Мұғалімнің аты-жөні Жалмұқашева Самал Жеңісқызы

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі95.29 Kb.

Мұғалімнің аты-жөні

Жалмұқашева Самал Жеңісқызы

Индер ауданы Жамбыл атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

Фенолдар, фенол молекуласының құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы, фенол туындыларының қолданылуы

Сілтеме

оқу бағдарламасы, жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық.

Жалпы мақсаты

Фенолдар, фенол молекуласының құрылысы, алыну жолдары және қолданылуы, қасиеттерін түсіндіре отырып, білімдерін қалыптастыру.

Фенолдар туралы білімдерін жетілдіре келе, қабілеттері мен дағдыларын дамытып, өздігінен жұмыс істеу дағдылары мен пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.



Күтілетін нәтиже

Фенолдар, фенол молекуласының құрылысы, алыну жолдары және қолданылуы, қасиеттерін біле отырып, өз беттерімен берілген тапсырманы орындай алады, өздігінен жұмыс істеу дағдылары артады.

Оқыту әдістері

Ойлан.Бірік.Бөліс.Ортада қаламсап!

Дерек көздері

Интербелсенді тақта, слайдтар, бағалау парақтары

Кіріктірілген модульдер:

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту, диалогтік оқыту, оқу мен оқытудағы АКТ-ны пайдалану





Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

мотивациялық кезең

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу



2 минут


Зейінді тұрақтандыру мақсатында психологиялық тест. "Суреттен нені байқадыңыз". Интерактивті тақтададан слайд арқылы ай суреті көрінеді.




Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз

Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтады. Соған байланысты олар өздерінің мінездерін анықтауға болады.



Негізгі бөлім.

Үй тапсырмасын тексеру.

Білу кезеңі



8 минут

Оқушыларға жұптасып, "Ойлан. Бірік. Бөліс" әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылауға әр топқа тапсырмалар беріледі.


Оқушылар жұптасып, "Ойлан.Бірік. Бөліс" әдісі арқылы көп атомды спирттер тақырыбын қорытындылайды

операциялық кезең

Бекіту сабағына көшу.

Түсіну кезеңі





5

минут


Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:

Шарль Фридерих Жерар спирт тәрізді зат алып, оған фенол деген атау қойды. Сендер қалай ойлайсындар бұл заттың құрамына қандай заттар кіреді? (бензол сақинасы мен гидроксил тобы)

Бұл заттардың арасында қандай айырмашылық бар?

Химиялық қасиеттері бойынша бұл қосылыстарда айырмашылық бар ма?



Фенолдар – гидроксил тобы бензол сақинасымен тікелей байланысқан органикалық қосылыстар



Оқушылар слайд арқылы көрсетілген сұрақтарға жауап береді.

Бекіту сабағы бойынша тапсырмалар

Қолдану кезеңі.



7 минут

  1. Фенолдың физикалық қасиеті

  2. Фенолдың қолданылу аясы

  3. Фенолдың химиялық қасиеттері

Тақырып түсіндіріліп болғаннан соң берілген тапсырмаларға постер құрастырады

Талдау кезеңі.


10 минут


Өткен тақырыпты "Ортада қаламсап!" әдісі бойынша бекіту.

Оқулықпен жұмыс.

1.Фенолдар неге қышқылдармен әрекеттеспейді?

2. Фенолдар деп қандай заттарды атайды?

3.Фенол организмге және қоршаған ортаға қалай әсер етеді?

4. Фенол бромды сумен әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі?

5.Бензол мен фенолдың қоспасына бромды су қосқанда, 4,97 г трибромфенол алынды. Қоспада неше грамм фенол болғаны?

6.Фенол молекуласының құрылым формуласын жазыңыз.

7.Төмендегі айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жаз:

С6Н6 С6Н5СІ С6Н5ОН

8.Фенол бром суымен әрекеттескенде, трибромфенол оңай түзіледі. Реакция теңдеуін жаз.

9. Фенол ағзаға қалай әсер етеді?



Мұғалімнің қолына қай оқушының қаламы түссе, сол оқушы интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап береді.

Жинақтау кезеңі.


8 минут


Тренинг ойыны

( сенесің бе, сенбейсің бе?)

1.Фенолды гидроксибензол деп атайды.

2. Фенол суда жақсы еритін сары түсті кристалдық зат.

3. Өндірісте фенолды тас көмір шайырынан алады.

4.Зертханада фенолды бейорганикалық заттардан алады.

5.Фенолды бояулар, дәрі-дәрмектер, фотореактивтер алу үшін қолданады.

6.Фенол сілтілердің судағы ерітіндісімен әрекеттесіп, реакция нәтижесінде тұздар түзеді.

7.Фенол бромды сумен әрекеттеспейді.

8.Фенол темір (ІІІ) хлоридімен әрекеттескенде күлгін түсті кешенді қосылыс түзеді.

9. Фенолды микроорганизмдерді жоятын антисептик әсеріне байланысты медицинада зарасыздандыру үшін қолданады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты қорытындылайды.



рефлексиялық кезең

Бағалау. Критерий бойынша бағалау.

Жиынтық бағалау.



2

минут


Мұғалімнің жиынтық бағалауы жүреді.

Оқушылар

Не үйрендім?

Қалай үйрендім?

Не үшін үйрендім? деген сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың мазмұнын бағалайды.



Кері байланыс.

2 минут

«Оңайдан қиынға қарай" парағы арқылы бүгінгі сабақ бойынша алған кері байланыс жасайды.

Оқушылар парақтағы суреттен бүгінгі сабақ бойынша өз межелерін белгілейді.




Үйге тапсырма

1 минут

§ 17 оқу. № 3, 9.

Оқушылар күнделікке жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...