Саралау мүмкіндіктері. Қабілеті төмен оқушы ертегідегі түлкінің әрекетін айтып берсе, қабылдауға болады, ал қабілеті жоғары оқушы өз ойын айтады.
Сыныпты ұйымдастыру. Мұғалім оқушыларды шеңберге отырғызып, өз ойларын ештеңеге алаңда- май айта алатындай жағдай жасауы тиіс.
Бекітуге арналған тапсырма
Бекіту тапсырмасы оқушылардың ертегі мазмұ- нын қаншалықты меңгергенін тексеру мақсатында орындалады. Ол үшін арыстан мен түлкінің суреттері беріледі. Суреттердің жан-жағына шашыратып ер- тегіден алынған бірнеше сөздер жазылады. Оқушы сол сөздерді қай кейіпкерге тиесілі екенін анықтап, қарындаш арқылы суретпен сәйкестендіреді. Егер оқушы дұрыс сәйкестендіре алса, ертегі мазмұнын меңгергендігін байқауға болады.
Шашыраңқы сөздер: қартаяды, қулықпен аулағы- сы келеді, үңгірде жатады, ауырады, аңдарды қай- тармайды, жеп қояды, үңгірден алыс тұрады, халім нашар, халіңіз қалай? Бері кел, түлкіжан, сөйлесейік, жақын барар едім, кірген із бар да, шыққан із жоқ, жүріп кетеді.
Бұл тапсырма оқушылардың арыстан мен түлкі ту- ралы қосымша мәлімет алуларына мүмкіндік береді. Мұғалім осы екі аң туралы мәліметті немесе жұм- бақты оқиды, ал оқушылар қай аң екенін табуы қажет.
Өзі шапшаң өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу (Түлкі)
Түлкі – ит тұқымдасына жататын аң.
Орманда, өзен-көл жағалауларында, тау баурай- ларында мекендейді.
Ол тауық, балық, тышқан және құстармен қорек- тенеді.
5 Түлкі – қу, айлакер аң.
Бір аң бар қайраты көп болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)
Аңдардың патшасы – арыстан.
Салт-дәстүр және фольклор
Әлем ертегісі. «Алтын балық» ертегісі
Оқу мақсаты:
2.2.6.1 салыстыру негізінде ақпарат, кейіпкер, оқиға туралы қарапайым ой-пікірін (мен ... ойлаймын, мен
... санаймын) айту;
2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әң- гіме және т.б.) анықтау;
мәтінді мәнерлеп және дауыстап оқу.
Сабақ соңында оқушылар:
кейіпкерлерді салыстырып үйренеді;
өлең, жұмбақ, мақал-мәтел және әңгімелерді ажыратып үйренеді.
Тірек сөздер
Мейірімді, сенгіш, қайырымсыз, ақкөңіл, қанағат- сыз, аңқау.
Қажетті ресурстар
Есімдері жазылған түрлі түсті стикерлер, Венн ди- аграммасы сызылған парақшалар, тақырыпшалар жазылған қағаз қиындылары, конверт, автор орын- дығы, «Балық аулау» ойынына қажетті балық сурет- тері, кесте, ребус.
Оқулық: 34-35-беттер
Достарыңызбен бөлісу: |