Мұғалімге арналған нұсқаулық



бет23/120
Дата12.06.2022
өлшемі1.3 Mb.
#268166
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   120
Байланысты:
Қазақ тілі Л2 Нұсқаулық 2сын 2-бөлім aray
Поурочный 5кл 1 ур, СОЧ Русская литература 6 класс, Қоғамдық денсаулық сақтау №1, 1628472087228
Тапсырманың түсініктемесі. Мұғалім суретте- гі жануарлардың атауын балалардың білетін, біл- мейтіндіктерін сұрау арқылы анықтайды. Білмеген жағдайда, атын атайды. Содан соң алғашқы өлең шу- мағын сынып болып хормен оқиды. Мұғалім оқушы- лардан өлеңнен қандай таныс сөздерді кездестіргенін сұрайды. Оқушылар таныс сөздерді атай бастағаннан олардың қай сөздермен таныс емес екендігі анықта- лады. Көп жағдайда оқушыларға «елеңдеу, жеңу, ұру» сөздері таныс болмауы мүмкін. Мұғалім бұл сөздерді қимылмен не суреттермен көрсете алады.
Келесі кезекте мұғалім өлеңде қай спорт туралы айтылғанын сұрайды, мұнда оқушылардың тәжіри- бесіне де тоқталған дұрыс. Осы спорт түрімен кім айналысатынын сұрау арқылы оқушылардың қы- зығушылығын оятуға болады. Егер тенниспен айна- лысатын оқушылар болса, теннисті қайда ойнайтыны, кімнен үйренгені, жеңістері туралы сұрақтар өздігінен туындайды.
Келесі өлең шумағын да дәл осылайша орындатуға болады. Таныс емес сөздер анықталады. Мысалы: алаң, тор, оп-оңай, түсіру. Мұғалім сыныптың тілдік деңгейіне қарай таныс емес сөздерді таныстыру жол- дарын өзі таңдайды.
Содан кейін өлеңде қай спорт түрі туралы ай- тылғаны сұралады. Осы тұста оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын келесі сұрақты қою арқылы жетілдіруге болады: Не себепті керік баскет- болды жақсы ойнайды? Жауабы: Керіктің бойы ұзын болғандықтан, баскетбол торына допты оңай салады. Сол себепті, ол – жақсы баскетболшы.
Оқушылардан баскетбол ойынын ойнап көргендігі туралы да сұрауға болады.
Өлеңдерді оқып болған соң, мұғалім оқушылардан теннисші және баскетболшы адамдардың арасында қандай танымал спортшыларды білетіні, осы спорт түрлерін теледидардан қаншалықты жиі тамашалай- тыны жөнінде де сұрайды.
Жауабы:
Теннис бойынша танымал спортшылар: Зарина Дияс, Мария Шарапова, Новак Джокович.
Әлем бойынша танымал баскетболшылар: Дуэйн Уэйд, Леброн Джеймс, Кармело Энтони, Крис Пол, Дуайт Ховард.
Саралау мүмкіндіктері. Қабілетті оқушылардан берілген спорт түрлері туралы қосымша ақпараттар сұрауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   120




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру