Методические рекомендации по организации научно-исследовательской работы обучающихся по stem направлениям

Loading...


Pdf көрінісі
бет12/35
Дата27.02.2021
өлшемі0.67 Mb.
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


20 

 

2 Жалпы білім беретін мектепте STEM бағыты бойынша білім алушылар 



үшін  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастырудың  әдістемелік 

ұсынымдары 

 

Педагогиканы  дамытудың  маңызды  қайнар  көзі  білім  беру 



ұйымдарындағы білім алушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 

болып  табылады.  Әр  жыл  сайын  ғылыми-эксперименттік  зерттеулерге 

қатысатын оқушылар өсіп келеді. 

Зерттеу  жұмысының  тұтастай  біркелкі  құрылымға  ие  және  жалпы 

алгоритмі,  ғылыми  зерттеулердің  міндетті  компоненттері,  олардың  кезеңдері, 

жұмыстың түрлері т.б. бар 

Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  қызметтерінің  негізгі  түрлері  2-кестеде 

көрсетілген.  

 

2-

кесте. Ғылыми-зерттеу қызметтерінің түрлері 



Проблемалы-рефераттық 

проблеманы  айқындау  және  оны 

шешу 

жолдарын 



жобалау 

мақсатында 

әртүрлі 

әдеби 


дерекқорлардан 

деректерді 

аналитикалық салыстыру 

Сараптамалық-жүйелеу 

байқау, 

фиксация, 

сараптау, 

жинақтау,  зерттелген  құбылыстар 

мен  үрдістердің  сандық  және 

сапалық көрсеткіштерін жүйелеу 

Диагностикалық-болжамалы 

зерделеу,  қадағалау,  зерттелген 

үрдістер, 

құбылыстар 

мен 

жүйелердің  сандық  және  сапалық 



өзгерістерін  түсіндіру  мен  болжау 

болашақта олардың жай-күйі туралы 

ықтимал 

пайымдаулар 

ретінде; 

әдетте 


ғылыми, 

техникалық, 

экономикалық  және  әлеуметтік 

болжамдар  жасайды  (сонын  ішінде 

білім саласында)  

Зияткерлік-өнертабыстық 

қолданыстағы құралдарды жетілдіру, 

жаңа құрылғыларды, механизмдерді, 

құралдарды жобалау мен жасау 

Тәжірибелік зерттеу 

нәтижені  растау  немесе  жоққа 

шығару туралы ұсынысты тексеру 

Жобалық-зерттеу 

барлау, жобаны дамыту және сақтау 

– 

жаңаның  ерекше  формасы  нақты 



білімдердің 

жинақталуы 

мен 

талдануы  емес,  қызмет  түрі  басты 



мақсат болып табылады 


21 

 

Ғылым-зерттеу қызметінің критерилері: 



− 

Ттаңдалған зерттеулердің өзектілігі; 

− 

авторға  мәселенің  қазіргі  жай-күйімен  танысу  дәрежесін  көрсете 



отырып, мәселенің күйін сапалы талдау; 

− 

мектеп  бағдарламасынан  бөлек  білім,  фактілер  және  белгілі 



нәтижелерді қолдана білу 

− 

авторларға арнайы ғылым аппаратты меңгеру; 



− 

өз көзқарасын дәлелдеу және тұжырымдау;  

− 

зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы;  



− 

жалпылама зерттеуді  

− 

зерттеуді қорытындылайтын тұжырымдамалардың анықтылығы; 



− 

зерттеу нәтижесін қорғау және рәсімдеудің сауаттылығы.  

Білім  алушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  араластыру  олардың 

өз бетінше білім алуына және кәсіптік бейімделуіне қолайлы жағдай туғызады. 

Әңгіме  оқу  мекемесіндегі  оқу-тәрбие  процесінің  тәуелсіз  құрамдас  бөлігі 

ретінде  ғылыми-зерттеу  қызметі  туралы  болып  отыр.  Зерттеу  жұмысының 

мақсаты  –  жоғары  оқу  орындарында  оқушыларды  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына дайындау. 

Зерттеу  қызметі  оқушыларға  әлеуметтік,  экономикалық,  экологиялық 

жағдайларды  ескере  ала  отырып,  әртүрлі  ақпарат  көздерімен  (ғылыми  және 

арнайы  әдебиеттермен,  мерзімді  басылымдармен,  анықтамалықпен  жұмыс 

істеу)  өзіндік  жұмыс  істеу  дағдысын  дамыта,  сауалнамалар  мен  сауалдар 

жасайды  және  оларды  талдауды  жүргізе  отырып  ең  маңызды  мәселелерді 

шешуге  мүмкіндік  береді  және  белгілі  бір  ғылым  саласындағы  соңғы 

жетістіктерді көрсетеді. 

Ғылым-зерттеу  жұмыстары  оқушыларды  оқыту  мен  тәрбиелеуге, 

дамытуға,  оқушылардың  танымдық  белсенділіктерін  ынталандыруға,  жеке 

шығармашылық қабілеттерін, қисынды және ғылыми ойлауды қалыптастыруға 

бағытталған. 

Зерттеу  жұмыстары  сабақта  емес,  оқушылардың  технологияларды 

тереңірек зерттеуге қызығушылық танытатын элективті курста басталады. 

Оқушылармен  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыруда  келесі 

бағыттарды анықтауға болады: 

−  - 


сабақ  жүргізу,  оқушылармен  білім  беру  үдерісінде  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын жүргізу, ғылыми-зерттеу сипатында жүргізілетін ғылыми-зерттеу 

жұмыстары; 

− 

ұйымдастыру-бұқаралық 



іс-шаралар 

(олимпиадалар, 

ғылыми-

тәжірибелік конференциялар және т.б.); 

−  - 

сабақтан кейін ғылыми-зерттеу жұмыстары. 



Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру  үш  кезең 

бөлінеді: даярлық, дамыту және қорытынды (3-кесте). 

 

 



22 

 

3-



кесте. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың кезеңдері 

 

кезең 



Сыныптар  

мақсаты 


Даярлық  

(уәждемелік немесе 

бастауыш) 

 

2-5 



Зерттеу жұмысымен танысу 

және бастапқы дағдыларға ие 

болады (мәселен: 

әдебиеттермен жұмыс) 

Дамыту 

6-8 


Тәжірибелік жұмыстың негізін 

қалыптастыру 

Қорытынды немесе 

зерттеу 


9-11 

Зерттеу жұмысының негізін 

қалыптастыру 

 

Бүгінгі  таңда  оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмысы  жалпы  білім 



беретін мектепте қазіргі заманғы оқу үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Бұл 

қызметті  ұйымдастыру  белгілі  бір  әдістемелік  ұсыныстарды  талап  етеді  (1-

сурет).  

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 



   

 

 



1-

сурет. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік 

ұсыныстардың құрылымы 

 

2.1  Ғылыми-зерттеу  жұмысына  оқушылардың  бейімділігін  зерттеу 



және анықтау бойынша ұсыныстар (тақырыптық зерттеулер) 

 

Қазіргі кездегі қоғамдық өмірдегі өзгерістер білім берудің, педагогикалық 

технологияларды  дамытудың  жаңа  тәсілдерін,  жеке  тұлғаны  дербес  дамыту, 

шығармашылық  бастамаларын,  ақпараттық  өрістерде  тәуелсіз  қозғалыс 

дағдысын,  оқушыға  өмірде  туындайтын  мәселелердің  шешімі үшін күнделікті 

Ұсыныстар 

зерттеу жұмыстарына оқушылардың бейімділігін зерттеу және 

анықтау (тақырыптық зерттеулерде)

 

оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында ғылыми жетекшісін 



таңдаған кезде. (тақырыптық зерттеулерде) 

оқушылардың зерттеу жұмыстары тақырыптары және бағыттарын 

таңдаған кезде (тақырыптық зерттеулерде) 

ғылыми әдебиеттер және басқа да дереккөздермен жұмыс барысында 

(тақырыптық зерттеулерде) 

Зерттеу әдістерін қолданғанда 

зерттеу нәтижелерін апробациялау және тұжырымдау 



23 

 

өмірдегі  кәсіби  әрекеті,  өзін-өзі  анықтау,  міндеттерді  шешудің  әмбебап 



қабілетінің  қалыптасуын  талап  етеді.  Еркін  тұлғаны  тәрбиелеуге,  балаларды 

дербес  ойлау  қабілетін  қалыптастыруға,  білім  алу  және  оны  қолдануға, 

қабылданған  шешімдерді  мұқият  қарауға  және  жоспарларды  нақты 

жоспарлауға,  әртүрлі  топтар  мен  салаларға  тиімді  түрде  қатынасуға,  жаңа 

байланыстар мен мәдени қатынастарға ашық болуына баса назар аударылады. 

Бұл  оқу  процесіне білім беру  жұмыстарын  жүргізудің балама  формалары мен 

әдістерін кеңінен енгізуді талап етеді. 

Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастырудың  бірінші 

кезеңі  ғылыми-зерттеу  жұмысын  орындауға,  интеллектуалды  даму  деңгейін 

анықтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін дағдылар 

мен  қабілет  деңгейін  анықтау,  яғни,  «оқушы-оқушы»,  «оқушы-мұғалім» 

деңгейінде  қарым-қатынас  жасау  мүмкіндігін  диагностикалауға  қабілетті 

балаларды анықтау. 

Зерттеу  жұмысына  дайындық  бастауыш  сыныптардан  басталады  және 

жалпы ғылыми, дидактикалық және зерттеу дағдыларын дамытуға, жеке және 

топтық  шығармашылық  тапсырмалардың  орындалуына,  шығармашылық 

бірлестіктер жұмысына қатысуына негізделеді. 

Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмысына  қызығушылығының  болуы 

зерттеу жұмысын жүзеге асырудың басты шарты болып табылады. Ыждаһатты 

және  еңбекқор,  жүйелі  жұмыс  жасай  алатындар  жұмыста  ең  жақсы  нәтижеге 

қол жеткізеді.  

Тәжірибелі  мұғалімдердің  көп  жылдық  тәжірибесі  әртүрлі  жастағы 

оқушыларды  зерттеу  топтарына  тарту  жөн  екендігін  көрсетті.  Осылайша 

зерттеу  жұмысында  сабақтастықты  сақтауға  болады.  Кішкентай  балалар 

үлкендердің нақты нәтижелерін көріп, үлкендері кішілерге үнемі көмек көрсете 

алады, осылай ғылыми жұмыстың принциптерін түсіндіруге болады 

Сондай-ақ  білім  алушыларға  ғылыми  зертттеу  жүргізе  отырып  олар 

кәсіби  қызметтің  кез  келген  саласында  пайдалы  болатын,  дербес 

шығармашылық  қабілетке  ие  болатындығы  түсіндіру  қажет.  Өйткені  қазіргі 

әлемде жаңа білімдерді, мәліметтерді және олардың практикалық қолданысын 

дербес алуға дағдылану өте маңызды.  

 

2.2  Оқушылардың  зерттеу  жұмыстарында  жетекшісін  таңдауы 



бойынша ұсыныстар 

 

Қаралып  отырған  мәселеде  зерттеу  жұмысының  табыстылығы  білікті 

ғылыми жетекшіге байланысты.  

Сондықтан  да  оқушының  зерттеу  жұмысында  ғылыми  жетекшінің  өте 

маңызды  орны  бар.  Ғылым  жетекшінің  басшылығымен  оқушы  тақырыпты 

таңдайды,  зерттеудің  мақсат  міндеттерін  тұжырымдайды,  зерттеудің  әдістері 

мен  нысандарын  таңдайды,  жұмыстың  барысын  байқайды.  Ғылыми  жетекші 

қандай да бір қиыншылықтар туындағанда көмек береді. Ғылыми жетекшімен 

бірге оқушылар алынған нәтижелерін талқылайды, тұжырымдар жасайды.  



24 

 

Әрине,  ғылыми  жетекші  жұмыс  оқушының  қабілеті  мен  мектептің 



мүмкіндіктерін ескеруі қажет екендігін есіне сақтауы керек.  

Ғылыми жетекші - шығармашылық адам, ол міндетті: 

− 

үнемі ізденісте болу;



 

− 

белсенді педагогикалық ұстанымда болуы;  



− 

зерттеу жұмысына ынтасының болуы; 

− 

өз әрекетінің сондай-ақ оқушы әрекетінің перспективасын болжай білу; 



− 

оқушылармен қатынастың іскери формаларын құра білу,  

− 

белгілі  бір  саладағы  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 



анықтау.

 

 



2.3  Оқушының  зерттеу  жұмысының  тақырыбы  және  бағытын 

таңдауға ұсыныстар 

Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастырудағы  басты 

мәселелер  зерттеу  тақырыбы  мен  бағытын  таңдау  болып  табылады.  Өйткені 

оның  өзектілігі  мен  қажеттілігін  қоса  алғанда,  зерттеу  туралы  бастапқы 

мәліметтерді көрсетеді.  

Әрбір  ғылыми  жұмыс  белгілі  бір  ғылым  саласына  жатқызылуы  мүмкін. 

Ғылыми  бағыты  зерттеулер  жүргізілетін  ғылым  саласы  немесе  ғылыми 

зерттеулер кешені болып саналады. 

Көптеген жағдайларда оқу бағыты мектептің білім беру бағдарламасының 

оқу пәндеріне сәйкес анықталды. Мәселен, бірнеше жыл бұрын оқушылардың 

ғылым зерттеулерінің негізгі бағыты математика, физика, тарих, әдебиет болған 

еді.  Қазір  информатика,  робототехника,  биология,  экология,  медицина  және 

әлеуметтану секілді ғылымға үлкен қызығушылық туындап отыр. 

Ең  алдымен,  зерттеліп  отырған  мәселе  және  оның  өзектілік  бағыттын 

таңдауға  әсер  етеді.  Мәселе,  зерттеліп  отырған  құбылыстың  анық  көрінетін 

қайшылықтары және білім беру саласындағы зерттеулерге қол жеткізу бағытты 

таңдау үшін негіз болып табылады. 

Ғылыми сипаттағы оқу-зерттеу жұмыстарының бағытын таңдау, сонымен 

қатар,  ғылыми-зерттеу  жұмысының  өзектілігі  және  уақтылығы  орындалуы, 

оның  табысты  аяқталуын  қамтамасыз  ететін  жағдайлар  мен  факторларға 

байланысты болады. 

Зерттеудің  дұрыс  бағыттарын  таңдау  шешімі  өте  жауапкершілікпен 

қабылдануы  керек.  Әрине  ол  әрдайым  қиын  мәселе  болып  табылады.  Дұрыс 

таңдау  қиындығы, ұсынылған  жұмыстың өзектілігінен,  әртүрлі  көқарастармен 

талдау  керект  ететіндігінен  тұрады.  Бұл  үшін  түрлі  білім,  үлкен  эрудиция, 

жүйелі  ойлау  дағдылары  қажет.  Сондықтан,  оқушылардың  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының  жетекшілері  мен  тәлімгерлері  таңдаудың  негізділігіне  жауап 

береді.  Зерттеу  барысындағы  ең  қиын  кезеңдердің  бірі  зерттеу  тақырыбын 

таңдау болып табылады.  

Көптеген  жағдайларда,  ғылыми  зерттеу  тақырыбының  нақты  және  анық 

құрылуына байланысты, төмендегілерді анықтауға болады: 

− 

бұл жұмыс ғылымның қай саласына жатады; 




25 

 

− 



зерттеу түрі (іргелі немесе қолданбалы); 

− 

зерттеу тұжырымдамасы және басқа. 



Алайда,  оқушылардыңң  зерттеу  тақырыбы  оқушылардың  өздері  үшін 

түсінікті әрі қызықты болуы керек. 

Жұмыстың  дұрыс  аталмауы  -  оқушылардың  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарындағы ең жиі кездесетін қателіктердің бірі. Мәселен, «Метеориттер 

– 

ғарыштан келген қонақтар» немесе «Үйде кім улы?» сияқты атаулар көбінесе 



әдеби  туындыларға  келеді.  Мәселен,  «Қазіргі  ғылымда  метеориттерді  зерттеу 

және  оларды  жіктеу»  немесе  «Адам  үйінің  экожүйесінің  денсаулыққа  әсерін 

зерттеу»  тақырыптары  зерттеу  жұмысының  тақырыбын  ашуға  мүмкіндік 

тудыратын еді.  

Жұмыстың  тақырыбын  таңдай  отырып,  зерттеудің  мақсаты  мен 

міндеттерін,  пәнін  және  нысанын  нақты  көрсету  керек.  Зерттеудің  нысаны 

зерттеуші  зерделейтін,  тексеретін,  эксперимент  жасайтын  болмыс  (мәселен, 

пән, құбылыс, үрдіс және басқа), ал зерттеу пәні зерттеушінің зерттеуіндегі ең 

маңызды  аспектісі  (сипаты,  белгісі)  ретінде  ерекшеленетін  осы  объектінің 

тарапы болып табылады 

Мәселен,  бұл  нысан  әртүрлі  зерттеулердің  тақырыбы  немесе  толық 

ғылыми бағыттары болуы мүмкін (4-кесте). 

 

4-

кесте. Мектеп оқушыларының ҒЗЖ тақырыптарының үлгісі 



 

№ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...