Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. 70 с



Pdf көрінісі
бет18/88
Дата03.01.2023
өлшемі1.63 Mb.
#405706
түріМетодическое пособие
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88
Байланысты:
25 rekomen rus
ПС Педагог каз, Бағалау, ӘБ жоспары, 4-сынып Pirls, БӨЖ 1, Психология Н.Қанат (Тарих-203), аяу, 1 курс эссе корпоративные ценности молодого сотрудника ОНБ, past-simple-tense1
2. Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты– «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі контекстінде білім беру 
процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу. 
Міндеттері: 
Оқыту: 
- Оқушылардың «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін игеруін қамтамасыз 
ету; 
- оқушылардың (қазақстандық патриотизм, патриоттық акт, «Мәңгілік 
Ел», азаматтық, ұқсастық, менталдық, жалпы ұлттық бірлік, жалпы ұлттық 
идея, қоғамдық келісім, төзімділік) ұғымдарын меңгерулеріне көмектесу; 
Дамытушылық: 
- оқушылардың мәселелерді тұжырымдай білулерін дамыту, оларды 
шешу жолдарын ұсыну; 
- оқушылардың қатынастық мәдениетін (араласа білу, монологтік және 
диалогтік сөз құру) дамыту; 


37 
- сыни ойлау, жеке, топтық жұмысты ұйымдастыру, диалог жүргізе 
білуді дамыту; 
- оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін 
дамыту. 
Тәрбиелік: 
- «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеялар негізінде патриоттық тәрбие 
міндеттерін шешуге көмектесу; 
- жаңа қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық көзқарасты 
тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу; 
- құнды қасиеттерді: қазақ тілін құрметтеу, қазақ халқының, әр халықтың, 
этникалық топтардың әдет-ғұрпын, дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. 
3. Сабақтың қорлары 
 
Безендіру: 
1. Мемлекеттік рәміздер; 
2. Стенд (слайд) «Біртұтас Болашақ Ұлт - Мәңгілік Ел», (Қазақстан 
халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының фотосуреттері); «Ұлы Дала Елi»; 
«Біз – Үлкен Елміз – Үлкен Отбасымыз». 
3. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған 
салтанатты жиында сөйлеген сөздерінен үзінді. 2014 жылғы 15 желтоқсан; 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – 
болашаққа бастар жол» халыққа жолдауы; 2050-Қазақстан жолы: Бір мақсат, 
бір мүдде, бір болашақ: 
«Халықтың өмірі әрбір келесі ұрпақпен жалғасады. Сондықтан халықтың 
Мәңгілігінен асқан арман жоқ. Мәңгілік Елдің бұл идеясы, ертеңгі күнге жол 
ашатын, болашаққа сенім артатын, мықты тұрақтылықтың символы...»; 
«Мәңгілік Ел негізінде – қарапайым, түсінікті және әрқайсымыз үшін 
құнды шындық – біздің отбасымыздың амандығы, қонақжайлылығы мен 
еңбексүйгіштігі, тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен тұтастығы, ертеңгі күнге 
сенімділік жатыр»;
«Мәңгілік Ел – біздің біртұтас ұлт мықты болсын ! 
Қазақстанның бата алған жері мәңгі жасасын! 
Алға, Қазақстан!»; 
«Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, 
тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы 
еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, 
аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан 
таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI 
ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа 
Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан 
қоғамының осындай ұлы құндылығы»; 
«Біз, қазақстандықтар, біртұтас елміз! Біздің тағдырымыз ортақ – ол 
Мәңгілік Ел, біздің ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің 


38 
жалпықазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы. 
Жиырма бес жылдық тәуелсіз дамуымызда барлық қазақстандықтарды 
біріктіретін және болашақ еліміздің іргетасын қалайтын жаңа басты 
құндылықтар құралды. Ол аспаннан алынған теория емес. Бұл құндылықтар – 
Қазақстан жолындағы уақыттың тезінен өткен тәжірибесі ». 
4. Музыкалық безендіру: Классикалық және қазақтың ұлттық музыкасы
патриоттық тақырыптарға арналған аудио-бейнематериалдар; Отан және 
Астана туралы өлеңдер; Заманауи Қазақстанның жетістіктері туралы кітаптар 
және т.б. 
5. «Ұлт бірлігі – Қазақстанның экономикалық дамуының негізі» 
тақырыптық көрмеге арналған материалдар: кітаптар, қазіргі Қазақстан 
жетістіктері туралы суреттер; экономиканың дамуына ерекше үлес қосқан 
белгілі адамдардың портреттері (еңбек адамдары, ғалымдар, саяси 
қайраткерлер, космонавтар, спорт майталмандары); өлкетанулық материал; 
балалардың авторлық жұмыстары; анықтамалық материалдар; 
6. Бейнефильмдер топтамасы «Мәңгілік Ел» идеясын меңгеруге 
арналған иллюстрациялық материалдарды құрайтын әмбебап, көптілді білім 
беру платформалары; 
7. Оқушылардың жеке жетістіктерінің түрлі формадағы көрінісі: 
(авторлық көрме, жеке концерт, презентация, көрсетілім, ел алдына шығу және 
т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет