Мұғалімге арналған нұсқаулық



бет10/120
Дата12.06.2022
өлшемі1.3 Mb.
#268166
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   120
Байланысты:
Қазақ тілі Л2 Нұсқаулық 2сын 2-бөлім aray
Поурочный 5кл 1 ур, СОЧ Русская литература 6 класс, Қоғамдық денсаулық сақтау №1
Тапсырманың түсініктемесі. Мұғалім оқушы- ларды шеңберге тұрғызады. Оларға кезекпен сөй- лем құрап айту керектігі ескертіледі, яғни алғашқы- да мұғалім үлгі ретінде бастауыш пен баяндауыштан тұратын бір тіркес береді, ал балалар әрқайсысы алдыңғы баланың қосқан сөзін есте сақтап, оған өз сөзін қосып сөйлемді қайталап айтып отырады. Қысқаша айтқанда, сөйлемнің негізгі нобайы сақта- лып қалу керек те, әркім оған бір сөзден қосып оты- руы керек. Айта алмай қалған адам ойыннан шығады. Бұл ойында допты пайдаланған жөн.


Мысалы:

          1. Мен алдым.

          2. Мен сатып алдым.

          3. Мен балмұздақ сатып алдым.

          4. Мен дүкеннен балмұздақ сатып алдым.

          5. Мен кеше дүкеннен балмұздақ сатып алдым.

          6. Мен кеше дүкеннен ерекше балмұздақ сатып ал- дым.

Саралау мүмкіндіктері. Белсенді, тілге жетік оқушы ойыннан шығып қалған оқушыларға сөйлем құрауға көмектесіп, оларды ойыншылардың қатары- на кіргізеді.
Сыныпты ұйымдастыруға байланысты кеңес. Тапсырманы орындауға барлық сынып оқушылары қатысқаны дұрыс.


Ойланайық
Тапсырма негіздемесі. Ұсынылатын тапсыр- ма оқушылардың сөздік қорын кеңінен қолданып, мақал туралы ойларын бөлісуге мүмкіндік туғызады.
Тапсырманың түсініктемесі. Мұғалім экраннан
«Денсаулық – зор байлық» деген мақалды көрсетеді. Оқушылар бірге дауыстап оқиды. Осы мақалдың әр сөзінің мағынасын түсіндіру керек. «Денсаулық» сөзі оқушыларға түсінікті болуы тиіс, себебі оқу жылының басында олар бұл сөзбен танысты. Ал, «зор» және
«байлық» сөздерін міндетті түрде ұғындыру қажет. Себебі, жұмыстың ары қарай сәтті жүруі оқушылар- дың түсінуіне байланысты. Оқушыларға ойларын дәлелдеу мақсатында мұғалім қолдау көрсетуі мін- детті. Бұл үшін әртүрлі науқас адамдарды, мүгедектер арбасында отырған балалардың суреттерін көрсетуге болады. Олардың балалармен бірге футбол ойнай ал- майтыны жөнінде айтып өтсе, мақалдың негізгі ойы түсінікті болады. Осындай қолдаушы ақпараттардан кейін оқушылар тапсырмаға тез жауап бере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   120




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы