Тарауға кіріспе
Бөлім «Дені саудың – жаны сау» деп аталады. Бөлімде 8 сабақ қарастырылған: «Денсаулықты күтеміз», «Денемізді шынықтырамыз», «Тазалықты сүйеміз», «Спортпен айналысамыз», «Денің сау болсын десең...», «Досқа тілек», «Дәрігер болғым келеді», «Жемістер мен көгөністердің пайдасы». Бөлім барысында оқушылар денсаулық тақыры- бындағы жаңа сөздермен танысады. Осы сөздерді түрлі өмірлік жағдаяттарда қалай қолдану қажетті- гін үйренеді. Тақырыпқа қатысты қазақ мақал-мә- телдерімен таныс болады. Денсаулықты күту үшін
тазалық құралдарының, салауатты өмір салтын сақтаудың пайдасын оқулықта берілген түрлі жанр- дағы материалдар арқылы түсінеді. Оқулықта берілген танымал спортшылардың жеңістерін өз- деріне үлгі тұтады.
Мәтіндер жас ерекшелігін ескере отырып беріл- гендіктен, оқушы үшін әрі қызықты әрі пайдалы болмақ.
Оқу мақсаттары:
2.5.1.4 мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында есімдіктерді (сілтеу, сұрау есімдіктерін) қолдану;
2.3.1.1 мәтінді мәнерлеп және дауыстап оқу;
2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) анықтау;
2.3.5.1
мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтама- лықтардан қажетті ақпаратты табу;
2.1.4.1 тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну және кейіпкерлер мен оқиғалардың ретін анықтау;
2.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін
сақтап жай сөйлем құрастыру;
2.2.3.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасы- ның не туралы айтқанын түсіну;
2.2.6.1 салыстыру негізінде ақпарат,
кейіпкер, оқиға туралы қарапайым ой-пікірін (мен ... ойлай- мын, мен ... санаймын) айту;
2.1.5.1 тыңдау-көру материалындағы оқиғалар- ды түсіну және сипаттау;
2.2.4.1
оқиға желісін сақтай отырып, таныс сөздерді қолдану арқылы шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндау;
2.5.2.2 ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін
сөздерді
дұрыс айту және жазу;
ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қай- талау.
Акустика
Денсаулық, денсаулыққа пайдалы, кәмпит, бал- мұздақ, жеу, ауыру,
жаттығу жасау, жүгіру, секіру, шы- нығу, отыру, тұру, ащы, тәтті, домалақ, қышқыл, таза- лық, сүлгі, сабын, жуыну, тарану,
тырнақ алу ,емдеу, кәрілік, дәрі, жұқа, медициналық қобдиша, жайсыз сезіну,
тәбеті болмау, жеміс-жидек жеу, дене қызуы- ның көтерілуі, күн тию, зілтемір, зілтемірші, сүйікті, қолдану,
футбол матчы, ауыр атлетика.
Лепті сөйлемдерді ажырату.
Болымсыз етістіктің жұрнақтарын дұрыс жалғау.
Жазу ережесі
Қазақ тілінің төл дыбыстарын сауатты жаза алу.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау.