26
педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Тәрбие әдістері – тұлғаны қалыптастыру
мақсатында тәрбиеленушіге қарым-қатынас жүйесі мен тәртіптері, бала мен
педагог арасындағы өзара әрекеттестік тәсілдері.
Жоғарыдағы айтылғандардан тәрбие жүйесінің жалпы әдістерін
ұсынамыз:
• тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;
• іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру және тұлғаның қоғамдық тәртібі
тәжірибесін қалыптастыру әдістері;
• тұлғаны әрекеті мен тәртібін ынталандыру және уәждеу әдістері;
• тәрбиедегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.
«Мәңгілік Ел» идеясы контекстінде тұлғаның патриоттық тәрбиесін
қалптастыру әдістеріне жан-жақты тоқталамыз.
Кез келген іс-әрекет неғұрлым тиімді болады және сапалы нәтижелер
береді, ол үшін белсенді әрекет етуге ықпал ететін барлық күш-жігерін
жұмсауға дайын болатындай тұлғаның күшті, мықты, терең уәждері болуы
керек, кейбір кездесетін қиыншылықтарды, қолайсыз жағдайларды және басқа
да жағдайларды артқа тастап, жоспарланған мақсаттарды іске асыру үшін алға
қарай ұмтылу қажет. Әрекет уәждемесі оның ынтасымен тығыз байланысты.
Ынталандыру –
ойлануға қозғау салуға, итермелеуші күшке, сезімге түрткі
болу. Тұлғаға ықпал етуді күшейту және нығайту мақсатында патриоттық
тәрбиелеу факторы ретінде ынталандырудың әртүрлі әдістері пайдаланылады,
олардың арасында жарыстар, мадақтаулар, жазалау және т.б. барынша көп
тараған түрлері болып табылады.
Мысалы,
ынталандыру әдісін ұлы, танымал адамдардың үлгісінде
тәрбиелеу кезінде пайдалануға болады.Ұлы тұлғалар – саяси не болмаса рухани
қызметі қоғамның қажеттілігін толық көрсеткен және оның дамуына айрықша
әсер еткен, қызметі мемлекеттен тыс жерлерге таныс және бүкіләлемдік маңыз
бен танымалдылыққа ие болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекеттің
тарихы неғұрлым жарқын және әсерлі көрініс беруі ұлы адамдардың істерімен
байланысты болуы кездейсоқ емес. Заман ағымыныа қарай ұлы адамдардың
өмірі мен қызметін зерделеу егер бұл адамдар тек тарихты қана жасап қоймай,
мәдени құндылықтардың, адамгершілік принциптер мен аталған қоғамның
салт-дәстүрлердің жетекшісі болып табылса айрықша мәнге ие болады.
Даңқты тарихқа ұлы бабаларымызды
қосу адамда өз еліне, өзінің ұлы
тарихына, ұлы адамдарына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады. Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерінің алдында
жасаған өз лекциясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев біздің ата-бабаларымыз
Қазақстанның ұлан байтақ жерін қорғап, оны ұрпаққа мұра ретінде, сондай-ақ,
төл мәдениетін және өмірді қабылдау мен танудың ерекше рухын тастап кетті.
Бұл бостандықты сүю және дала айбыны рухы тарихтың қатал бетбұрыстарына
жол бермеді, оны кейінгі ұрпақ сақтап қалды.
Сол себепті, Қазақстан
тарихында ұлы тұлғалардың өмірлік іс-әрекет тарихы Жаңа қазақстандық
патриотизмді қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.
27
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы арқылы оқушыларды тәрбиелеудің
маңызды шартына тәрбиелеу жағдайларының
нақты соңғы нәтижесіне
бағдарлау, білім беру процесінің сапасын арттыру; оқушылардың
шығармашылық белсенділігіне тірек болу; тәрбие процесінде ынталандырудың,
мадақтау мен жазалаудың үйлесімді жүйесін тиімді пайдалануды, жастардың
әлеуметтік қамқорлығы туралы мәселелерді шешумен бірге тәрбиелік ықпал
ету
міндеттерінің байланысын; тәрбие жұмысында мектеп оқушыларымен
жұмыс жасауда мұғалімдердің белсенді ұстанымын; тәрбие жұмысын оңтайлы
жоспарлауды және т.б.
жатқызуға болады.
Патриотизм – Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында
ғасырлар бойы қалыптасқан неғұрлым терең сезімдердің бірі, сондықтан сынып
жетекшісі, педагог, мұғалім өзінің тәрбиеленушісіне аталған сезімдерді бере
білуі қажет, сонда ғана біздің қоғамымыз ұйымшыл және толерантты болады.
Мұғалімдердің өздерінің Отанға және оның құндылықтарына деген патриоттық
қатынасы көп үлгі бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: