Мұғалімге арналған нұсқаулық



бет6/120
Дата12.06.2022
өлшемі1.3 Mb.
#268166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
Байланысты:
Қазақ тілі Л2 Нұсқаулық 2сын 2-бөлім aray
Поурочный 5кл 1 ур, СОЧ Русская литература 6 класс, Қоғамдық денсаулық сақтау №1, 1628472087228
Сабақтарды жоспарлау
Сабақты жоспарлау кезінде мұғалімдер оқушыларды қызықтыратын және прогре- стеріне септігін тигізетін тапсырмалардың түрін таңдауы үшін, блоктардағы тапсырмаларды пайдалануы тиіс.
Мұғалімдер жалпы оқу мақсатын және са- баққа берілген уақытты алдын ала жоспар- лайды. Сонымен қатар, жоспарланған білім алдыңғы сабақпен тығыз байланыс орнататын- дай дәрежеде болуы тиіс.
Сабақ құру
Мұғалімдер сабақ құру барысында тапсыр- маларды таңдауы тиіс. Тапсырмаларды са- бақтың жалпы жұмыс сызбасын сыныптың ерекшелігіне байланысты таңдағаны жөн. Бір сабақтағы тапсырмаларды орындауға кететін уақытты өзі ескереді.
Мұғалімдер әр сабақты бастаған кез- де мазмұнына, мақсатына және дағдыларға бағытталған материалдарды алатынын түсінуі керек. Мұғалімдер оқушылардың ілгерілеуіне
қажетті әртүрлі тапсырмаларды түрлендіріп беру қажеттігін түсінеді.
Сабақтарды толықтыру
Мұғалімдердің көбі сабақтарын оқушы- лардың қабілетінің әртүрлі деңгейлеріне, қы- зығушылығына және оқыту стильдеріне сәйкес бейімдеу және толықтыру қажеттігін анықтай- ды. Осы жағдай туындаған кезде мұғалімдер оқулықта берілген тақырыптарды бекіту және тереңдету үшін CD-ROM ресурстарын пайдала- нуы тиіс (XX беттегі «Сабақтарды құрылымдау» тақырыбын қараңыз). Сонымен қатар, жұмыс дәптері оқушыларға оқулықта берілген тіл мен дағдыларды қосымша жаттықтыру мүмкіндігін береді.
Бағалау
Әртүрлі сатыларда мұғалімдер оқушылар- дың үлгерімін бағалауы тиіс. Қосымша ақпа- ратты XX беттегі «Бағалау» тақырыбынан және мектептің жиынтық және қалыптастырушы бағалау үрдісіне қатысты жеке саясатынан қа- раңыз.
Қалыптастырушы бағалау стратегиялары

Келесі стратегиялар оқыту барысында қалыптастырушы бағалауды жоспарлауда және орын- дауда пайдалы болуы мүмкін. Оларды мұғалімге арналған нұсқаулық блогының беттеріндегі кез- келген ұсыныстарға және оқушылардың ағымдағы қажетіліктерін бағалау үшін пайдалануы мүм- кін кез-келген басқа да жарамды қалыптастырушы бағалау стратегияларына қосымша ретінде пайдалануы тиіс.



Қалыптастырушы бағалау стратегиялары

Нұсқаулық ескертпелері

Сауалнама

Түсінуді бағалау үшін жабық сұрақтарға қысқа жауап және ашық сұрақтарға толық жауап беру комбинациясын пайдаланыңыз. Сұрақтар блокта, тақырыпшада немесе бөлімде қамтылған тақы- рыптарға және дағдыларға қатысты түсінікті және білімді бағалауға арналған болып табылады.
Жабық сұрақтарға қысқа жауап берудің мысалдары:

  • Бір күнде қанша сабақ болады?

  • Гүлнардың сүйікті тамағы қандай?

Ашық сұрақтарға толық жауап берудің мысалдары:

  • Сүйікті тақпақты неге жақсы көретініңді түсіндір.

  • Досыңа өзіңді сипаттау үшін қандай сөздер пайдаланар едің?

Қол сигналдары

Оқушылар түсінгендерінің деңгейін білдіру үшін сұрақтарға жауап ретінде қолдарымен сигналдар көрсетеді. Мысалы:

  • Мен түсіндім және оны түсіндіріп бере аламын (мысалы, бас бармақты жоғары қарату).

  • Әлі түсіне алмадым (мысалы, бас бармақты төмен қарату).

  • Толықтай сенімді емеспін (мысалы, қолын бұлғайды).

Бұл стратегияны алдағы сауалнаманы немесе блок тапсырмаларын таңдауды хабарлау үшін пайдаланыңыз.




Рөлдік ойын

Оқушылар үшін берілген түсінікті диалогтар негізінде креативті түрде талқылау немесе әңгімелесу үшін жұпқа немесе шағын топ- тарға тақырыптар дайындау. Бұл ойынды мұғалім-оқушы, жұп не- месе шағын топ тапсырмасы ретінде орындауға болады.

Өрмекші картасын жасау

Жазылған сөздер мен сызықтармен топтастырылған және байла- ныстырылған қарапайым суреттердің тіркесімін пайдалану арқылы тақырыптарды немесе қарапайым түсініктерді білдіретін тірек сөз- дер диаграммасын жасаңыз.

Жалған ұғымға тексеру

Блок тақырыптары негізінде оқушыларға жалпы немесе бол- жамды жалған ұғымдарды ұсыныңыз. Олардан келісетіндерін не- месе келіспейтіндерін және жауабын түсіндіріп беруін сұраңыз.

Мұғалім-оқушы өзара әрекеттесуі

Түсінік деңгейін тексеру үшін оқушылармен бірге сұхбаттар жүр- гізіңіз. Сондай-ақ, бұл әдісті мұғалім берген кеңестер негізінде, әрі мұғалімнің жұптарды бақылауымен оқушы-оқушы өзара әрекетте- суі ретінде пайдалануға болады.

Өзін-өзі бағалау

Оқушыларға өзінің білімдерін, түсініктерін, прогрестерін және келесі қадамдарды бағалауға жетелейтін сұрақтар немесе көмекші тұжырымдамалар.
Сонымен қатар, өзін-өзі бағалауды символдар пішімінде пайда- лануға болады, мысалы: бағдаршам түстері. Оларды жеке немесе сұрақтармен тұжырымдамалармен бірге пайдалануға болады.

Бос орындарды толтыру

Қарапайым бос орындарды толтыру тапсырмаларын блок тапсы- рманының барысында немесе соңында оқушының түсінігін айқын- дау үшін пайдалануға болады. Сабақтардың алдындағы дайындық уақытын азайту мақсатында оқушыларға ауызша беру үшін неме- се кейбір оқушылардың тақтаға келіп, толықтыруы үшін оларды тақтаға жазуға болады.

Суретті анықтау

Мұғалім (немесе оқушы) блокта оқытылған тақырыпқа немесе атауына қатысты суретті тақтаға салады және оқушылар оны дұрыс анықтауы тиіс. Оны оқушыларға лайықты сипаттамаларды пайда- лану арқылы түрлендіруге болады.

Сауалдар

Сауалдарды нақты ақпаратты және түсінікті бағалау үшін пайда- лануға болады. Мысалы:

  • дұрыс/бұрыс • сәйкестендіру тапсырмалары

  • қысқа жауап • кеңейтілген жауап

  • көп таңдау • сызбалар.

Журнал жазбалары

Оқушылар тақырыпты, ұғымды немесе тапсырманы түсінген- дерінің негізінде журналға жазбалар жазады немесе ауызша жаз- балар жасайды. Егер жазбаша болса, қажетінше қамтамасыз етіл- ген сызбаларға немесе суретке негізделген өте қысқа, қарапайым сөйлемдер болуы мүмкін. Тақырыпша немесе бөлім бойынша оқушылардың түсінгендерін және үлгерімдерін тексеру үшін, бұл жазбаларды мұғалімдердің тексеруіне болады.

Шапалақта

Оқушылар мұғалім дауыстап айтқан шумақ, өлең немесе буын- дарға сәйкес шапалақтайды.

А-Б-В жинағы

Оқушыларға әліппенің әртүрлі әріптері беріледі және олар блок тақырыбына байланысты сол әріптен басталатын сөзді таңдауы тиіс.

Тірек сөз карталары

Тақырыпшадағы немесе бөлімдегі бірнеше тірек сөздері бар карталарды ұсыныңыз. Әр оқушыға тірек сөздер картасы беріледі.
Оқушылар мұғалім айтқан сөздерді тыңдап, оларды тірек сөздер карталарынан тексереді.




Бір сөздік мазмұндама

Оқушылар өздері үшін блок тақырыбын ең жақсы мазмұндайтын бір сөзді таңдайды.

Ойла, жұпқа бөліп айт

Оқушылар сұрақтың жауабына жеке, кейін жұптарға бөлініп, жұптарымен талқылайды және жауабын сыныпқа айтады.

Білімді/дағдыларды тексеру сұрақтары

Оқушылар білімді немесе дағдыларды тексеру сұрақтарына жаз- баша, ауызша немесе көрнекі түрде жауап беретін соңғы тапсырма.

Жұбыңа бұрыл

Оқушылар кеңестердің немесе сұрақтардың жауабына жекелей ойланып, кейін жауаптарын айту үшін жұбына бұрылады. Мұғалім жауаптарын сыныпқа айтуы үшін кездейсоқ бірнеше жұптарды шақырады.

Сұрақ тармақтары

Сұрау стратегиялары мұғалімдерге оқушының, жұптың, топтың немесе сыныптың білімін жылдам бағалауға мүмкіндік береді. Мы- салы:

  • Оқушылардың ұқсастығы/айырмашылығы қандай?

  • Отбасы өзара қалай байланысады?

  • Отбасы туралы қандай идеялар/мәліметтер қоса аласың?

  • Түстерге мысал келтір.

  • Мына тапсырмада қандай қате бар?

  • Мына баланың ісі туралы не ойлайсың?

  • Тыныс белгілері есіңде ме?

  • Ойыншықтар туралы не білесің?

  • Саяхат туралы не білгің келеді?

  • Егер оқушы басқаша жасаса, не болуы мүмкін?

  • Жауаптың дұрыс екенін қалай білеміз?



Қалыптастырушы бағалау стратегияларының жазба пішімі
Алдыңғы беттерде көрсетілген қалыптастырушы стратегиялармен және мұғалімге арналған нұсқаулық блогының беттерінде көрсетілгендерімен қатар, өздерінің оқытуларында пайдаланы- латын басқа да қалыптастырушы бағалау стратегияларын, қалай және қашан пайдаланылатыны- на және оларды қалыптастырушы бағалауда пайдалану қандай жетістікке әкелетініне қатысты қысқа пікірлерімен жазу мұғалімдер үшін пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар мұғалімдер бұл стратегиялардың басқа оқыту және оқу жағдайларында қолданылуына қатысты пікірлерін білдіре алады.
Бағалау стратегияларын жазу пішімінің мысалы төменде көрсетілген.



Мұғалімнің жеке қалыптасты- рушы бағалау стратегиялары



Мұғалімнің жеке қалыптастырушы бағалау стратегияларын іске асыру және оларды қолдану әдісі мен уақытына қатысты нұсқаулық кеңестер















































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру