Пәннің мақсаты
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – мем- лекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.
«Қазақ тілі» пәні оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынас- қа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көз- дейді. Оқушыларды қазақ тілінде өз ойын, сезімін білдіруге, танып-білген нәрселерін қазақша са- насына түюге, пікір алысуға, оқыған, көрген не- месе білген нәрселері туралы достарымен, үл- кендермен өз ойымен бөлісуге, армандары мен мақсаттары туралы еркін жеткізіп айта білуге, репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындата оты- рып үйретеді.
Оқушылар аудиовизуалды оқу материалдарын тыңдап, түсініп, көріп, түсініп, берілген мазмұн- дағы негізгі ойды анықтайды және оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем-әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді өзінің оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жа- сап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады.
Тіл үйрету оқулықтарын әзірлеу жобасының материалдарын пайдалану әдісі
Тілді оқыту оқулықтарын әзірлеу жобасының компоненттері
«Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені бірнеше компоненттерге жіктеледі:
Оқулық
Оқушының жұмыс дәптері
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Мұғалім нұсқаулығына қосымша СД-РОМ
«Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені бағдарламада көрсетілген ірі 8 лексикалық тақырыпты арқау ете отырып, тілдік оқу дағды- лары мен грамматикалық білімді игертуді көз- дейді. Алғашқы төрт тарау бірінші кітапқа жи- нақталып шыққан болатын. Келесі төрт бөлім осы кітапқа жинақталып, «Дені саудың – жаны сау», «Салт-дәстүр және фольклор», «Қоршаған орта», «Саяхат» тақырыптарымен ұсынылып отыр.
Оқулықтың әр тарауында қамтылған лекси- калық қор көлемі оқушының қабылдау деңгейі- не байланысты алынған. Әр сабақ көлемінде 5-6 жаңа сөз үйрету қағидаты ұстанылады және әр жаңа сөз алда берілетін мазмұн көлемінде қайталанады. Оқушының тілді меңгеруге де- ген ынтасын арттыратындай тапсырма түрлері беріліп, тілді қолданыс тұрғысында өмірмен байланыстыра отырып үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |