Менеджменттің мәні және эволюциясы



Дата14.09.2022
өлшемі1.79 Mb.
#290168
Байланысты:
Менеджменттің мәні және эволюциясы

Менеджменттің мәні және эволюциясы

Тапсырған;Мухаметгалиева Айдана

Қабылдаған;Аманғазыева А

Менеджменттің бастапқы теориялары

  • Менеджмент – дәстүрлер тарихы концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру басталған мезетте пайда болды.
  • Басқару практикасы, ұйымдастыру секілді өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мындаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді. Үлкен Клод пен кіші Джорджтың «Басқару ақыл-ойының тарихы» кітабында біздің заманымыздан 5000 жыл бұрын, шумерлер сына жазуды ойдан шығарған кезден бастап менеджменттің дами бастағандығы айтылады.

Менеджменттің бастапқы теориялары

  • Еңбекті басқару проблемасына көне гректер де көңіл бөлді. Платон пікір айтты. Сократ басқаруды іс-әрекеттің (мемлекетті, еңбекті, сауданы, әскерлерді басқару) ерекше саласы ретінде қарастырып, ол да осындай пікірді – қажетті адамды өз орнына қоюды, сөйтіп оларға берілген тапсырманың орындалуын талап етуді жақтайды. Жұмыскерлер арасындағы бірлесіп әрекет етуге қол жеткізу, сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылыми қағидалар Марка Тулия Цициронның «Шешендік өнер жөніндегі үш трактатында» қамтылды. Көне римдіктерде мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызмет сатысында төмен шенділерге бағыну тәртібі енгізілген. Жер қожасы өзінің басқарушысына бір жылдық жазбаша жұмыс жоспарын беріп, міндетті айқын қоюы, белгіленген жоспарды нәтижесімен үнемі салыстырып отыруы, талдауы және қорытынды жасауы тиіс. Әсіресе жедел түрде басқаруға ерекше көңіл бөлген.
  • Басқарушыдан: «Жұмысшының біразы ауру, басқаларын қаладағы жұмысқа алып кетті, ауа-райы бөгет жасады...» деген секілді баяндаманы алғаннан кейін, қожайыны жағдайды айқындап, қажет болған жағдайда тиісті шешім қабылдайды: тапсырмаға түзету енгізеді, жұмыс істейтіндерді қайтадан бөледі, оларды жабық ғимаратқа ауыстырады т.б. Көне Үнді ғалымдары «Артхамастра» трактатында (IV-III ғасыр) шаруашылық және басқару туралы бірқатар қызғылықты ой-пікірлер айтады. Басқаруға қатысты дұрыс және дұрыс емес, заңды және заңсыз, пайда және зиян ұғымдары зерттеледі. Шығыс ғалымдары басқаруды күш қолданумен байланыстырады: санскритте (ежелгі және орта ғасырдағы үнділердің әдеби тілі) «басқару өнері» «данданити» деп аталады, мұны дәлме-дәл аударғанда «таяқпен төпелеп басқару» болады.

Менеджменттің қазіргі мектебі

  • М. Х. Мескон, М. Альберт, Х. Хедоури «Менеджмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектептің төрт түрін белгіледі: ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым-қатынасының мектебі және басқару ғылымының мектебі. Мектептің төртке бөлуіне байланысты төрт түрлі тәсілге бөлінеді. Мұнда басқару төрт түрлі көзқараста қарастырылады.
  • Процестік тәсілде басқару өзара байланысты басқару қызметінің үздіксіз сериясы ретінде қарастырылады.
  • Жүйелік тәсілде атап көрсетілетіні: басшылар ұйымдастыруды адамдар, құрылым, міндеттер мен технология секілді өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруы, сөйтіп өзгермелі сыртқы орта жағдайында алуан түрлі мақсатқа жетуді көздеуі тиіс.
  • Ситуациялық (жағдай) тәсілінде басқарудың әр түрлі әдістерінің жарамдылығы нақты жағдайға қарай анықталады. Ұйымдастырудың өзінде де, қоршаған ортада да сан алуан факторлар болатындықтан өндірісті басқарудың бірыңғай, «таңдаулы» әдісі болмайды.

Басқарудың теориясы мен практикасының дамуы

  • Басқарудың теориясы мен практикасының дамуын қарастыра отырып, бірнеше тарихи кезеңдерді атап өтуге болады.
  • 1.Етре кезең б.з. д. 9-7 мың жылдан ХVIII ғ.
  • 2.Индустриялық кезең (1776-1890 ж.).
  • 3. Жүйелеу кезеңі (1856-1960 ж.).
  • 4. Ақпараттық кезең (1960ж.-қазіргі кезге дейін).
  • Басқару- өте ежелгі тәжірбие болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттігі пайда болды. Дегенменен , басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. 20 ғасырға дейінгі кезеңдерде жүйелі, жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, 20 ғ-дың басындағы Нью-Ланардегі Роберт Оуэннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірбиесін ешбір басшы өз тәжірбиесінде қолданған емес.

Әдебиеттер тізім

  • Кибанов А.Я. Управление персоналом. М. БЕК. 2010.Семенова И.И.
  • 2. Учебник. - 2-е изд., доп. и перераб. / Под ред. проф. Э.М. Короткова. - М.: ИНФРА-М, 2010.
  • 3. Михайлов А.В. Система Тейлора. Переиздание. Л., 2010.
  • 4. Уткин Э.А. История менеджмента. Переиздание. - М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандеш»: Издательство ЭКМОС, 2010.
  • 5. Кабушкин Н.И. Основы менеджмента: Учеб. Пособие - Мн.: Новое знание, 2010.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде