Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері

Loading...


бет1/6
Дата29.03.2020
өлшемі106.21 Kb.
  1   2   3   4   5   6
Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері
Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.

Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.

Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. 

Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:

-   гуманистік сипаты;

-   ұжымдық сипаты;

-   адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;

-   шығармашылық сипаты;

-   қарым-қатынас жүйесінде болуы;

-   мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.

Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.

Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.

Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.

Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.

Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін,  терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.

Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды. 


Мұғалімінің іс-тәжрибелік дайындығы
Мұғалімнің практикалық дайындығы оның сыртқы іскерліктері арқылы, яғни байқауға болатын әрекеттері арқылы анықталады. Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктерден құралады. Ұйымдастырушылық іскерліктің құрамы өз кезегінде мобилизациялық, ақпараттық, дамытушылық және бағыттаушы іскерліктерден құралатынын 6-сызбадан көріп отырмыз.

 Мұғалімнің мобилизациялық іскерлігі бағытталады:

- Оқушылардың оқуға деген зейінін аудару және тұрақты қызығушылығын дамыту;

- Оқу дағдыларын қалыптастыру, оқу іс-әрекетін ғылыми ұйымдастыру тәсілдерін үйрету;

- Оқушылардың белсенділігін, шығармашылықтарын қалыптастыру;

- Ынталандыру және жазалау әдістерін тиімді қолдану.

Ақпараттық іскерлік – оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылады.

- Ақпараттық іскерлікті қолдану барысныда ақпарат көздері білім беру процесінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес өңделеді.

- Ақпараттық іскерлік төмендегі қабілеттерде көрінеді:

- Пәннің ерекшелігіне, оқушылардың дайындығы, өмірлік тәжірибесі, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу материалын түсіндіруде;

- Әр түрлі әдістерді қолдана отырып, оқу ақпаратын беру процесін дұрыс ұйымдастыруда;

- Сұрақтарды қысқа әрі ұғынықты құрастыруда;

- Көрнекі құралдарды тиімді қолдануда;

- Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі мен сипатын оперативті болжауда қолданылады.

Дамытушы іскерлік құралады:

- Оқушының жақын даму аймақтарын анықтау;

- Оқушылардың таным процесін, сезімдерін, еріктерін дамыту үшін проблемалық ситуациялар құрастыру;

- Танымдық дербестікті, шығармашылықты ынталандыру;

- Жекелеген қабілеттерді дамытуға жағдай жасау.

Бағыттаушы іскерлігі –  тәрбиеленушілердің адамгершілік құндылықты ұстанымдарын және дүниетанымын қалыптастыруға бағытталып, оқу іс-әрекетіне және ғылымға деген тұрақты қызығушылығын, тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырудан құралады.

Ал практикалық дайындықтың келесі іскерлігі коммуникативті іскерлік. Келесі 7-сызбада мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің құрамы көрсетілген.

Сызба 7. Мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің түрлері.


 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  Перцептивті іскерлік – қарым-қатынастың басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табады. Ол үшін басқа адамдардың құндылық бағдарын білу керек. Перцептивті іскерлік арқылы алынған ақпарат педагогикалық қарым-қатынастың тиімді өтуіне ықпал жасайды.



В.А.Сластенин перцептивті іскерлік төмендегілерден тұрады дейді:

•  Бірлескен іс-әрекетте серіктестің белгілері туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, қабылдау;

•  Басқа адамдардың тұлғалық мәніне терең ену;

•  Адамның жеке ерекшеліктерін анықтау;

•  Адамның қандай типке, темпераментке жататынын анықтау;

•  Адамның сыртқы сипаты мен өзін-өзі ұстауы бойынша адамның ішкі әлемі, болашақ іс-әрекетін және бағытын анықтау;

•  Адамның көңіл-күйін, жағдайын, белгілі бір оқиғаға деген қатынасын анықтау;

•  Адамның құндылық бағдарын көре білу.



Педагогикалық қарым-қатынас іскерлігі: Коммуникативті шабуыл, яғни сөйлесуді жүзеге асыру түрінде көрініс табады.

Педагогикалық техника мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.

Ол төмендегі іскерлік пен дағдылардан құралады:

•  Дұрыс жұмыс стилін таңдау;

•  Оқушылардың зейінін басқару;

•  Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін дамыту;

•  Мұғалімнің өз денесін басқаруы;

•  Психологиялық жағдайды реттеу;

•  Әр түрлі сезімдерді білдіру техникасын білдіру;

•  Ақпаратты бейнелі жеткізе алу


Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы
Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин).

Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекетттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков).

Жоғарыда келтірілген сызбадан көріп отырғанымыздай мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі теориялық және практикалық дайындықтардан құралады. Теориялық дайындық өз кезегінде аналитикалық (талдау), болжау, жобалау, рефлексиялық іскерліктерден құралса, практикалық дайындық коммуникативтік және ұйымдастырушылық әскерліктерден тұрады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі үшін тек теориялық және практикалық дайындықтың болуы жеткіліксіз. Кәсіби құзіреттіліктің құрамын қолданбалы іскерліктер де толықтыра түседі. Оған шығармашылық іскерліктер – сурет салу, ән айту, музкалық аспаптарда ойнау, би билеу, спорт түрлерімен шұғылдану және т.с.с. іскеерліктер жатады. Әрине, педагогтың кәсіби құзыреттілігі тек аталған іскерліктер құрамымен анықталады деп айтуға болмайды.
Мұғалімге қойылатын талаптар
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан мұғалімге қойылатын талаптар да өте көп.

Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады: жалпы адамзаттық талаптар, мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар, пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары. Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. Ал мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және т.б. кіреді. Ал үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің болуы, педагогикалық-психологиялық білімдерінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі және т.б. өзіне меңгереді.

Педагогикалық талаптарды анықтауда педагогикалық қабілеттердің алатын орны ерекше. В.А. Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді көрсетеді. Ал зерттеуші А.И.Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызады.

Мұғалім мамандығы тек әлеуемттік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық  емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:

- жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуеметтік белсенділік;

- балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;

- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;

- жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;

- үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы;

- психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.

Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды роль атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық призваниесінің болуы. Педагогикалық призвание негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады.

Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптар да бар. Оларға мыналар жатады:

- балаға деген сүйіспеншілік;

- эмпатия;

- қарым-қатынасқа жылдам түсе алу,

- ізгіліктілік;

- талап қоя алушылық;

- қайырымдылық;

- рухани байлықтың болуы;

- әділеттілік;

- өз сөзінде тұра алу және т.б.
Жаңа дәуір мен қазіргі заманғы білім беру ісінің дамуы

 

Капитализм дәуірінде мұғалім мамандығы бұқаралық мамандыққа айналды. Яғни, арнайы білімі бар кез-келген адамның мұғалім болуына мүмкіндік жасалды. ХVІІ ғасырда педагогика ғылымы философилық ғылымдар жүйесінен бөлініп шығып, өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика ғылымының негізін салушы чех педагогы - Ян Амос Коменский.  Я.А. Коменский педагогика ғылымын жеке ғылым ретінде дәледеп, оның теориялық негіздерін жасады. Кейін оның ісін белгілі педагогтар И.Г. Пестолоцци, А. Дистервег, И.Гербарт, Дж. Локк, Д. Дьюи, К.Д. Ушинский, А.С.Макренко, В. Сухомлинский, Н.К. Крупская және т.б. жалғастырды.



ХVІІІ ғасырдың соңында Ресейде педагогикалық білім берудің пайда болуына және дамуына байланысты мұғалім мамандығына қойылатын кәсіби талаптар жүйесі анықталды. Ресейдегі алғашқы мұғалімдер даярлайтын оқу орны 1779 жылы Мәскеу университеті жанынан мұғалімдер семинариясы ашылды. Семинария бастауыш пән мұғалімдерін дайындады.

1804 жылы алғашқы педагогикалық университет ашылды.  ХІХ ғасырда арнайы білім алған мұғалімдер қызмет жасай бастады. Олар ауқатты адамдардың үйлерінде және медрселерде бала оқыту ісімен айналысты.

Қазақстан жерінде жаңа дәуірде мектеп ісі біршама қарқынды дамыды. Әсіресе, ХІХ ғасырда елімізде ағартушылық идеялардың кең таралуына байланысты және Ресей империясының отаршылдық саясатының нәтижесінде мектептер ашылып, халықты сауаттандыру ісі жолға қойылды (орыс тіліндегі мектептер негізінде). Ресей империясының орыс тілдік мектептерінде елді басқаруға көмектесетін төменгі буын басшыларын дайындайтын мамандарды, тілмаштарды әзірлеуге көңіл бөлді. Сонымен бірге,  қазақ тілінде және аралас тілде оқытытатын мектептер де болды. Мысалы, ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің Торғай жерінде ашқан мектептері қазақ және орыс тілінде сабақ берді. Бұл мектекптерде мұғалімдік қызметті Ресейлік мұғалімдер даярлайтын семинарияларды аяқтаған мамандар және сауатты, білімді мамандар атқарды.

Қазақ жерінде, сонымен бірге, діни сипатта оқытатын медереселер де кең тарады. Бұл мектептер тек дін сабақтарын оқумен ғана шектеліп қалмады. Олар зайырлы пәндерді де оқытып, балаларды шығыс және батыс өркениетінің жетістіктерімен таныстырды.

ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстан жерінде жоғары оқу орындар ашыла бастады. Алғашқы мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында ашылды - Киров атындағы педагогикалық институт (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті). Ал еліміздің облыс орталықтарында жоғары оқу орындар жүйесі 1940-1950 жылдары қалыптасты. ХХ ғасырдың 80-жылдары педагогикалық институттарда мұғалім қызметіне қосымша мамандандырулар беріле бастады, мысалы екінші бір пәннің мұғалімі т.с.с.

Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздегі педагогикалық институттар университеттер болып қайта ашылды. Олар ендігі кезекте тек мұғалім мамандықтарын ғана емес, қоғамға қажетті басқа да маман иелерін дайындай бастады.

Шығыс Қазақстан жеріндегі мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1952 жылы Өскемен қаласында Өскемен педагогикалық институты ашылды. Ол 1991 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып ауыстырылды. Бүгінгі күні бұл университет мектепке қажетті барлық пән мұғалімдерін даярлау ісімен айналысады. Университетте мектептке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтарымен қатар, бастауыш сынып және орта мектеп пән мұғалімдерін даярланады.

Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.

Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.

Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.

Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.

Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.

"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.

Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.

Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.

Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.

Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.

Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.

Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:

1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.

2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.

Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.

Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.

Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.

Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.



Педагогиканың шығуы және дамуы

Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.

Ежелгі дуние философиясы әртедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.

ХV-ХVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла). Гуманистәр жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.

Феодализмнен капитализмге өту деуірінде дін шығармауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.

Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.

Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы "таза тақтаға" теңеді. Францияда Жан-Жак Руссо (17і2-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ төртібіне қарсы "әркін тәрбие" идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы И.Пестолоцци "Лингард и Гәртруда" деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады.

Ресейде революқиялық-демократияшыл ойдық негізгі салушылар:

А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Гәрцен; XIX ғасырдық 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов; XIX ғасырдық екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар: Н.И.Пирогов, К.Д.Уінинский, Л.Н.Толстой, т.б. болды.

Н.К.Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н.К. Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі - оқыту теориясы. Сонымен катар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді.

Көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйелік, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.

Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: "Ата-аналар кітабы", "Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер , "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі", "Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері”, "Педагогикалық поэма", "Мұнара үстіндегі тулар". Бұл енбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын біріңғай педагогикалық талаптарды зерттеп, жинақтады.

Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогикалық жүйесіпде әрбір оқушының басынын жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығуінылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. "Павлыш ортамектебі, "Балаға жүрек жылуы", "Ұжымның құдіретті күші", "Мектептің жас директорымен сырласу", "Ұлыма хат", тағы басқа күнді еңбектері арқылы В.А.Сухомлинский жас урпавда тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.

Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі -Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865). Ағартуіны-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдықғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін ақсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуіні әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді "Тек ақиқат білім ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді', - деді Шоқан.

Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады Ы.Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты.

Торғайда – қөленер, Қостанайда - ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда - қазақ қыздарына арнап мектеп-интірнат ашылуына зор ықпал жасады.

Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Қунанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен "Гадлия" сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзкарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстурінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежузілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.

Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра калдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ, қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.

А. Байтұрсынов "Қазақ" газетіндегі (1914 ж) "Мектеп керектері' деген мақаласында: "Ең әуелі мектепке керек - білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардық қолайлы әм сайлы болуы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідегі болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы", - деп оқытудық дидактикалық принциптерін| ғылыми тұрғыда белгілеп берді.

А.Байтұрсынов ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мусылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам алдына ол қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген талаптарды бастауіны болды.

Міржакып Дұлатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми түрғыдан қараған, шәкірттәрдің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуне әрекше мән берген педагогтардың бірі.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. "Тәрбиеге жетекші" атты еңбегінде (1924 ж.) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.

Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына тәрең үңілгендердің бірі - Мағжан Жумабаев (1893-1938). Оның "Педагогика" атты еңбегі соң кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.

Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық, көрді. Ол "Ес және есте сақтау меселелері', "Ой мәселелері", "Дағдылану мәселелері' атты еңбегінде (1936 ж.) шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы соз қозғайды, сол салада жүргізгілген сараптамалық зерттеулердің нетижесін оқырман назарына ұсынады.

Қазақтық белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтың (1905-1989) қаламынан сексеннен астам қомақты ғылыми-педагогикалық еңбектер шықты. "Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы" (1962 ж.) атты монографиялық еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардық жасалу жолдарын, мұғалім кадрларын даярлау ісіндегі қол жеткен табыстарды нақтылы дәректермен ғылыми тұрғыда дәлелдеді.

Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика меселелерімен жан-жақты айналысқан педагогтардың бірі өзінің "Педагогика мәселелері' (1940 ж.), - деген атпен шыққан кітабында шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдәрі баланың өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру, оқушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын дамытып қа-лыптастыру, оның алған білімі мен дағдысын, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздерін қарастырады.

Қартбай Бержанов (1924-1976) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда педагогика ғылымы XX ғасырдық екінші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...