Методические рекомендации по организации научно-исследовательской работы обучающихся по stem направлениям

Loading...


Pdf көрінісі
бет3/35
Дата27.02.2021
өлшемі0.67 Mb.
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
 


 

Кіріспе 

 

Білім  алушылардың    ғылыми-зерттеу  жұмысы  жалпы  білім  беретін 



мектептегі оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. 

Заманауи  ғылым  мен 

 

XXI  ғасырдың  өмір  стилін  айқындайтын



 

және 


адамдардың  ойлануына  және  әрекет  етуіне  әсер  ететін    цифрлық 

технологиялардың  жылдам  дамуы  жағдайында  білім  алушылардың    ғылыми-

зерттеу жұмыстары дамудың жаңа кезеңін бастан кешіруде. 

Белгілі  психолог  С.  Пейпер  ұсынған  жаттығу  барысында  практикалық 

дағдыларды  қалыптастыру  стратегиясы  дағдыларды  меңгеру,  тіпті  балалар 

үшін  физикалық  дағдылардың  жаңа  ғылыми  теорияның  құрылысы  ретінде 

орын алатындығын білдіреді [1].  

Мектепке  дейінгі  және  бастауыш  мектеп  жасындағы  балаларға 

бағдарламалаудың  негізгі  концепциясын  оқыту  мақсатында  әзірленген 

бағдарламалау  тілін  құрастырушылардың  бірі  –  С.Пейперт  өзінің    ғылыми- 

эксперименттік зерттеулерінде баланың мұны қалай жасалатынын түсінгеннен 

кейін  және  тек  осы  түсінікке  қол  жеткізгеннен  кейін  қалаған  нәтижеге  қол 

жеткізетінін  айтады.  Бала  қоршаған  әлемді  зерттеу  негізінде  біртіндеп  жаңа 

нәрселерді үйрене отырып, әлем бейнесін  және өзінің  интеллектуалды әлемін 

өзі жасайды. 

 

Қазіргі  кезде  цифрлық  модельдер  мен  құралдар  оқушылардың                          



ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға зор мүмкіндік туғызып, «баланың - 

өзінің интеллектуалды әлемін құрастырушы» идеясын ақиқатқа айналдырады.  

Бүгінгі  таңдағы  алуан  түрлі  цифрлық  білім  ресурстары  кіші                            

жастағы  балаларға  мүмкіндік  бере  отырып,  оқушыларға  әр  түрлі    

құбылыстарды оқып зерттеуге, модельдер құруға және тәжірибеден өткізуге, өз 

күші  мен  ұмтылыстарымен  өзінің  интеллектуалдық  әлемін  көрсетуге 

көмектеседі. 

Осыған  байланысты

 

қазіргі  заманғы    жалпы  білім  беретін  мектептерде 



мақсатқа  бағытталған  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  оқушылардың  әртүрлі 

өмірлік  жағдайларда  қолдануға  болатын  тәжірибелік    дағдыларды  дамытатын 

тәсілдерінің бірі болып табылады. 

Мектепте  зерттеу  жүргізудің  орындылығы  туралы  мәселе  ғылыми  және 

ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерде  жиі    талқыланады,  ғылыми  және  оқу-

әдістемелік зерттеулердегі параллельдер мен айырмашылықтар туралы даулар 

жиі кездеседі. 

Ғылыми 


зерттеулердің 

тұжырымдамалық 

аппараты 

Қазақстан 

Республикасының  «Ғылым  туралы»  Заңымен  нормативтік-құқықтық  деңгейде 

айқындалған.  «Ғылым  туралы»  Заңмен  ғылыми  қызмет  айналадағы  ақиқатты, 

оның қасиеттерін, ерекшеліктерін және заңдылықтарын анықтау

 

және алынған 



білімді  практикада  қолдану  мақсатында  қоршаған  айналаны  зерттеуге 

бағытталған іс-шара ретінде анықталады [2].  

 



 

Зерттеу қызметі ретінде ғылыми және білім беру зерттеуіндегі мақсаттар 



әр түрлі болып келеді. 

Ғылыми зерттеулер (қолданбалы, іргелі, стратегиялық) - жаңа объективті 

білім  алуға,  ғылыми  гипотезаларды  сынауға,  табиғат  пен  қоғам  дамуының 

заңдылықтарын  белгілеуге,  ғылыми  негіздеуге  бағытталған  ғылыми-зерттеу 

қызметінің түрі болып табылады. 

Оқу  зерттеуі  оқушылардың  ғылыми-зерттеу  дағдыларын  дамытуға  және 

ойлаудың зерттеушілік түрін дамытуға бағытталған іс-шара болып саналады. 

Алайда,  зерттеудің  ғылыми  әдістері,  негізгі  инфрақұрылым  және  

ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері негізінен бірдей және салыстырмалы 

болып келеді.

  

Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмысының  аспектілерін  зерттейтін 



көптеген  зерттеушілер  «ғылыми  зерттеулер  әдісінің  мәні  өзін,әлемді  және 

әлемдегі өзін зерттеу арқылы әлемге ғылыми-танымдық көзқараспен қарайтын 

адам болуды үйрету» деп әділ айтқан.

 

Ғылыми зерттеулер әдісінің мәні туралы 



айта  отырып,  біз  ең  алдымен,  білім  беру  саласында  жұмыс  істейтін  жастарға  

мақсатты  білім  мен  тәрбие  беруді  көздейміз.  Сөз  жеке  тұлғаның  ерекше 

зерттеушілік 

интеллектін, 

оның 

ерекше 


әлеуметтік-когнитивтілігін 

қалыптастыру туралы болып отыр [3]. 

 

Жалпы  алғанда,  зерттеушілердің  көпшілігі  мектептегі  зерттеулердің 



негізгі  мәнін  оқушыларға  заңдылықтарды,  қасиеттер  мен  құбылыстарды 

зерделеу арқылы тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру ретінде қарастырады. 

Осылайша, оқу зерттеуі бұл – оқушыларда ғылым мен ғылыми зерттеулер 

туралы алғашқы түсініктер қалыптастыратын, сондай-ақ, оқушылардың өздерін 

зерттеу  үдерісіне  тікелей  қатыстыру  арқылы  олардың  жеке  қабілеттері  мен 

мүдделерін дамытатын оқыту үлгісі деп есептеуге болады.  

Мектептегі  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  оқушыға белгісіз  міндеттер  мен 

тапсырмаларды  шешу  негізінде  жаңа  білім  мен  дағдыларды  қалыптастыруға 

бағытталған  кезеңдік  іс-әрекеттердің  ұйымдастырылған  жүйесі  болып 

табылады.  

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары кез келген ғылыми жұмыстар 

сияқты іс-әрекеттің келесідей кезеңдерін қамтиды: 

проблема қою (міндеттер); 



зерттелетін мәселенің жай-күйін зерттеу; 

зерттеу әдістерін іріктеу және зерттеу әдістерін меңгеру; 



зерттеу  үшін бастапқы материалдарды жинау; 

гипотезаны,  модельдерді,  конструкцияларды,  алгоритмдерді,  зерттеуге 



арналған сызбаларды құру; 

тәжірибелік-зертханалық және сынақ жұмыстары; 



-

эксперименттік  деректерді  өңдеу,  оларды  талдау,  маңызды  қасиеттері 

мен сипаттамаларын анықтау; 

алынған зерттеу нәтижелері бойынша өз қорытындысын шығару; 




 



конференцияларда, конкурстарда, соның ішінде,

 

кең ауқымды мамандар 



мен  ғалымдар  ортасында   нәтижелер мен  есептерді  таныстыру,  ұсыныстарды, 

ескертулерді дайындау.  

Зерттеудің  әр  кезеңінің  тиімділігі,  сондай-ақ  оқушылардың  ғылыми-

зерттеу  жұмыстарын  табысты  аяқтау  немесе  жалғастыру  жоғары  білікті 

кадрлардың  болуына,  материалдық-техникалық  базаның  және  тиісті  оқу-

әдістемелік қамтамасыз етілудің және оқу процесін оқу-әдістемелік  тұрғыдан 

қамтамасыз ету факторларына байланысты.  

Ғылыми-зерттеу  жұмысы  сабақтан  тыс  жұмыстар  мен  оқушылардың, 

мамандардың 

және 


тәрбиеленушілердің 

жан-жақты 

қажеттіліктерін 

қанағаттандыру  үшін  жүзеге  асырылатын  қосымша  білім  беру  жүйесінде 

маңызды орын алады. 

Білім  беру  ұйымдары,  соның  ішінде,

 

қосымша  білім  беру  ұйымдары, 



оқушылардың  дарындылығын және кәсіби бағдарлануын дамыту мақсатында, 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес,  ғылыми  және  ғылыми-

зерттеу ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқарады [4].  

Бүгінгі таңда оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір түрі- 

STEM-

білім беру болып табылады. Цифрлық технология мен цифрландырудың  



қарқынды  дамуына  байланысты  STEM-білім  беру  үлкен  маңыздылық  пен 

өзектілікке ие болып отыр. 

 

Басқа  да  заманауи  инновациялық  трендтер  сияқты  STEM-білім  беру  де



 

білім  беру  процесінде  кеңінен  қолданылатын  ғылыми-әдістемелік  негіздемені 

және іс жүзінде дәлелденген платформаны болжайды.  

 

STEM бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты ұйымдастыру  



үшін  жалпы  білім  беретін  мектептерде  «Мектепке  дейінгі,  орта  білім  беру 

ұйымдарын,  сондай-ақ  арнайы  білім  беру  ұйымдарын  жабдықтармен  және 

жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 2016 жылғы  22 

қаңтардағы  №  70  бұйрығының  орындалуын  қадағалайды  (бұдан  әрі-Норма). 

Нормадағы тізімге енгізілген дүниетану, математика, физика, химия, биология 

пәндері  кабинеттеріне  арналған  демонстрациялық  және  зертханалық  құралдар  

мен


 

бағдарламаланатын  робототехникалық  жиынтықтар  және  ғылыми 

зерттеулерге арналған оқу құралдары әр түрлі жастағы оқушыларға (мектепке 

дейінгі,  бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта  білім  деңгейіндегі)  түрлі  пәндік 

салаларда оқу зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді. 

Дегенмен,

 

оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың 



ең қолайлы түрі болып табылатын  мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының 

бірқатар  ерекшеліктері  туралы    осы  нұсқаулықтың  келесі  бөлімдерінде 

таныстырылады. 

 

Көптеген  елдерде  STEM  білім  беру  келесі  себептер  бойынша 



басымдыққа ие болып отыр: 

1)  жақын  болашақта  әлемде  АТ-мамандарға,  бағдарламашыларға, 

инженерлерге, жоғары технологиялық өндірістердің мамандарына сұраныс көп 

болады; 



 

2)  алыс  болашақта  жаратылыстану  ғылымдарымен  байланысты 



технология  мен  жоғары  технологиялық  өндіріспен  айналысатын  мамандықтар 

пайда болады: био- және нано-технологиялар мамандары сұранысқа ие болады; 

3)  болашақта  мамандардан    жаратылыстану  ғылымдары,  техника  және 

технологиялар  саласындағы  білім  беру  салаларының  кең  ауқымынан  жан-

жақты дайындық пен білім талап етілетін болады. 

Осыған  байланысты,  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқушылардың 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдама 

ұсынылады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
Қазақстан республикасы
бағалауға арналған
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
білім беретін
республикасы білім
әкімінің аппараты
Қазақстан республикасының
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
мерзімді жоспар
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...