Методические рекомендации по организации научно-исследовательской работы обучающихся по stem направлениям

Loading...


Pdf көрінісі
бет10/35
Дата27.02.2021
өлшемі0.67 Mb.
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
STEM-

бағыттары 

бойынша 

 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын 

ұйымдастырудағы отандық тәжірибелерге тоқталайық. 

Қазіргі таңда жаңа технологияларға өту XXI ғасырдағы бәсекеге қабілетті 

әрбір  елдің  маңызды  факторына  айналып  отыр.  Қазіргі  заманғы  цифрлық 

технологияларды  күнделікті  жұмысқа  және  қызметтерге,  басқару  мен  бизнес-

процестерге,  медицина  мен  білім  беруге  біріктіру  және  мұның  бәрін  ақиқат 

ретінде  тану  қажеттілігі  Қазақстанның  стратегиялық  жоспарлары  мен  даму 

бағдарламаларында айтылған: 

 

«Қазақстан-2050» стратегиясы. Тұғырлы мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 



Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан 

Халқына  Жолдауы;  Мемлекет  басшысы  Н.Назарбаевтың  2017  жылғы  31 

қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 

атты Қазақстан халқына  жолдауы; 

 

«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  (Мемлекет 



басшысының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласы  12  сәуір, 

2017 жыл) т.б. 

«Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа 

мүмкіндіктері»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2018  жылғы 

10аңтардағы Жолдауы. 

 

«Қазақстан-2050»  стратегиясында  айқындалған  жетінші  сын-қатер  – 



Үшінші  индустриялық  революция.  Стратегияда:  «Адамзат  Үшінші 

индустриялық  революция  табалдырығында  тұр,  ол  өндіріс  ұғымының  өзін 

өзгертеді.  Технологиялық  жаңалықтар  әлемдік  нарықтың  құрылымы  мен 

қажеттіліктерін  түбегейлі  өзгертеді.  Біз  бұрынғыға  қарағанда  мүлде  өзгеше 

технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. 

 

Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да 



көптеген  ғылыми  жетістіктер  қоршаған  ортаны  ғана  емес,  адамның  өзін 

трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. 

 

Біз  осынау  үдерістердің  белсенді  қатысушылары  болуға  тиіспіз»,-



делінген [7].  

Қазақстанда  STEM-білім  беруді  белсенді  дамыту  жұмыстары  басталды. 

Оның  дәлелі  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 

дамытудың  2016  -  2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 

шеңберінде  STEM  бойынша  жаңартылған  орта  білім  мазмұнына  көшу  болып 

табылады. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламаларына 

жаңа  технологияларды  дамытуға  бағытталған  STEM-элементтерін,  ғылыми 

инновацияларды, математикалық модельдеуді енгізу жоспарлануда. 




16 

 

Оқушылардың  зерттеушілік  және  ғылыми-технологиялық  әлеуетін 



нығайтуға,  сыни,  инновациялық  және  шығармашылық    ойлау  дағдыларын 

дамытуға,  проблемаларды  шеше  білуге,  коммуникация    және  топтық 

жұмыстарды дамытуға мүмкіндік беретін жаңа пәнаралық және жобалық тәсіл 

енгізілетін болады. 

Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  пәндер  арасында  «ұқсас 

тақырыптар» саны көбейтіледі. 2015-2016 оқу жылынан бері негізгі орта және 

жалпы  орта  білім  деңгейіндегі  жаратылыстану  ғылымдарының  негізі  болып 

табылатын  «Жаратылыстану»  пәні  1-сыныптан  бастап  оқытылуда.  2018-2019 

оқу  жылынан    5-11  сыныптардағы  «Информатика»  пәнінің  негізі  болып 

табылатын  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  пәні  3-сыныптан 

бастап оқытылады. 

Елімізде  білім  беру  робототехникасының  дамуына  айтарлықтай  көңіл 

бөлінуде.  2014  жылдан  бері  робототехника  бойынша  жалпы  білім  беретін 

мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының арасында  жыл 

сайынғы  Республикалық  олимпиада  өткізіліп  келеді.  Республикалық 

сайыстардың 

жеңімпаздары 

робототехника 

бойынша 

Дүниежүзілік 

олимпиадаға (WRO) қатысуға мүмкіндік алады. Бұдан басқа, 2015 жылдан бері 

Қарағанды  қаласында  жыл  сайын  басқа  елдердің  де  өкілдері  қатысатын

 

(Сербия,  Ресей  тб.)    «RoboLand»  Халықаралық  робототехника  фестивалі 



өткізіліп тұрады. 

2016  жылы  тұңғыш  рет  робототехника  бойынша  оқу  зертханалары 

ашылды,  оның  алғашқысы  Алматы  қаласындағы  №159  гимназия.  Таяу  арада 

басқа  мектептерде тағы да 90  зертхана  ашу  жоспарлануда.  Сондай-ақ  педагог 

кадрларды  дайындау  жұмыстары  жүргізілуде:  қазіргі  таңда  «Робототехника» 

элективті курсы бойынша 64 тренер дайындықтан өтті. 

STEM-

білім  беру  саласы  бойынша  халықаралық  ынтымақтастық 



тәжірибесі оң нәтиже беріп отыр. 

Мысалы, 2014 жылдан бері Ұлыбритания мен Қазақстанның жалпы құны 

20  млн.фунт  стерлингті  құрайтын  «Ньютон-аль-Фараби»  атты  бесжылдық 

Серіктестік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама мақсаты - екі ел  

ғылыми  және  инновациялық  әлеуетті  нығайтуда,  мамандар  алмасуда  және 

бірлескен ғылыми орталықтар құруда өзара бірлесіп әрекеттесу. 

Республика  Үкіметіне  экономиканы  технологиялық  жаңғыртуды 

жеделдету шеңберінде «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу және 

қабылдауға,  елімізде  3D-принтинг,  онлайн-сауда,  мобильді  банкинг,  цифрлық 

қызметтер сияқты перспективалық салаларды, соның ішінде денсаулық сақтау 

және  білім  салаларын    дамытуға    тапсырма  берілді.

 

Қазақстан  Республикасы 



Үкіметінің  2017  жылдың  12  желтоқсанындағы  №  827  қаулысымен  «Цифрлық 

Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.  

Жолдаудың маңызды міндеті «адами капиталдың сапасын көтеру»-білім 

саласын    экономикалық  өсудің  жаңа  үлгісіндегі  орталық  звено  ретінде 

қалыптастыру  болып  табылады.  Сондықтан  жолдауда  заманауи  оқу 

бағдарламалары  оқушылардың  сыни  ойлау  қабілеттерін  және  ақпаратты  өз 




17 

 

бетінше  іздеу  дағдыларын  дамытуға  бағытталуы  тиістілігі,  IT-білімді 



қалыптастыруға,  қаржылық  сауаттылыққа  және  жастар  тәрбиесіндегі 

патриоттыққа көп көңіл бөлу қажеттілігі айтылған. 

Кейінгі кездері Қазақстандағы орта білім беруде STEM-білімді дамытуға 

бірнеше факторлар ықпал етуде. 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 

2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  STEM  білім  беру 



саласындағы  білім  беру  саясатын  жүзеге  асыру  үшін  оқу  бағдарламаларына 

оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

арттыруға, 

заманауи 

технологияларды меңгеруге, зерттеушілік және жобалық жұмыстарды жүргізу 

дағдыларын  дамытуға  бағытталған  STEM  элементтерін  нығайтуды 

жоспарлауда. 

Осыған  байланысты  білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  жаратылыстану 

ғылымдары  негіздерін  және  ақпараттық  сауаттылықты  ерте  жаста    оқытуды 

енгізу басталды, атап айтқанда Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  бойынша  бастауыш  сыныптарда 

«Ақпараттық  -  коммуникациялық  технологиялар»,  «Жаратылстану»  және 

«Көркем  еңбек»  сияқты  жаңа  білім  беру  пәндерін  оқуды  қарастыратын,

 

кеңейтіліп  біріктірілген  «Математика  және  информатика»,  «Жаратылыстану» 



және «Технология және өнер»  білім беру бағыттары пайда болды [8].  Негізгі 

және  жоғары  мектеп  оқушылары  үшін

 

«Графика  мен  жобалау»,  «Кәсіпкерлік 



және бизнес негіздері» пәндері және таңдау курстары енгізілді.  

Сонымен  қатар,  2019  жылы  жоғары  сыныптарда  жаратылыстану-

математикалық  бағыттағы  пәндер  жаңа  білімдердің  алғашқы  көзі  болып 

табылатын және әлемдік ғылыми қауымдастыққа еркін кіре алатын   ағылшын 

тілінде оқытылатын болады.  

Жалпы  білім  беретін  мектептері  оқушыларының  ғылыми-зерттеушілік 

жұмыстарын  қолдау  мақсатында  "Жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша 

республикалық  және  халықаралық  олимпиадалар  мен  ғылыми  жобалар 

конкурстарының  (ғылыми  жарыстардың),  орындаушылар  конкурстарының, 

кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту 

туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 

07  желтоқсандағы  №  514 

бұйрығына

 

(Нормативтiк  құқықтық  актiлерді 



мемлекеттiк тіркеу тізілімі бекітілген. 

Олардың негізгілері: 

− 

Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық 



олимпиадасы; 

− 

Математикадан халықаралық "Жібек жолы" олимпиадасы; 



− 

Математикадан Батыс Қытай олимпиадасы; 

− 

Математикадан Балқан олимпиадасы; 



− 

Жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасы; 

− 

Халықаралық математикалық олимпиада (IMO); 



− 

Математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша 

"Туймаада" халықаралық олимпиадасы (Саха Республикасы, Якутия); 



18 

 

− 



Оқушыларының химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы; 

− 

Химия пәні бойынша халықаралық олимпиадасы (ICHO); 



− 

Физикадан халықаралық олимпиада (IPHO); 

− 

Физикадан Азия олимпиадасы (APHO); 



− 

Биологиядан халықаралық олимпиадасы (IBO); 

− 

Информатикадан халықаралық олимпиадасы (IOI); 



− 

Физикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы; 

− 

Географиядан халықаралық олимпиадасы; 



− 

Мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, 

физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков 

олимпиадасы; 

− 

Халықаралық лингвистикалық олимпиадасы; 



− 

Информатикадан Еуразиялық олимпиадасы (ШЫҰ елдері арасында); 

− 

"Адам-Жер-Ғарыш" атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары 



бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...