйінде есептің оқытылуы және қазақстандық оқулықтардағы түсіндірілуі қазіргі кезде жарамсыз, сондықтан мәліметтер бүгінгі жағдайда қайтадан қаралуы тиіс. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп үлгілеулеріне байланысты төмендегідей мәселелер шешілуі қажет:



  • тұтынушыларға шынайы ақпараттарды беруге байланысты бухгалтер мамандарға күрделі есеп сұрақтарын шешуге мүмкіндік беру;

  • инвесторлар мен несие берушілердің ақпараттық сауалына бағытталған жүйені жақсарту;

  • макроэкономикалық жоспарға, сәйкес салық салу бойынша үкіметтің сауалын қанағаттандыру;

  • есептік мәліметтерді үздіксіз түзету;

  • қолданылатын әдістемелрді бірыңғайландыру;

  • салықтарды сипаттауда ақпараттар беру;

  • есепті үйлестіру;

  • діни идея әсерін бағдарлау.

Қазіргі жүйе халықаралық стандарттарға байланысты есеп жүргізетіндіктен оның мәнін толық біліп, сол талаптарға сай оқлықтар көбірек шығарып, әртүрлі есептік тәсілдердің орнын мәліметтер базасымен толықтыру керек.

Бұл есептің кеңейтіліп, тереңдетілген барлық әдістерін және үлгілеуді тек қана теорияда емес, сонымен қатар тәжірибеде де қолданылуына көмектеседі.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...