59
6. Қосымшалар
6.1 Қосымша 1
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі
«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан
Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл
ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері
қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне
арналған салтанатты жиында
сөйлеген сөзінен
2014 жылғы 15 желтоқсан.
Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы
байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған
Қазақстан
азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске
асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды,
бейбітшілік пен
келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен
мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық
мерейлі жылында осы
М Ә Ң Г І Л І КЕ Л – П А Т Р И О Т Т Ы Қ А К Т І С ІН
қабылдаймыз.
Елбасы, Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік
мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.
Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан
өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның –
қуатты әрі табысты
мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.
Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік
толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел –
Мәңгілік Елді құру
жолында біргеміз.
Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті
және біздің әрқайсымыз
үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және
еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім
ұғымдары орныққан.
Біз
Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және
ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: