"Менеджмент" мамандығы 1-курс студенттерінің оқу іс-тәжірибесі бойынша



Pdf көрінісі
Дата10.06.2022
өлшемі43.22 Kb.
#267778
түріНұсқаулар
Байланысты:
Пустой 3
2022, дәріс


“Менеджмент” мамандығы
1-курс студенттерінің оқу іс-тәжірибесі бойынша
ТАПСЫРМАЛАР
Кіріспе
1. М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің қызметін іске асыруының құқықтық негіздері (лицензиялар, 
бұйрықтар, нұсқаулар, университеттің жарғысы және т.б.)
2. М.Әуезов атындағы ОҚУ басқару құрылымы мен функционалдық бөлімдердің міндеттері 
(Басқару және бизнес Жоғары Мектебі)
1. М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің қызметін іске асыруының құқықтық негіздері (лицензиялар, 
бұйрықтар, нұсқаулар, университеттің жарғысы және т.б.)
1943 жылдың 19 маусымында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің №679 қаулысымен 
Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы шешім 
қабылдады. Осы жылдың 29 маусымында КСРО Халкомы жанындағы жоғары мектеп істері 
жөніндегі Бүкілодақтық Комитет пен КСРО құрылыс материалдары өнеркәсібі 
комисарының «Қазақ КСР-і Шымкент қаласында Құрылыс материалдары технологиялық 
институтын ұйымдастыру туралы» білескен бұйрығы шықты. Бұл ел басына күн туған сол 
бір ауыр кезде ертеңгі жеңіске деген нық сенімнің көрінісі еді. Қирап қалған мыңдаған 
қалалар мен елді мекендерді қалпына келтіру үшін құрылыс ісінің инженер мамандарын 
даярлау қажеттігін ел басшылары күні бұрын ойластырған болатын.
Оқу орнына қаланың Совет көшесіндегіи педучилищенің ғимараты беріліп, жаңадан 
ашылған оқу ордасының басшылығына Харьковтен көшіп келген К.А.Деляур бекітілді. 
Шындығында құрылыс өнеркәсібіне қажетті білікті мамандарды даярлаудың өзектілігін 
жоғары билікке дәлелді фактілермен жеткізе отырып, институттың ашылуына зор еңбек 
сіңірді.
Алғашқы оқу жылында институт құрамында екі факультет: технологиялық және тау-кен 
факультеттері және 7 кафедра болды. Институтта небары 18 оқытушы, олардың ішінде 2 
профессор және 5 доцент болды.
К.Деляурдан кейін институт басшылығына 1944 жылы Сафа Үмбеталин келді. Ол 
институттың профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға баса көңіл бөліп, 
«Силикаттар технологиясы» мен «Физика» лабораториясының ашылуына, институттың 
материалдық-техникалық базасының қалыптасуына, нақтырақ айтқанда 500 студентке 
арналған жатақхана ғимаратын салуға, 700 орындық оқу ғимаратының құрылысын 
жүргізуді қолға алды.
1948 жылы институтты инженер-технолог силикатшы мамандығы бойынша тұңғыш рет 23 
түлек бітіріп шықты. 1950 жылы институтты бітірген 29 түлектің екеуі Қазақстан 
кәсіпорындарына, үшеуі Өзбекстан, біреуі Тәжікстан, екеуі Башқұртстанға, екеуі 
Арменияға, алтауы Сібірге, Екеуі Қиыр Шығысқа, біреуі Орталық Ресейге, екеуі Украинаға 
жіберілді
1948-1957 жылдар ішінде институтты 532 маман бітіріп шықты. 1956 институт алғаш рет 
«Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығына студенттер қабылдады. 
1957 жылы «Тоңазытқыш және компрессорлық қондырғылармен машиналар», «Ет және сүт 
өнімдерінің технологиясы», «Астық өңдеудің технологиясы және сақталуы» мамандықтары 
ашылды.
1957 жылы институтта Аркадий Владимирович Измаилов директор болған жылдары 
технологиялық және механикалық факультеттер жұмыс істеді.
1958 жылы оқу орнынның басшылығына Қ.Біләлов келді. Ол басшылық еткен аз уақыт 
ішінде институтта республика экономикасының дамуына аса қажетті салалар бойынша 
мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлініп, Қазақ технология институты болып қайта 
құрылған институт еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. 


Институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мол еңбек сіңіріп, оқу 
ғимараттар кешенін салу үшін қаржы бөлуге көп ықпал етті.
1959 жылы институттың ректорлығына осы оқу орнының түлегі, 30 жастағы 
С.Т.Сүлейменов тағайындалды. Сұлтан Тәшірбайұлы оқу орнының материалдық-
техникалық базасы мен ғылыми потенциалын өркендету жолында бар күш-жігері мен 
білімін жұмсады. Ол басқарған жылдар ішінде университеттің бас ғимараты мен «А», «Б» 
оқу корпустары, 4 бірдей студенттер жатақханасы, асхана, «Машат» шатқалындағы 
демалыс лагері, оқу-лабораториялық және спорт кешендері салынды. Сүлейменов 
басшылық еткен тұста институт құрамында 7 факультет, 33 кафедра, 304 оқытушы-
профессорлар, оның ішінде 39 ғылым кандидаты мен доценттері дәріс беретін, 5 мыңға 
жуық студент оқитын еліміздегі ірі жоғары оқу орны ретінде белгілі болды. Институт 
аспирантурасын бітіргендерден 21 адам кандидаттық диссертациясын қорғап, 2082 түлек 
инженер мамандығын алып, халық шаруашылығының түрлі саласында жемісті еңбек етті.
1963-1964 оқу жылында студенттердің саны 4312-ге жетті, сәйкесінше қазақ студенттерінің 
саны 1212-ге жетті, олардың 195-і қазақ қыздары еді. Осы жылдар аралығында институт 
кітапханасындағы кітап қоры 7 мыңнан 111457-ге жетті.
1996 жылы ҚР Үкіметінің №573 қаулысымен оқу орны Қазақ химия-технологиялық 
университеті болып аталды, ал 1998 жылы Үкіметтің №256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан 
техникалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің бірігуі 
негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта 
құрылды. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті Шымкент педагогикалық 
мәдениет институты мен Шымкент дене тәрбиесі институтының қосылуы нәтижесінде 
пайда болған еді. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын 1967-1977 жылдары 
С.Т.Темірбеков, 1977-1996 М.Ж.Жүнісбаев, ал Шымкент дене тәрбиесі институтын 
1990-1996 жылдары М.С.Сапарбаев басқарған еді.
1996 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне ректор болып тағайындалған 
Е.Ө.Медеуов 1998 жылдан 2001 жылға дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан 
мемлекеттік университетіне басшылық етті. Ол жоғары білікті кадрларды сақтап қалуға 
үлкен көңіл бөле отырып, оқытушыларға қосымша жалақы төлеу жүйесінің енгізілуіне 
мейлінше күш салды.
Университеттің жаңа серпінді даму кезеңі Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаевтың есімімен 
байланысты. Ол өзі басқарған 2001-2011 он жыл ішінде ОҚМУ-ды еліміздің жоғары оқу 
орындары көшбасшыларының біріне айналдырды. Осы кезеңде университеттің отандық 
жоғары оқу орындары арасында бірінші болып жеті білім бағдарламасы бойынша (кейіннен 
және 6) халықаралық аккредитациядан өтуі де жайдан-жай емес. Рейтинг бойынша 
Қазақстанның көп салалы жоғары оқу орындары арасында соңғы 5-6 жылда университет 
ұдайы алғашқы бестіктен көрінді, ал ұтып алынған мемлекеттік білім гранттарының саны 
бойынша алғашқы үштікке енді.
2012 жылдан бастап оқу орнын Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы басқарып келді. 
Ж.Мырхалықовтың басшылығымен ғылымды басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, орындалып 
жатқан ғылыми және білім беру жобалар саны 3,5 есеге артты. «Самұрық-Қазына» Ұлттық 
әл-ауқат қоры ұйымдастырған «Инновациялық Қазақстан» республикалық жастар 
конкурсының нәтижесі бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстан Республикасының 
екінші инновациялық ЖОО болып танылды.
Тарихы тереңде жатқан өңіріміздегі оқу орнына бүгінгі күнде тарих ғылымдарының 
докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Д.Қожамжарова 
басшылық етеді.
Университетте 2018-2019 оқу жылында 18145 бакалавриат, оның ішінде 13304 күндізгі, 
4180 сырттай, 661 кешкі бөлімде білім алуда. Бакалаврлардың мемлекеттік білім гранты 
негізінде білім алушылар саны - 6085 студент.


М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде 800-ге тарта студент білім алып жатса, оның 600-ге 
жуығы мемлекеттік білім гранты негізінде, Дайындық курсындағы 170 тыңдаушының 143-і 
мемлекеттік білім гранты негізінде.
Магистратурада білім алушы 1182 магистранттың 1038-і мемлекеттік білім гранты негізінде, 
133 докторанттың 106-сы мемлекеттік білім гранты негізінде білімдерін арттыруда.
Университеттің құрамында 9 факультет және 5 жоғары мектеп:
1.Аграрлық факультеті
2.Тарих және педагогика факультеті
3.Филология факультеті
4.Мәдениет және спорт факультеті
5.Әскери кафедра
6.Сәулет, құрылыс және көлік факультеті
7.Механика және мұнайгаз ісі факультеті
8.Заң факультеті
9.Қашықтықтан оқыту институты
10.Жаратылыстану ғылыми-педагогиканың жоғарғы мектебі
11.Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебі
12.Басқару және бизнес жоғары мектебі
13.Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі
14.Химиялық инженерия және биотехника жоғары мектебі
Басқару және бизнес жоғары мектебі
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі 1992 жылы Қазақ 
химия-технологиялық институтының «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» 
кафедрасының негізінде құрылған.
Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің 
құрамында 7 кафедра жұмыс істейді: «Экономика», «Менеджмент және маркетинг», 
«Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономикалық теория», «Бизнес және коммерцияландыру», 
«Халықаралық туризм және сервис».
Жоғары оқу орындарында экономикалық жоғары білімі бар мамандарды дайындау бұл 
қазіргі заман талабы. Осы мақсатта жоғары мектепте нарық жағдайында сұранысқа ие 
келесі:
6В04110 - «Экономика»;
6В04120 - «Менеджент»;
6В04130 - «Есеп және аудит»;


6В04140 - «Қаржы»
6В04150- «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;
6В04160 - «Маркетинг»;
6B04170 – «Бағалау»
6В11110 - «Туризм»;
6B11111- «Ресторанное дело и гостиничный бизнес» мамандықтары бойынша студенттерді 
жан-жақты дайындау жүзеге асырылуда.
Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық қызметпен ғылым докторлары, ғылым 
кандидаттары және магистр оқытушылар айналысады. Олардың арасында «ЖОО үздік 
оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері, АҚШ, Еуропа елдерінің ЖОО-да ғылыми 
тағылымдамадан өткен профессор-оқытушылар бар. 2004 жылдан бастап:
7М04110 - «Экономика»,
7М04120 - «Менеджмент»,
7М04130 - «Есеп және аудит
7М04140 - «Қаржы»,
7M04152 Мемлекеттік және жергілікті баскару
7М04160 - «Маркетинг» мамандықтары бойынша магистратура ашылып жұмыс жасауда.
Сонымен қатар жоғары мектепте 2014 жылдан бастап 7M04170 – «MBA - Іскер әкімшілік» 
магистрі бойынша магистратура ашылды.
Сондай-ақ, 2010 жылы жоғары мектепте 8D04110 - «Экономика» мамандығы бойынша PhD 
докторантура ашылды.
Оқу процессінде оқытудың заманауи технологиялары: кредиттік жүйе, кейс-технология, 
оқытудың интерактивтік және инновациялық әдістері енгізілген.
Жоғары мектепте профессор-оқытушыларының құрамымен жыл сайын 150-ден аса 
оқулық, оқу құралдары, электрондық оқулық, әдістемелік нұсқаулар шығарылуда, оның 
75%-ы мемлекеттік тілде.
Жоғары мектеп студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық 
бағдарламасына қатыса отырып шет елдердің жоғарғы оқу орындарында бір семестр оқып 
келуге мүмкіндіктері бар.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі халықаралық 
стандартқа сай білім бере отырып, жастардың жан-жақты кәсіби тұлға етіп қалыптасуына 
зор жағдай жасайды. Талапты жастарға сапалы білім беріп, айқын бағыт-бағдар беру 
біздің басты міндетіміз!
Жоғары мектептің негізгі міндеті – білікті мамандарды даярлау
өндірісті ұйымдастыруда және басқаруда
мемлекеттік және жергілікті басқаруда
кәсіпкерлік іс-әрекетте, жарнамада, тауар және қызмет қозғалысында, нарықты зерттеуде


салық салу сферасында
кәсіпорынның қаржылық және қаржы-шаруашылық қызметін бақылау және басқару 
саласында
Кәсіпорындардың барлық жекеменшік нысандарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық 
есептілікті жүргізуде
ОқУ ҮРДІСІНДЕ СТУДЕНТТЕР ТӨМЕНДЕГІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ТЕРЕҢ БІЛІМ АЛАДЫ:
Стратегиялық менеджмент және маркетинг
Қаржылық енеджмент
Инновациялық менеджмент
Экологиялық менеджмент
Маркетинг
Банк ісі
Ақша, несие, банк
Қаржы
Бухгалтерлік есеп және аудит
Инвестицияларды басқару
Антикризистік басқару
Салық және салық салу
Логистика
Бизнесті бағалау
Жобаларды талдау
Еңбек нарығының экономикасы
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ТЕРЕҢ 
МЕҢГЕРУГЕ ҮЛКЕН КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ
Декан – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қ. Сейдахметов
Күндізгі бөлім бойынша оқу мерзімі – 4 жыл
Сырттай бөлім бойынша оқу мерзімі:
кешкі жоғары білім алу – 5 жыл
Екінші жоғары білім алу – 2 жыл
Колледжден кенйін мамандық бағыттары бойынша– 3 жыл
Оқу нысандары мемлекеттік тапсырыс және келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады
Оқуға қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Менеджмент – кәсіпорынның ұйымдастыру принциптерінің доктринасын, оның даму 
стратегиясын, қызметкерлерді іріктеуді және оның жұмысын оңтайландыру жолдарын 
тиімді қамтитын ғылым.
Менеджер:
– жалдамалы кәсіби менеджер;
– өндірісті басқаратын маман.
Кәсіптік қызметтің объектілері:


– сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (сауда орталықтары, гипермаркет және 
супермаркеттер және басқа дүкендер, қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары, туристік 
фирмалар, жарнама агенттіктері, мейрамханалар мен кафелер);
– өндірістік кәсіпорындардың жеткізілім және маркетингтік бөлімдері, қаржы және 
мемлекеттік басқару жүйесін ұйымдастырудың мекемелері
Жеке тапсырма:
М.Әуезов атындағы ОҚУ инновациялық орталығының жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы