МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ - САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Қызылорда облысы. Жалағаш ауданы №123 Т.Жүргенов атындағы орта
мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Искакова Айгерім Жарқынбекқызы
«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» Г. Галилей
Әлемде қай сала болмасын он жылда бір реформа жасалып тұрады екен. Қарқынды бет алған білім саласындағы
өзгерістер десаясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін «Мұғалімдер оқушыларды
ХХІ ғасырға қалай дайындайды, оларға нені оқыту керек?» деген сауал өзінен-өзі туындайды. Осы мақсатта Қазақстан
Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша
біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан-жақты дамыту үшін
қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді,
алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Заманауи
тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана
білуіне басты
назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Құзырлы
мұғалімдердің
қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі туралы зерттеулерден білуге болады.
Кәсіби
біліктілік
пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік
мақсатты көздейтін
мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Олардың
көңілінде үнемі көңілге сай оқыту тұрады. (Frost, 2011). Мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған бас, қол, жүрек
сияқты қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Бұл дана Абай философиясындағы адамға үш-
ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы
жүрек дегенге саятын секілді, менің ойымша. Яғни, ыстық
қайрат дегені қол, нұрлы ақыл дегені бас, жылы жүрек болса да түсінікті. Бағдарлама идеясымен жұмыс жүргізгенде
ұқлы ақынның айтып кеткен ғибрат сөздерін еске түсіріп, ата-бабаларымыздың
жаңашылдықты әуел бастан-ақ
болжағанына қайран қаламын.
Алдымен ата-ана, оқушы, әріптестер сауалнамасы нәтижесімен, мектеп әкімшілігімен ақылдаса отырып, №123
Т.Жүргенов атындағы орта мектептің даму жоспарына сындарлы оқытудың теориясына негізделген әдістерін
енгізудің
жоспарын жасап алдық. Мақсаты:
1.
Мұғалімдердің сабақ беру әдістемесіне сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін енгізу, дамыту;
2.
Әріптестерге сын тұрғысынан ойлауды дамыту модулін сабақ үдерісінде нәтижеге бағыттай қолдануды игерту,
іс-тәжірибелерінде пайдалануға қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру;
3.
СТО әдіс-тәсілдерін мұғалімдердің тәжірибелеріне кірістіру арқылы оқушылар өз пікірін еркін жеткізуге, сыни
ойлауға үйренеді;
4.
Оқушылар алған білім, дағдыларын практика жүзінде пайдалануға дағдыланады.