Мұғалімге арналған нұсқаулық



бет42/120
Дата12.06.2022
өлшемі1.3 Mb.
#268166
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   120
Байланысты:
Қазақ тілі Л2 Нұсқаулық 2сын 2-бөлім aray
Поурочный 5кл 1 ур, СОЧ Русская литература 6 класс, Қоғамдық денсаулық сақтау №1
Саралау мүмкіндіктері. Қабілеті жоғары оқушы- ларға басқа да сөздерді пайдалануларына рұқсат беріледі, ал қабілеті төмен оқушыларға оқулықта беріліп тұрған сөздерді қолдану керектігі айтылады.
Сыныпты ұйымдастыру. Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, бағыт беріп жүреді.


Оқы және жауап бер
Тапсырма негіздемесі. Ұсынылып отырған соңғы тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын қалып- тастырады. Тапсырма негізінен олардың сөздік қорын молайтуға негізделеді.
Тапсырманың түсініктемесі. Бұл тапсырма да жұпта орындалады. Ол үшін мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы соңғы тапсырмаға, нақтырақ ай- тқанда, берілген үлгіге назар аудартады. Оқушыларға алдымен үлгі бойынша жеке жұмыс жасау тапсыры- лады, яғни олар алдымен берілген сұрақты оқиды және ұсынылған 3 жауаптың (жауаптары сурет түрін- де берілген) ішінен дұрысын табады. Содан соң өзінің шешімін жұбына айтып берулері керек. Тақырыпқа сай берілген сұраққа жауапты өз өмірімен байла- ныстыра отырып жауап беру қажеттігі түсіндіріледі. Осылайша жұптар арасында диалог жүзеге асады.
Сұрақтар:
Сен қандай ұлттық тағамды ұнатасың? Қандай сусынды ұнатасың?
Нанның қандай түрін ұнатасың? Қандай тағам пісіре аласың?
Саралау мүмкіндіктері. Қабілеті жоғары оқушы- ларға диалогты өз ойларымен жалғастыруға мүм- кіндік беруге болады. Ал қабілеті төмен оқушыларға ықтимал жауаптары беріледі.

Бекітуге арналған тапсырма


Жеке жұмыс ұсынылады. Мұғалім оқушыларға жеке парақшаларға жазылған Арай деген қыздың жазған хатын таратады. Хатты жақсылап, мәнерлеп оқуды ұсынады. Содан соң оның хатын толықтырып жазу керектігін түсіндіреді. Себебі Арайдың сыныпта- сы Айдын Наурыз мерекесін тойлауға келе алмады. Арай оған хат жазды. Оқушылар алдындағы міндет
– Арайдың хатын аяқтауға көмектесіп, оны Айдынға салып жіберу. Оқушыларға жазған хаттарын жұмыс дәптерлеріне көшіріп жазады. Бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу керектігі де ескертіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   120




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы