Қанның жалпы анализі : Hb –128 г/л, эр. 4,8х1012/л, түсті көрсеткіш 0,85, тромбоциттер 432 х109/л, лейкоциттер 10,5х109/л, таяқша ядролылар –9%, сегмент ядролылар – 61%, эоз – 2%, лимфоциттер – 22%, моноциттер – 6%, ЭТЖ – 18 мм/сағ.
Қанның биохимиялық анализі : жалпы белок – 64 г/л, альбуминдер – 38 г/л, мочевина – 5,7 ммоль/л, креатинин – 68 мкмоль/л, жалпы билирубин – 13,5 мкмоль/л, АСТ – 20 ХБ/л, АЛТ – 18 ХБ/л, СРБ ++, орта көлемді молекулалар 130 ХБ/л, АСЛ-О 250 ХБ/л (N 200-ге дейін ).
Коагулограмма: протромбинді уақыт 110%, белсендірілген бөліктік тромбопластинді уақыт 70 сек (N 60-70 сек), фибриноген 4,4 г/л, тромбинді уақыт 10сек (N 10-20сек), этанолды тест теріс.
Зәрдің жалпы анализі : түсі –сабан-сары, салыстырмалы тығыздығы 1030, белок –іздері , pH – 5,7, жалпақ эпителий – 0 -1 к/а, лейкоциттер – 2 - 4 к/а, эритроциттер, цилиндрлер – жоқ, шырыш, бактериялар – жоқ .
ТАПСЫРМА:
1. Классификацияға сәйкес диагноз қойыңыз.
2. Аурудың клиникалық симптомдарының патогенезін түсіндіріп беріңіз.
3. Диагнозды дәлелдеу үшін қосымша зерттеу әдістері керек пе?
№3 ЕСЕП
Бала С., 9 жаста, қабылдау бөліміне жарақаттан соң бірнеше сағаттан кейінгі болған сол жақ тізе буынының ауырсынуына және қимылдың шектелуіне шағымданып келді.
Анамнезінен баланың анасы жағынан атасы және ағасы ұзақ уақыттық сыртқы қан ағудан зардап шегеді, ірі буындардың зақымдалуы бар.
Бала өмірінің алғашқы жылында жарақаттан соң пайда болатын денедегі тығызданумен қанталаулар, тісінің шығып келе жатқандағы қанағулар, төменгі ерін ауыздығының жарақатынан соң ұзақ уақыт қанағу пайда болған. Бір жылдан кейін еш жарақатсыз болатын мұрыннан қан ағу қайталаған.
5 жасында оң жақты тізе-тобық буынына, кейін сол жақ шынтақ буынға қан құйылу байқалған. Барлық аталған қанталаулар ауруханаға жатқызуды және арнайы ем қабылдауды қажет еткен.
Қарау кезінде бала жағдайы ауыр. Сол жақ тізе буынының ауырсынуына, қимылдың ауырсынумен болатынына шағымданады, аяғын баса алмайды. Тері түсі бозғылт, әр түрлі мерзімдегі диаметрі 1- 4 см болатын көптеген гематомалар. Сол жақ тізе буыны сол жақ буынға қарағанда 2 см-ге ұлғайған, сипап көргенде ыстық, пальпацияда ауырсынады, қимыл қозғалысы шектелген. Сол жақ шынтақ буын 2 см-ге ұлғайған, тері температурасы өзгеріссіз, қимыл қозғалысы шектелген. Сол жақ иықтың бұлшық ет массасы оң жақ иыққа қарағанда 1 см-ге төмендеген.
Достарыңызбен бөлісу: |