Оқы және жауап бер
Тапсырманың негіздемесі. Оқушылар тапсырма- ны орындау арқылы таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінетін бола- ды және тыңдалым мәтінінің мазмұнымен сәйкестігін табу дағдысы артады.
Тапсырманың түсініктемесі. Алдымен мұғалім мәтінді оқиды. Оқушылар саусақтарымен ілесіп оты- рады. Осыдан кейін ең алдымен Саматтың қайда барғанын сұрайды. Жауабы берілген сөйлемді тауып оқытқызады.
Кейін Саматтың орнында болсаң, қайда барар едің? Неге? сұрақтарын қойып, талқылау жа- салады.
Сыныпты ұйымдастыру. Сұрақтарға жауап бер- ген кезде оқушылардың бір-бірінің
жауаптарын тыңдауына, сынып ішінде тыныштық сақталуына на- зар аударылады.
Саралау мүмкіндіктері. Қабілетті, тілге жетік оқушылардан өздерінің қайда барғысы келетіні тура- лы толық айтуы талап етіледі, ал тілді меңгеру деңгейі орташа немесе төмен оқушылар қысқа сөйлемдер- мен айтса да жеткілікті болып табылады.
Белсенді және көңілді
Тапсырманың негіздемесі. Бұл тапсырманы орындау рөлдік ойын түрінде өткізіледі.
Тапсырманың түсініктемесі. Тапсырманы орын- дамас бұрын мұғалім оқушыларды қабілеттеріне қарай жұпқа бөледі. Олардың біреуі – тілші, сұрақ қояды, ал екіншісі –
кейіпкер, жауап беруші екендік- терін айтады. Ойын шын сияқты болып көрінуі үшін ойыншық немесе қағаздан жасалған микрофондар ұсынуға болады. Оқулықтағы үлгі ретінде берілген сұрақтарға алдымен қабілеті жоғары оқушы жауап береді. Көршісі тыңдайды. Кейін рөлдерімен ауыса- тын болады.
Саралау мүмкіндіктері. Қабілеті жоғары оқушы- лар бірінші жауап береді және толық сөйлемдермен жауап беруі талап етіледі. Қабілеті төмен оқушылар алдымен жауап үлгілерін тыңдайды, кейін жауап бе- реді.
Жауаптары қысқа, бір сөзден тұруы мүмкін.
Бекітуге арналған тапсырма
Мұғалім оқушылардан орманда тағы не істеуге бо- латыны туралы ойлануды ұсынады. Әрекеттер тізімін жасауға болады. Суретін салуға болады. Шығар- машылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Орман- да» тақырыбына плакат жасауға болады. Тапсырманы орындау барысында бейнелеу өнері пәнімен байла- ныс болады. Суреттерін таныстыру кезінде тірек сөз- дерді қодануларына назар аударылады.
Зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында оқушы- лардан 40-50 жыл бұрын ата-аналары немесе ата- әжелері қандай демалыс орындарын таңдағандары туралы ақпарат жинауды тапсыруға болады. Ақпа- рат жинақтау кезінде оқушылар энциклопедиялар- ды,
журналдарды, интернет-ресурстарды пайдалана алады. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттыру мақсатында бүгінгі және бұрынға демалыс орында- рының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тап- тыруға болады.
Үштілдік саясат
Басқа пән мұғалімдерімен жұмыс жасаңыз және мектеп саясатына жүгініңіз.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалімдер оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Сонымен қатар, ХХ бет- те орналасқан Кіріспедегі көлемі мен құрылымын көрсететін секциядан тиесілі саралау стратегиясын таңдауы керек.