Мәтіндер – КӘсіби-бағдарлы қазақ тілін оқытудың негізі



Дата10.01.2020
өлшемі16.34 Kb.
#22411
Байланысты:
Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
0002dc74-23e01f86, Операционный усилитель2, Шалгынбаев А. Инфографика, 2828815.a4, 1234

МӘТІНДЕР – КӘСІБИ-БАҒДАРЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

Мәтіндер – бұл кез келген тілді үйретудің негізі десек, қателеспейміз. Әсіресе сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мәтіндердің рөлі ерекше. Осы орайда зерттеушілердің көпшілігі мәтіндердің коммуникативтік маңызына баса назар аударады. Мәселен, Ф.В.Чичерина: «С учетом параметров коммуникативной ситуации (адресант, адресат, сообщение/текст, сопутствующие обстоятельства) текст детерминируется как коммуникативно-самостоятельная единица, обладающая определенными коммуникативными свойствами», – десе [3], Б. М. Джандар: «Являясь целостным и законченным по содержанию и по форме речевым произведением, текст представляет определенную тему и акт общения, содержит изучаемый лексико-грамматический материал, служит образцом речевой коммуникации носителей языка и, как известно, конечная цель обучения иностранному языку – творческое владение речью и способность творчески подходить к восприятию текста на иностранном языке» деген ойын алға тартады [1]. Әрине, біз де бұл пікірлерге қосыла отырып, мәтінмен тиімді жұмыс істеу үшін өте үлкен дайындықтың қажет екендігін баса айтқымыз келеді. Бұл жұмыс жүйелі түрде іске асуы керек, оқытушы тарапынан үздік әдістеме және үлкен шеберлік талап етіледі. Студенттің ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін ұсынылатын мәтіндер белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс:

біріншіден, үйренушілердің талап-тілектері мен қызығушылықтарын қанағаттандыра білуі керек, яғни мәтінде жаңа да қызықты мәліметтер болғаны жөн;

екіншіден, үйренушілердің болашақ мамандығы мен кәсіби қызығушылықтары ескерілуі тиіс (кәсіби бағыттылық олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады);

үшіншіден, мәтін мазмұны ұсынылған тақырыпқа сай және нақты коммуникативті міндетті шешуге бағытталған болуы керек;

төртіншіден, кәсіби-бағдарлы қазақ тілін үйретуде оның социомәдени аспектісіне ерекше мән беру керек, яғни студенттерге лингвоелтанымдық және елтанымдық (қазақ елінің тарихи және мәдени даму кезеңдері, сөйлеу әдебі, тұрмысы мен дәстүрі, ұлттық мінез ерекшеліктері) білімді барынша дарыта білуіміз керек;

 Сонымен, мәтін таңдауда студенттердің коммуникативтік және когнитивтік қажеттіліктерін барынша ескеру керек. Мәтіннің көлемі мен деңгейі студенттердің қазақ тілін білу, сөйлеу деңгейіне сай болғаны жөн. Оның мазмұны студенттердің кәсіби қызығушылықтарын қанағаттандыра білуі керек, онда болашақ кәсіби қызметтің барлық салалары, кәсіби жағдаяттар көрініс тапқаны жөн.

 Мәтінді оқу барысында әртүрлі сөйлеу жағдаяттарын тудыруға болады. Мәтінмен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістемесіне көз жүгіртсек, мынадай жаттығуларды көбірек кездестіреміз: мәтінді оқу, оны аудару, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, мәтін бойынша жоспар құрастыру, мәтін мазмұнын айту. Әрине бұл жаттығулардың тілдік тұрғыдан алғанда маңызы өте зор екендігін біз жоққа шығара алмаймыз, алайда сөйлеу әрекетін тудыруда олардың тиімділігінің аз екендігін мойындауымыз керек. Нәтижесінде үйренушілер үшін әртүрлі жағдаяттарда қазақ тілінде сөйлеу қажеттілігі туындағанда олар сөйлеу барысында қиындықтарға ұрынады, айтуға сөз таба алмай, әңгімелесуден де бас тартуы мүмкін. Сондықтан да мәтінмен жұмыс істеу арқылы тиімді нәтижеге жету үшін студенттің сөйлеу дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталған арнайы жаттығулар жүйесі қажет. Әдетте зерттеушілер мәтінмен жұмыс істеудің үш кезеңін ұсынады. Осы орайда Куимова М.В. төрт кезеңді ұсынады. Оның ең біріншісі оқылымның түріне нұсқау түрінде келеді [2].

 Кез келген мәтінді оқыту мәтінге дейінгі жаттығулармен басталады. Бұл жаттығулар мәтінді қабылдауға қажетті лингвистикалық және жағдаяттық атмосфера тудырады. Олар мәтінді оқу барысында тілдік қиындықтарды жеңу үшін, мәтінде көтерілген проблеманы анықтай білуге бағытталған. Міне, олардың бірнешеуі:

а) мына кілт сөздер мен сөз тіркестерін оқып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.

ә) берілген сөйлемдерді логикалық бірізділікпен орналастырыңыз;

б) мына үзіндіні оқып, қарамен белгіленген сөздердің мағынасын анықтаңыз;

в) мәтінді үш бөлікке бөліңіз (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды).

 Мәтінді оқу кезінде орындалатын жаттығулар мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, жекелеген фактілерді, олардың арасындағы мағыналық байланысты анықтауға бағытталған.

а) бірінші параграфты оқыңыз, негізгі ақпаратты жеткізетін сөйлемді табыңыз;

ә) ... сипаттайтын сөйлемдерді таңдаңыз;

б) ... туралы айтылатын параграфты көрсетіңіз;

в) ... туралы айтатын негізгі (кілт сөздер) фактілерді табыңыз;

г) ... сипаттайтын /жоққа шығаратын/ мақұлдайтын фактілерді табыңыз;

д) ... туралы келесі идеяны түсіндіріңіз;

е) мәтінде көтерілген проблеманы анықтаңыз.

 Мәтіннен кейінгі жаттығулар оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуді қамтамасыз етуге, оқылған нәрсеге сыни көзқарас таныта білу шеберлігін дамытуға бағытталған. Оларға мынадай тапсырмалар жатады:

а) мына сұрақтарға жауап беріңіз;

ә) бұл мәтіндегі таң қалдырған/жаңа/маңызды адам есімі туралы ақпарат беріңіз;

б) мәтінге берілген суретке түсініктеме беріңіз;

в) мына мәлімдемелерді толықтырыңыз;

г) мәтіннің негізгі идеясымен байланысты проблемаларды атаңыз.

Сонымен, кәсіби-бағдарлы оқытуда мәтіндерді негізге алған жөн. Студенттің кәсіби бағытта сөйлеу тілін қалыптастыру, әртүрлі кәсіби, іскери жағдаяттарда әңгіме жүргізуге, өзіндік ой-пікір танытуға дағдыландыру үшін мәтіндермен жұмыс істеудің маңызы өте зор. Әрине, ең алдымен, мәтіннің мазмұны кәсіби бағытқа сай келуі керек. Сондай-ақ мәтінді коммуникативті мақсатта меңгертудің арнайы үздік әдістемесі болғаны абзал. Жоғарыда қарастырылған жаттығулар жүйесі осындай әдістеменің бір нұсқасы ғана. Бұл жүйе студентке болашақ мамандығы бойынша ақпарат алмасуға, қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасай білуге, кәсіби тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді.



 

ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру - міндет. // Қазақстан мектебі. № 9-10. 2005. 25-26 б.

  2. Байғазиева Г. Жаңа педтехнология . // Қазақстан мектебі. № 8. 2005 . 53-54 б.

  3. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар . // Қазақстан мектебі. № 4. 5-8 б. 2005

  4. Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі. № 1. 2007 . 69-70 б.


 

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде