Методическое руководство по обучению правам ребенка с использованием сюжетов и персонажей детских книг и анимационных фильмов


-бап. Заңсыз орын алмастырудан қорғалу. Мемлекет сені шетелге заңсыз жөнелтуге қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды. 12-бап



бет41/52
Дата02.01.2022
өлшемі0.62 Mb.
#19741
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
11-бап. Заңсыз орын алмастырудан қорғалу.

Мемлекет сені шетелге заңсыз жөнелтуге қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды.



12-бап. Баланың көзқарастарын құрметтеу.

Сен өз ойыңды, пікіріңді еркін жеткізуге құқылысың және ересектер саған қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударулары тиіс.



13-бап. Пікір айту және ақпарат алу еркіндігі.

Сен саған немесе басқаларға зиян келтірмейтін әр түрлі ақпаратты іздеуге, алуға және беруге құқылысың (мысалы, хат, өнер, теледидар, радио немесе Интернет арқылы).



14-бап. Ой, ар-намыс және дін бостандығы.

Сен наным-сенімдерге және дінге құқылысың, және басқа адамдардың құқығын бұзбаған жағдайда өз дініңді уағыздай аласың. Ата-анаң бұл құқықтарды саған түсіндіруі тиіс.



15-бап. Ассоцияция және бейбіт жиналыс бостандығы.

Басқа адамдарға зиян келтірмеген жағдайда, сен басқа балалармен кездесуге және олармен топ құруға құқығың бар.



16-бап. Жеке өмір, ар-намыс және абырой

Сенің жеке өмірге құқығың бар. Сенің абыройыңа нұқсан келтіруге, сенің үйіңе кіруге, хатыңды және электронды хатыңды рұқсатсыз оқуға ешкімнің құқы жоқ.

Сен және сенің отбасың ар-намыс пен абыройға заңсыз араласушылықтан қорғалуға құқылысыңдар.

17-бап. Ақпаратқа және бұқаралық ақпарат құралдарына қол жетімділік.

Сен кітап, газет, журнал, теледидар, радио және интернетті қоса, әртүрлі ақпарат көздерінен шынайы мәлімет алуға құқығың бар. Мәліметтер саған пайдалы және түсінікті болуы қажет.

18-бап. Ата-ананың жауапкершілігі.

Ата-анаңның екеуі де сенің тәрбиең мен дамуыңа бірдей жауапты, олар сенің ең қажет мүдделеріңді есепке алуға міндетті. Мемлекет баланы тәрбиелеуде және дамытуда ата-аналарға тиісті көмек көрсетуі тиіс, әсіресе ата-аналары жұмыс істесе.



19-бап. Зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен, немқұрайлы және қатыгез қараудан қорғау.

Мемлекет сені ата-анаңның немесе қамқор болу жауапкершілігін мойнына алған басқа да тұлғалар тарапынан жасалған қысым көрсетушіліктің, зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға міндетті.



20-бап. Отбасынан айырылған балаларды қорғау.

Егерде ата-анаң және отбасың саған жеткілікті түрде қарай алмаса, онда сені дініңді, дәстүріңді және тіліңді құрметтейтін адамдар қарауы керек.



21-бап. Асырап алу.

Егер сені туған еліңде біреу асырап алса немесе шетелге алып кетсе, ол ең біріншіден сенің ең ең қажетті мүдделеріңді міндетті түрде ескеруі керек.



22-бап. Босқын балалар.

Егер сен өз отаныңда тұруға қауіпті болған соң басқа елге көшіп келсең қорғанысқа және жәрдем алуға құқығың бар. Сен осы елдің балаларымен теңдей құқықтарға ие боласың.



23-бап. Мүгедек балалар.

Ақыл-есің немесе денсаулығыңа қатысты жарымжан болсаң, қадір-қасиетің қамтамасыз

етіліп, өзіңе деген сенімділігіңді арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуыңа жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруге құқылысың.

24-бап. Денсаулық және денсаулық сақтау.

Сен өз денсаулығыңды сақтауға құқығың бар (мысалы, дәрі-дәрмекке, ауруханаларға және білікті медициналық қызметкерлерге қол жетімділік). Сен денің сау болу үшін ауыз суға, құнарлы тағамға, таза экологияға және аурудың алдын алуға құқылысың. Бай елдер кедей елдерге осындай стандарттарға жетуге қол ұшын берулері тиіс.



25-бап. Қамқорлыққа алу жағдайындағы кезеңдік бағалау.

Егер сен қамқорлыққа алынған болсаң және саған ата-анаң емес, жергілікті өкімет немесе мекемелер қарайтын болса, онда мемлекет тарапынан сол қамқорлықтың тұрақты тексеріліп тұруына құқылысың.



26-бап. Әлеуметтәк қамтамасыз ету.

Сен тұрып жатқан қоғамыңның сенің дамуыңа және лайықты өмір сүруіңе (мысалы, білім алу, мәдениет, тамақтану, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету) көмектесетін игіліктерін пайдалануға құқылысың. Мұқтаж отбасы балаларына арнап мемлекет қосымша қаражат беруі тиіс.



27-бап. Өмір денгейі.

Сен дене бітіміңнің, ақыл-есіңнің, рухани, имандылық және әлеуметтік дамуыңа қажетті өмір денгейіне құқылысың. Балаларына қажетті өмір жағдайын қамтамасыз ете алмаған ата-анаға мемлекет тарапынан көмек берілуі тиіс.



28-бап. Білім алу құқығы.

Сенің білім алуға құқығың бар. Мектептерде балалардың құқықтары сақталып, олардың ар-намысы кұрметтелуі тиіс. Бастапқы білім міндетті және тегін болуы керек. Бай елдер кедей елдерге осындай стандарттарға жетуге қол ұшын берулері тиіс.



29-бап. Білім алудың мақсаттары.

Білім беру мекемелері сенің жеке тұлға ретінде дамуыңа, бойыңдағы дарыныңды және ақыл-есіңді, дене бітімдік қабілеттеріңді барынша толық ашуы тиіс. Олар сені ересек өмірге дайындауы және ата-анаңды сыйлауға, өз еліңнің, басқа елдердің мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеуге үйретулері тиіс. Сенің өз құқығыңды дұрыс пайдалануды үйренуге құқың бар.



30-бап. Аз ұлттар мен жергілікті халықтың балалары.

Сен ана тіліңде сөйлеуге, туған жеріңнің салт-жораларын ұстануға және еліңде көпшілік ұстанбаса да өз дініңді дәріптеуге құқылысың.



31-бап. Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір.

Сен демалуға және ойын ойнауға, сондай-ақ мәдени және творчествалық өмірге қатысуға құқылысың.



32-бап. Балалар еңбегі.

Мемлекет сені қауіпті, зиянды және ауыр жұмыстан, сондай-ақ білім алуыңа кедергі келтіретін және басқалардың қанауына мүмкіндік беретін жұмыстан қорғауы тиіс.



33-бап. Балалар және есірткі заттарды заңсыз қолдану.

Мемлекет сені есірткі заттарды заңсыз қолданудан, сондай-ақ осындай заттарды өндіру мен сату жұмыстарына тартылудан қорғауға қажет барлық шаралар қолдануы тиіс.




Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files -> e-biblioteka
e-biblioteka -> «Сенім телефонының» жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер
files -> Математикалық анализ I
files -> Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидалары Негізгі ережелер
files -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №384 қаулысы Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы
files -> Биология (ботаника)
files -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №386 қаулысы
e-biblioteka -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы
e-biblioteka -> «Сенім телефонының» жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді