Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері


Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары

Loading...


бет5/6
Дата29.03.2020
өлшемі106.21 Kb.
1   2   3   4   5   6

Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары

Оқушылар ұжымын қалыптастыру

Жастар қозғалысының даму жолдары және мақсаты

Жастар қозғалысының әр түрлі тарихи кезеңдері мен даму жолдары бар

XX ғасырдық бас кезеңінде балалардың және жасөспірімдердің скауттық ұйымдары пайда болды. Бұл ұйымдардық негізгі идеяларын жасаған ағылшын полковнигі Р.Баден-Поуэлл (1857-1941жж). Оның идеялары 1847 жылы шыққан "Инструкция для скаутов" атты кітаптатолық жарияланған.

Скаутизм - мектептен тыс тәрбие жүйесі, скауттық ұйымдардың негізгі әрекеті. Оның мақсаты - жас жеткіншектерді буржуазиялық қоғамның идеяларына берілгендік рухына тәрбиелеу.

1921 жылы мұндай ұйымдар Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, т.б. елдерде өркендей бастады. 1972 жылы скауттар ұйымы 106 елде жұмыс істеді. Ресейде скауттардың отряды алғашңы рет 1909 жылы Пущино селосында ұйымдастырылды. 1914 жылы II Николайдың жарлығы бойынша "Русский скаут" қогамы құрылды. Негізгі мақсаты - жастарды ұлы державалық шовинизм және монархиялық құрылысқа берілгендік рухына тәрбиелеу.

1917 жылы Ресейде 50 мың скауттар болды. 1918-20 жылдары комсомолдардық I, II және IV съездерінің шешімдері бойынша скауттық топтар таратылып, олардың орнына жаңа балалар ұйымдары құрылды.

1920-30 жылдарда бұрынғы КСРО-да және кейбір басқа мемлекеттерде жасөспірімдер мен балалар ұйымдарының өсуі, скауттың ұйымдарының ықпалы төмендеуіне әсер етті. Өйткені бұл ұйымның Заңы, анты, ұраны буржуазиялық моральды бойнелеп келді. Скаут мүшелерінен өз басшыларына, ата-аналарға, мемлекетке бағынуды талап етті. Осыған байланысты кои жылдар бойы КСРО-ғы жастар ұйымдары мен скауттар үііымдары арасында қарама-қайшылықтар орын алып келді. 1990 жылдан бастап Бүкілодақтың пионер слетінің шешіміне сөйкес балалардың қоғамдық қозғалысының дамуына елеулі жаңа өзгерістер болды. В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық пионор ұйымының балалар қозғалысының жалғыз және бірыңғай пысаны, демек, орталық басқару органы болу уәкілдігі тоқтатылды.

Осыған орай, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, бірлестіктері саяси-экономикалық, білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне және тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға нақты үлес қосулары қажет.

Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық және басқа ұйымдар балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына барынша жәрдемдесіп, көмек көрсетеді.

XX ғасырдық 90-шы жылдарының бас кезінде скаутизм қайтатуды. 1990-91 жылы бұрынғы КСРО-да 70-тен астам скауттар отрядтары жұмыс істеді. Скауттар қозғалысының тартымдылығы, жақтаушыларының, ізбасарларының санының өсуіне және өмірге икемділігіне, тіршілікке қабілеттілігіне мүмкіндік туғызады.

1991 жылы бұрынғы КСРО-ның ыдырауына байланысты оның құрамындағы барлық одақтас республикалар егеменді мемлекеттерге айналды. Олар бостандық алып, жастардың қоғамдық ұйымдарын жаңа демократиялық талаптарға сай ұйымдастыру қажет деп тапты.

Бүгінгі қоғам жағдайында Отан игілігі үшін дызмет ететін балалар қозғалысының дамуына мүмкіндік жасайтын ұйымдардық бірі - балалар мен жасөспірімдер бірлестігі. Олардың республикада болып жатқан демократиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, экологиялық өзгерістерге қатысы бар. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының мақсаты: қоршаған дүниені тану және жақсарту үшін әрбір балаға көмектесу, өз Отанының қадірлі азаматы етіп өсіру.

Ұраны: "Отан үшін, жақсылық және әділдік".

"Атамекен","Жұлдыз" бағдарламаларының маңызы мен мазмұны

Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер ұйымдары өздерінің іс-әрекеттерін "Атамекен", "Жұлдыз" бағдарламаларын басшылыққа алып жүргізеді. "Атамекен" бағдарламасында балаларға арналған тәлім-тәрбие жұмысының бірнеше бағыттары көрсетілген. Олар:

• "Салт-дәстүр, әдет-ғұрып" қазақ және Қазақстандағы басқа халықтардың ұлттық салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен танысу. Этнографиялық жұмыс, фольклорлық материалды жөндеу.

• "Шежіре" - қазақ халқының және Қазақстанда мекендеген халықтардың тарихын, мәдениетін, дәстүрін зерттеу, тарихи мәліметтерді жинау, архитектуралық ескерткіштерді есепке алу.

• "Сөнбес жұлдыздар" - қазақтың және басқа ұлттардың ұлы ағартушыларының, батырлардың, ақындардық, ғалымдардың, саяси қайраткерлердің өмірін, қызметін және туған өлкенің тарихын зерттеу.

• "Толғау" - балалар қазақ халқының ұлттық төл мұралары, фольклорлық-этнографиялық музыка аспаптары, т.б. мұралары туралы мағлұматтар іздестіреді.

• "Наурыз" - халық мейрамдары, әдет-ғұрыптары, халық ойындарымен танысу.

• "Орта" - балалар табиғатты қорғаудағы мәселелерге байланысты экологиялықжорыңтар, саяхаттар ұйымдастырады.

• "Ардагер" - Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқан жауынгерлер туралы деректер жинап, мұражай, ескерткіш тақталар ашу.

• "Достық"-әрбір мектепте ұлттық мәдени орталықтар ашу, шетелдердегі балалармен достық байланысты дамыту. Қазақстан тарихына, мәдениетіне із қалдырған әр түрлі ұлт адамдарының өмірімен, іс-әрекетімен танысып, зерттеу.

• "Алыстағы бауырлар" - шет елдерде тұратын қазақтармен және басқа ұлт балаларымен байланыс жасау: хат жазысу, кездесу, тәжірибе алмасу, бірлесіп шаралар өткізу, т.б.

1991 жылы Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдер ұйымдары үшін Ақмола облыстық балалар ұйымының авторлық ұжымы профессор Е. А.Дмитриенконың басшылығымен "Жұлдыз" бағдарламасын жасады.

Бұл бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің республикалық слетінде қаралып, 1991 жылы мамыр айында қабылданды. Бұл құжатта былай делінген: "Жұлдыз" бағдарламасы сенің жарқын өмір сүруіне, қиындықтарды жеңіп, нағыз достар тауып, бақытты болуына көмектеседі".

Ең бастысы - өз жұлдызыңның биік шыңына шығу тек өз қолыңда екенін ұмытпа. Ол үшін өзіңе-өзің көмектес! Бағдарламада балалардың жас ерекшелігіне байланысты 4 кезең көрсетілген:

1. Балапан" кезеңі - 5-8 жас.

2. "Балдырған" кезеңі - 9-11 жас.

3. "Жас ұлан" кезеңі - 12-14 жас.

4. "Мұрагер" кезеңі - 15-18 жас.

Осы төрт кезеңнің негізінде іс-әрекеттердің нәтижелі аяқталуына "Жұлдыз" бағдарламасындағы 7 сәулекөмектеседі. Олар:

1. "Үйелмен сәулесі" - өзің шыққан ататегіңді тануға көмектеседі.

2. "Достар" сәулесі - сенімді дос табуықа, өзіңнің де нағыз дос болуына көмектеседі.

3. "Жер" сөулесі - туған жеріңді, Отаныңды сүюге, халқыңның адал азаматы болуына көмектеседі.

4. "Білім мен іскерлік" сәулесі - көп біліп, көп нөрсені танып, үйренуге көмектеседі.

5. "Қүштарлық" сәулесі - бос уақытыңды қызықты, пайдалы өткізуге көмектеседі.

6. "Мамандық" сәулесі - өмірде өз орныңды табуға, өзіңді қызықтыратын ісіңді табуға көмектеседі.

7. "Үндестік" сәулесі - әдемі, лайьщты өмір сүруге көмектеседі.

Әрбір сәуледе төрт кезең қайталанып отырады. Сонымен "Атамекен", "Жұлдыз" бағдарламаларыныңжасөспірімдердің ойын, дүниетіным қабілеттерін қалыптастыруда, инабаттылық, имандылық қасиеттерін тәрбиелеуде әсері мол.

"Кәусар бұлақ" бағдарламасы (авторы Зейнеп Ахметова) "Сөз атасы сәлем" Ата-баба дәстүріндегі сәлемдесу жөн-жобалары (шаңыраққа сәлемдесу, аттан түсіп сәлемдесу, қолдасып, төс қағысып амандасу).

"Ұлттық болмыс ұғымдар" Жетілік ұғым (7 ата, 7 күн, 7 шелпек, 7 қазына, т.б.)

"Қазақша жыл, ай атаулары туралы".

"Ислам дінімен байланысты ұғымдар" (ораза, айт, намаз, т.б.).

"Қазақтың тыйым сөздері" (Үйді айналма, итті теппе, түзды төкпе, нанды аяқпен баспа)

"Бабалар батасы".

"Адамдық парыздар" – үлкенді сыйлау, туыстық туралы, туған жер, әке-ана, ата-әже.

"Еңсесі биік Аң Орда". Киіз үйлі қазақпыз. Ұлттың жиһаздар, ұлттық киім, киіз туралы (оның түрлері, қадір- қасиеті).

А. Қыраубайқызының "Сенім бағдарламасы"

Бағдарлама бойынша жұмыс істейтін мектептің мақсаты:

• Баланы жасытпай оқыту, бүйығылықтан құтқару, сенім-сіздік комплекстерін жою;

• Адамның ішкі еркіндігі мен әлеуметтік қатынастарға ыңғайлылығын қатар дамыту;

• Мектеп ішінде өміршілдік пен өктемдікті кажет етпейтін құрылымды қолдану;

• Саясаттандыруға ұмтылмайтын, мәңгілік құндылыктарды меңгеруге тәрбиелейтін мектеп.

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты:

• Мемлекеттік базалық білім мазмұнын беру.

• Культурологиялық бағыттағы пәндерді тереңдете оқыту.

Қазақ және әлем мәдениеті:

• Шәкірттің өз бастамашылығын дамытуына жағдай жасау.

• Ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту.

• Белсенді қызығуын дамыту.

Жан тәрбиесі:

• Баланың өзіндік "Мен"-ін анықтауына көмектесу.

• Қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.

• Кісілік, парасаттылық:

• жан-жақтылыққа;

• салауатты өмірге;

• имандылыққа тәрбиелеу;

• Дене мәдениеті - жан тәрбиесімен бірлікте қарастырылады.

Баланы сенімсіздік комплекстерінен шығару құралдары:

• хат жазысу;

• тәжірибелік — бейнелеу сабақтары;

• музыка;

• мектептің бала шығармашылығын дәріптеуі;

• сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін үйрету;

• шығармашылық және "Би мәдениеті";

• киіну мәдениетін қалыптастыру;

• ырғақ, дене мәдениеті, би мәдениеті сабақтары;

• табиғат;

• баланың "мен"-ін сыйлау.

Мұғалімнің жұмыс нәтижесі:

Шәкірттің:

• өзін еркін сезінуі;

• сабаққа қызығуы;

• білімі;

• жоғары және өте жоғары бағдарламаны меңгерген оқушылардың көп болуы, олармен:

• адамшылық қарым-қатынасы;

• мәдениеттілігімен бағаланады.

Мұғалімге қажетті қасиеттер:

• жылылық;

• түсінгіштік;

• сезімталдық;

• кең ойлай алу;

• баланы шабыттандыра білу;

• балаға адам ретінде қадірлі болу;

• сабағының қызықты әрі пайдалы болуы;

• шығармашылық ізденісі.

Мұғалімнің Түпкі Мұраты - баланың рухани өсуіне басшылық жасау. Рухани өсіру дегеніміз - кісілік қасиетін дамыту;

- шығармашылық қабілетін дамыту;

- дүниетінымын кеңейту;

Мұғалім еңбегінің саралануы

Әр тоқсан сайын шәкірттерге сауалнамалар беріліп, қорытындыланып отырады.

Мұғалім келісім-шарт арқылы қабылданады

Келісім-шарт бір, үш, бес жылға және одан да ұзақ уақытқа жасалады. Қабылдау кезінде ауызша және жазбаша сауалнамалар қолданылады.

Мұғалімнің сабақты жоспарлауы

Күнтізбе жоспары ғана талап етіледі. Күнбе-күнгі сабақ жоспары міндетті емес. Шығармашылық ізденісіне жол беріледі. Адамгершілік қарым-қатынас — мектеп өмірінің өзегі

Мектеп басшылығы мен ұстаздар арасында және ұстаз бен шәкірт арасында адамгершілік қатынас, түсіністік, мәдениетті орта жасалады. Әміршілдік пен өктемдікке қажеттілік жойылады.

Әр жылдықтағы шәкірт саны 15-20-дан аспайды.

Бастауыштағы сабақтың 30 минуттан болу мүмкіндігі қарастырылады.

Қазақ және әлем мәдениетін тереңдете оқыту І-ХІ жылдық дәстүрлі емес және тереңдетілген сабақтар.

"Әлем және мен" бағдарламасы (Бастауышта).

Мақсаты: баланың дүниетінымын кеңейту, заман және тарих ұғымын қалыптастыру, ел-жер-әлем ондағы өз орнын белгілеу. Білу мен сенімділік жан дүниесін жасауға арналады. Төрт бағдарламаның басын біріктіреді:

ТІЛАШАР.

ЕЛТАНУ.


ӨЛЕМТАНУ.

ӘДЕП.


"Тілашар": 1-2жылдықтардаертегі, мысалдар, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер. 3-4 жылдарда- аңыздар, Құран сүрелері арқылы әлеуметтік қарым-қатынас, жауыздық пен әділет ұғымы қалыптасады.

Бұл ұғымдар 5-6 жылдықтарда Грек-Рим, Шығыс мифологиясын оқыту және одан жоғары жылдықтарда ұлы адамдар ом ірінен алынған хикаялармен таныстыру арқылы жалғасады.

"ЕЛТАНУ" - қазақ тарихының әліппесі.

"ӘЛЕМТАНУ" - дүние-жаратылыс әліппесі.

"ӘДЕП" - ақылдылық әліппесі. Адамдармен қарым-катынас, ортадағы өз орнын белгілеудің алғышарттары.

Бастауыш сынып баласы білгеніне ғана емес, қолынан не нерсе келгеніне қуанады. Сол себептен "Тілашар" сабағындагы сюжеттеринтеграция арқылы сурет, қолөнер, театр сабақтарымен бірге жүреді. Образдық суретін салып, қолымен жасап, ойнап көреді. Осы тәжірибелік-бейнелеу сабағында әр жеке тұлға өз дәрежесінде нәтижелерге жетуі керек.

"ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ". Ислам өлемін үлкен мәдениеттің көрінісі ретінде таныту. Ислам тарихымен, пайғамбарлар өміріне қатысты аңыздармен таныстыру. Қүран сүрелерін талдау. Мұсылманның қырық парызын үйрету. Жекелеген сүрелерінің мән-мағынасын түсіндіре жаттату. Ислам дінін имандылыққа тәрбиелеудің жолы ретінде оқыту.

Көрнекті педагогтар ұжым туралы

Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский ұжым туралы.

Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәсел есі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.

Ұжым теориясына Н.К.Крупская,А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Щацкий, В.А.Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.

Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті.

Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А.С.Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.

А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардық жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортаң мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.

Ұжымдьщ іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның кеңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.

А.С.Макаренконыөойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір үясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.

А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:

• ұжым алдындағы айқын мақсат;

• ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;

• ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

• өз арасында міндеттер белгілеуі;

• белгіленген міндеттерді орындауы;

• қатаң тәртіптің болуы;

• өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.

В. А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Коллективтің құдіретті күші", т.б. баяндалды.

В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.

Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.

Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою бала-ларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.

Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.

Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:

• Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;

• Ұжым іс-әрекетінің дамуы.

• Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы.

• Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды өр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.

Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең - белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады.

Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудық арқасында ұжым-дық, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.

Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір -бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе теріске шығарады. Демек, ұжымдықталқылау, бағалау жариялылық, әрекеттілігі - қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.

Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.

Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко: "Егер балалар алдында қуанышты, қызыңты, істер бол-маса, онда олар өмір сүре алмайды. Адам өмірін шын ынталандыру - ертеңгі қуанышты сезіну".

Жақын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар.

Орта перспектива: балалар лагеріне бару, жылсайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу. Қашың перспектива -ұжымның немесе жеке адамның ұзақ мерзімге созылатын бір істі орындауға талаптануы. Қашық перспектива: келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе кәсіптік оқу орындарына түсу.

Қоғам адамдары кашьщ перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.

Әрбір мұғалімнің міндеті - перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалану, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.

Ұжым өмірінде дәстүрдің тәрбиелік маңызы зор. Дәстүр -бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардық қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер. А. С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітіп, нығайтып, оны толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжым өміріндегі дәстүрдің түрлері: мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.



Балалар ұжымының өзін-өзі басқару мәселелері. И.П.Ивановтың коммунарлық методикасы

А.С. Макаренко идеясын И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" дамытты. Коммунар әдісінің мәні - ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлық іс-әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдьщ жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру. Бұл әдістер И. Л. Ивановтың "Коллектившілерді тәрбиелеу" атты еңбегінде жазылған.

Ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1-кезенде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады. іс жобасы жасалады.

2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.

3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.

4-кезеқде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындық қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы — сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.

5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?" "Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап алады.

6-кезенде ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.

Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.



Даму кезендерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері

Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудық мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш -болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.

Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.

Белгіленген болашаң үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда сынып жетекшісінің ұйымдастыру жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, ңиялын ояту, өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашаң үміт дүниесін айңын, бейнелі, әсем суреттей білуі, балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіруі, орынды талап қою, балалардың мүмкіндігіне сай жұмыстар беру, оның ұжымға және жеке тұлғаға қажеттілігін дәлелдеуі.

Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардық өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы - ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...