Мұғалімге арналған нұсқаулық



бет14/120
Дата12.06.2022
өлшемі1.3 Mb.
#268166
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   120
Байланысты:
Қазақ тілі Л2 Нұсқаулық 2сын 2-бөлім aray
Поурочный 5кл 1 ур, СОЧ Русская литература 6 класс, Қоғамдық денсаулық сақтау №1, 1628472087228
Ойнайық та, ойлайық!
Тапсырма негіздемесі. Ұсынылған диалогты оқу арқылы оқушыларда сөйлесім дағдысы қалыптаса- ды және олар сабақтың тірек сөздерімен сөйлемдер құрастыруға үйренеді.
Тапсырма жұппен орындауға арналған.
Тапсырма түсініктемесі. Мұғалім оқушыларды түрлі жемістер мен көгөністердің суреттері арқылы жұптарға бөледі. Қолдарында ұқсас суреттері бар оқушылар жұп құрайды.
Жұптар бірінші диалогты рөлге бөлініп оқиды. Қа- рамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерін өзгертіп қолданады. Мұғалім оқушыларды тыңдай жүріп, тү- зетулер енгізе алады.
Жұптар екінші диалогты тағы да рөлге бөліп оқи- ды. Бұл жолы оқушылар қарамен жазылған сөздерді ауыстырып қана қоймайды, оны толықтырып қолда- на алады.
Мұғалім сыныптағы оқушыларды түрлі рөлдерді таңдай алады. Оқушылардың екеуі ата-ана рөлін, 5 оқушы баланың рөлін, 5 оқушы сатушының рөлін бөліп алады. Олар өз орындарында тұрады. Ата-ана балаларының әрқайсысына жеке тапсырма береді. Біріне 1 кг алма сатып алып кел десе, келесісіне 1 кг пияз алып кел дейді. Ал, сатушылар балалармен ди- алогқа түседі. Сатушының кейбірі олардың сұраған көгөнісінің дүкенде жоқ екенін айтуына болады. Осылайша, оқушы бірнеше сатушыға баруына тура келеді. Ал, мұғалім оларға нұсқау беріп тұрады.
Көрсет және айтып бер
Тапсырма негіздемесі. Берілген тапсырма оқушы- лардың сабақта алған білімдерін қолдануға арналған. Тапсырманы жеке де, жұппен де, топпен де орын-
дауға болады.
Тапсырма түсініктемесі. Тапсырманы орындау үшін мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийін жасайды. Не болмаса талаптарын тақтаға жазып қоюына болады. Мысалы: салынатын жемістің саны, оның дәмі, оның түсі, қайда өсетіні, пайдасы ту- ралы айту.
Оқушыларға А3 қағазы, түрлі түсті маркерлер, қа- рындаштар ұсынылады.
Оқушылар жұмысты аяқтаған соң, сыныптастары- ның алдында салған жемістері туралы әңгімелеп бе- реді. Өзгелердің сұрақ қоюына болады.

Бекітуге арналған тапсырма


Оқушыларға жұмбақ құрастыруға тапсырма бе- руге болады. Жұмбақтың ұйқасқа құрылуы міндетті емес. Оқушылар жемістің не көгөністің сипаттамасын жазып берсе, жеткілікті. Мысалы: Ол – жеміс. Ол ал- маға ұқсайды. Ол тәтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   120




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру