«менеджмент» кафедрасы


График проведения взаимозачетов с

Loading...


бет5/5
Дата05.04.2020
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5

График проведения взаимозачетов с


заводом по производству строительного материала



I кв.



II кв.

III кв.

IV кв.

Сумма взаимозачета, тыс. руб.




10000

15000

15000

10000

Төлем қабілетсіздігін сыртқы және ішкі міндеттемелерді қысқарту және де ақша қаражаттарының көлемін көбейту жолымен жоюға болады:



  • Кредиторлық берешекті мүмкіндігінше мерзімді қысқарту және қайта құрылымын жасау;

  • Дебиторлық қарыз айналымын жеделдету коммерциялық несиенің кезеңін қысқарту арқылы, күмәнді дебитордың қарызы жайлы сотқа жүгіну арқылы қайтару;

  • Дайын өнім қорын сата отырып, тауарлы – материалдық қорларды қалпқа келтіру мақсатында белгілі бір мөлшерде шығын шығара отырып сұранысты тудыру – қорабын өзгерту. Тұтынушылық қасиетін жоғалтқан жаңа өнімді қайта өндіру кәсіпорнына тапсыру керек. Ол салықтан түсетін пайданы қысқартпақ. Қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру үшін, кәсіпорын дам кезеңінде меншікті қаржы ресурсының көрсеткіш деңгейі тұтыну қаржы ресурсыныңкөрсеткіш деңгейі тұтыну қаржы ресурстарынан кем болмауы керек.

Қаржылық тепе – теңдікке жету үшін келесі шараларды жүзеге асыру керек:

  • Тиімді баға саясатын жүргізу арқылы таза табысты өсіру;

  • Өнімді нарықта жылжытуда жеңілдіктер жүйесін қолдану;

  • Шаруашылық үрдісінде салық үлесін оптимизациялау нәтижесінде салық мөлшерлемесі мен базасының легалды схемасының төмендеуін қолдану;

  • Өндірісті дамытуға бағытталған таза табысты көбейту мақсатында дивидендтік саясатты іске асыру;

  • Тозығы жеткен және жарамсыз жабдықтарды сату;

  • Кәсіпорынның меншікті капиталын өсіруде тиімді эмиссиялық саясатын жүргізу;

  • Бірлесіп жұмыс істеу және капиталды біріктіру жағдайында қажетті негізгі және айналым қаражаттарын тарту.

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшыруы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:

  • банкроттықты құқықтық реттеу;

  • кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік - әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;

  • перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;

  • қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;

  • банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;

- кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.

3.4 Дағдарысқа қарсы басқару – кәсіпорынның банкроттығының алдын – алудың негізі.

Нақты қатнастарының қазіргі кезеңінде отандық фирмалардың көріп отырған қаржы тапшылықтарына қарамай – ақ, нарықтағы орындарын бекітуге, өз бизнесіне тұрақты нысан беруге деген талпынысын байқаймыз. Бұл шиеленіскен бәсеке жағдайында өміршеңдікке ұмтылуды қажет ететін уақыт талабы.

Дағдарыстық жағдайлар көптеген себептердің әсерінен пайда болады. Олардың ішінде, табиғат апаттарын, экологиялық, қаржы, азаматтық немесе құқықтық дағдарыстар атап айтылып жүр. Бұл тізімді ары қарай жалғастыруға болады, бірақ, шет елдердегі, айрықша, біздің елдегі дағдарыстардың басты себебі – қанағаттанарлықсыз менеджмент. Қазіргі қазақстандық жағдайлар мамандарға дағдарыстардың түрлерін тәжірибеде зерттеуге мүмкіндік туғызды. Әр дағдарыстың өзіндік ерекшклігі бар болғандықтан, олармен күресудің бірдей жолы жоқ. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде дағдарыстарға дайын болу жағдайында қолданылатын іс – шаралардың қалыптасқан жүесі бар. Ол жоспарлау құралдарының көмегімен жүзеге асады. Болуы мүмкін дағдарыстық құбылыстарды жоспарлау – сын сәтінде жасалатын қадамдардың механикалық бірізділігін алдын ала анықтау және ұйымға тез әрі тиімді әрекет жасау үрдісін қамтиды.

Отандық және шетелдік экономист – ғылымдардың зерттеулерін қорытындылай келе, біз «кәсіпорын банкроттығының алдын алу» түсінігіне дағдарысқа қарсы басқару тұрғысынан тоқталуды ұйғардық.

Менің көз қарасым бойынша, «Кәсіпорын банкроттығының алдын – алу – кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтарды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа қарсы басқару іс – шараларының жиынтығы».

Осы тұрғыдан алғанда, дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорын банкроттығының алдын – алу құралы ретінде, дағдарыс жағдайында ғана емес, кәсіпорын қызметінің даму жағдайында да қолданылатын шаралар ретінде көрінеді.

Банкроттық қатердің негізгі ерекшелігі кәсіпорын дамуының барлық кезеңдерінде болуында. Барлық дағдарысқа қарсы үрдістердің жиынтығы (кең мағынасындағы банкроттық) өміршеңдік циклдің белгілі бір кезеңінде ғана басталады: жедел төмендеу жағдайында, ол әдетте кәсіпорынның төлем қабілетсіздігімен сипатталады. Банкроттылық үрдістерінен тыс және дағдарысты жағдайлардың нәтижелерін орталықтандыру үшін пайдаланатын дағдарысқа қарсы басқару шаралары компанияның өміршеңдік циклінің барлық кезеңдерінде қолданылады. Кәсіпорынның банкроттықты басқару үрдістері экономикаға тән жалпы заңдылықтарға негізделеді және де дағдарысқа қарсы үрдістерді жүзеге асырумен байланысты өзіне тән ерекшеліктерге де негізделеді. Осылайша, басқару үнемі мақсатты түрде жүргізіледі. Кез – келген басқару үрдісінде, соның ішінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де, мақсаттардың таңдалып және қалыптасуы бастапқы бекет болып табылады. Мақсатқа жету үшін ресурстарды ұйымдастыру тұрғысынан экономикалық қауіпсіздік басымдылықтарына сәйкес ресурстарды таратудың икемді құрылымы қажет.

Әрине, экономикалық қолайсыз жағдайларда, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты, басқарудың жедел өзгеретін ұйымдық құрылымы керек – ақ. Дәстүрлі басқаруға қарағанда, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірінші сатыға іс – қимылдардағы болжамсыздық (белгісіздік) жағдайында қатысушылар арасында ұзақ уақытқа белгіленген функциялар бөлінісі жоқтығы шығады. Сенімсіз немесе жеткіліксіз ақпарат деген сияқты факторлар да болады.

Төменде көрсетілген салыстыру белгілері кәсіпорынның банкроттығының алдын – алу бір мезеттік көрініс алғандағы сипатпен сай келеді.
21-кесте

Дәстүрлі басқарудың және банкроттықтың алдын – алудың салыстырмалы сипаттамасы





Салыстыру көрсеткіштері

Дәстүрлік басқару

Банкроттықтың алдын - алу

1.

Кәсіпорын қызметінің шарттары

Өзгерістердің төмен қарқыны,

оқиғаның болжамдығы тыныс,

қайталанбалы басқару

мәселелері



Өндірістердің жоғары қарқыны, оқиғаның болжамсыздығы, жаңа, қайталанбаған басқару

мәселелері



2.

Кәсіпорын

қызметінің мақсаты



Жоғары пайда табу

Қауіп – қатер тенденцияларын

немесе салдарын жоюмен

байланысты қауіпсіздікті нығайту мақсаттары


3.

Ұйымдастырушылық

құрылым


Қатаң құрылым

Икемді құрылым

4.

Басқару

ақпаратының сипаты



Реттелген ақпараттық ағындар, дәл, мол ақпараттар

Болып жатқан экономикалық қолайсыздықтардан

ақпараттық ағындардың тәуелділігі, жеткіліксіз, толық емес ақпарат



5.

Марапаттау жүйесі

Тұрақтылық және тиімділік үшін мадақтау

Бастама үшін мадақтау

6.

Басқару мәселесін

шешу

Пайда болған мәселелерге өткен тәжірибеге негізделген


жауап

Мүмкін болатын мәселелерді

көре білу және алдын – алу, творчестволық ізденіс



7.

Еңбек ақы төлеу

Тұрақты нысанда

Нәтижеге байланысты еңбек

акы

Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару механизмі келесі негізгі элементтерден тұтынуы мүмкін:


  1. қаржы жағдайының диагностикасы;

  2. кәсіпорынның бизнесін бағалау;

  3. маркетинг;

  4. ұйымдастырушы - өндірістік менеджмент;

  5. персоналды басқару;

  6. қаржылық менеджмент;

  7. инвестициялық саясат;

  8. дағдарысқа қарсы бизнес – жоспарлау;

  9. бизнес – реинжиниринг үрдісі;

  10. кәсіпорынның таратылуын ұйымдастыру.

Кәсіпорындардың банкроттығының алдын – алу жүйесінің бір қыры мемлекет тұрғысында, макро деңгейде көрінсе, екінші қыры кәсіпорын шеңберінде, микро деңгейде бекітілуі тиіс. Еліміздегі қалыптасқан нарықты экономика мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономика болғандықтан, кәсіпорынның банкроттығын болдырмау жүйесіндегі мемлекеттік бағыттарды жоққа шығаруға болмайды. Мемлекет тұрғысынан алғандағы сыртқы жүйенің бағыттары болып, біздің ойымызша, монополияға қарсы және баға саясаты, салықтық реттеу, импортты алмастырудың және отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясаты, мемлекеттік инвестициялық саясат, кәсіпорындарды оңалту және санация болу керек. Осы айтылған бағыттар кәсіпорын банкроттығын болдырмауға зор үлес қосады деп пайымдай отырып, кәсіпорын тұрғысындағы бағыттар маңызын жоққа шығаруға болмайды. Әр кәсіпорын өзінің микро деңгейінде банкроттықтың алдын – алу жүйесінің келесідей бағыттарын ұстануы керек: шығындарды басқару, өнім сапасын және бәсекеқабілеттілікті басқару, өндірістік әлуетін оңтайландыру, еңбек ресурстары мотивациясы, контроллинг, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, маркетинг және логистика, инвестицияларды және иновацияларды басқару, бизнес рейнжиниринг. Кәсіпорынның банкроттықтың алдын – алу механизімінің макро және микро деңге,йіндегі тұрақтылар бірін – бірі жоққа шығармай, кәсіпорында тең жүргізілсе, біздің ойымызша, кез – келген фирманың катерлердің, қолайсыз жағдайларын алдын – алып, өз бизнесінде тұрақты сипат беруіне толық мүмкіншілігі бар.

Басқару бойынша кеңес беруші дүние жүзіне белгілі маман Питер Драккер дағдарысқа қарсы басқарудың өз нұсқасын ұсынады. Бұл нұсқаның негізі – нәтижелерге бағытталған басқару. Драккер дағдарысқа қарсы басқарудың 3 экономикалық міндеттерін бөліп көрсетеді:



  1. Бизнес тиімді болуы керек;

  2. Оның әлуеті анықталып және орындалуы керек;

  3. Оны басқа, болашақтың міндетіне сәйкес келетін бизнеске айналдыру керек.

Бұл міндеттер бір – біріне қосылады. Олар сәйкестендірілген стратегияны талап етеді. Осы міндеттердің кез – келгенін, тіпті бәрін алмағанда, шешу үшін бизнестің экономикалық жүйе ретінде алғандағы нақты мүмкіндіктерін, экономика саласындағы оның мүмкіндіктерін және қолда бар ресурстар мен мүмкін болатыннәтижелер арасындағы байланысты түсіну қажет.

Бәсекелестік бойынша батыстың ең ірі теоретигі М. Портер дағдарысқа қарсы басқаруда қолданыла алатын бәсекелестік күрес әдістерін бөліп көрсетеді. Бірінші әдіс – төменірек шығындар, екінші әдіс – тауар дифференциясы. Төмен шығындар арқылы фирма салыстырылатын тауарды бәсекелестерімен салыстырғанда аз шығындармен өндіре және сата алады. Ал тауарды бәсекелестерімен бірдей бағамен сатып фирма үлкен пайда алады. Дифференциация – жаңа сапа, ерекше тұтыну қасиеттері немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету сияқты қасиеттер арқылы тұтынушыларға ерекшелендірілген тауар ұысну. Дифференциация арқылы фирма жоғары баға белгілей алады, ал бұл бәсекелестермен бірдей шығындар арқылы үлкен табыс әкеледі.

Кәсіпорындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету оның құрылған мезетінен басталады. Дәл осы мезетте кәсіпкерлік қызметті жүргізуші, таңдалған миссиялы фирманың қызмет ету үрдісі барысында, мүмкін болатын потенциалды мүмкіндіктер мен қауіп – қатерлерді анықтайтын факторларды тереңінен зерттеу және болашақ фирманың бағытын, яғни қызмет саласын бір жағынан, өзінің жеке мүдделері мен мақсаттарына, екіншіден, оның объективті пайда болатын үлкен қауіптерді кейін қайтарудың потенциалды мүмкіндіктеріне сәйкес анықтау болып табылады.

Кәсіпкердің жауап беруі керек ең негізгі сұрақтары, белгілі – бір миссия шеңберінде сыртқы және ішкі нарықтарды кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне қол жеткізе ала ма? Фирманың орналасқан елінің белгілі – бір жағдайында фирманың қай миссиясы осы талаптарға сай келеді? Ұзақ мерзімді стратегиялық болашаққа фирманың тәуелсіздігі қаншалықты қамтамасыз етілген? Фирманың таңдап алған миссиясының кеңдігі мүмкін болған жағдайда қаншалықты диверсификациялануға мүмкіндік береді?

Өз ісін ашқысы келген кәсіпкер бұл сұрақтарға өте көп көңіл бөлуі керек. Егер ол жеткілікті қатаң, нақты, дәлелденген жауап қайтара алмаса, онда оны – потенциалды банкрот деп қарап, бұл жағдайда фирма құрылмағаны дұрыс. Компанияның негізгі концепциясының қалыптасуына, компания алдына ашылатынмақсаттар мен келешектегі міндеттері және оларды ұзақ мерзімге бағалауына түрткі болатын алғашқы миссия, фирманың белгілі – бір бәсекелестік статусының сақталуы және ұзақ уақыт мерзіміне оған бәсеке артықшылығының қалыптасуын қамтамасыз етуі қажет. Алғашқы миссия шеңберінде жасалған стратегиялық шаруашылық аймақтары профилі, қолданылатын ресурстар, стратегиялық потенциал т. б. қосқандағы, фирманың негізгі қызмет ету принциптерін анықтайды. Ал оның өзгеруі сәйкес нәтижелері бар қайта профильденуге әкеледі. Сондықтан, алғашқы миссия шеңберінде фирманың ұзақ уақыт қызмет жасауы, бұл белгілі – бір қалыптасқан және қолдау көрсетілген бәсеке артықшылық пен дағдарыссыз қызмет етуі дегенді білдіреді.

Қорытынды.

Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорын басқаруда және шаруашылық жүргізуде өзінің дербестігін алып, ресурстарын қолдану және еңбек нәтижесін пайдалану құқығын иеленіп, шешімдері мен іс - әрекеттеріне экономикалық жауапкершілікте. Қаржылық жағдай кәсіпорынның іскерлігінің маңызды мінездемесі. Ол кәсіпорынның бәсекелестігін және іс жүргізуде потенциалын анықтап, барлық қатысушылардың қаржылық қатынастарын тиімді экономикалық қызығушылығының гаранты болып табылады. Кәсіпорынның тұрақты деңгейі тағдырдың сыйы немесе сәтті жағдай емес, ол білгір есептелген басқару мен барлық өндірістік – шаруашылық факторларының жиынтығы ретінде, күнделікті ізденіс, жан – жақты және күнделікті жаңалық енгізуге дайындық. Кәсіпорынның сәттілігі мен коммерциялық табысы бүтіндей оның іскерлігіне байланысты.

Алынған көрсеткіштерді талдай отырып, «Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын келесідей тұжырымдадым:



  1. «Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік дағдарыстық жағдайда және банкротқа ұшырау шегінде.

2. Өтімділік көрсеткіші қалыпты көрсеткіштен төмен және зерттеліп отырған алдағы кезеңде одан әрі төмендеу қарқыны байқалып отыр.

  1. Кәсіпорын балансының құрылымы қанағаттандырарлық емес. Қысқа мерзімде қайтару міндеттері өтімді активтерден бірнешеге асып тұр.

  2. Дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің өсуі есепті кезеңнің аяғына таман өсуі күтілуде. Бірақта дебиторлық міндеттемелердің бар болуы өзінің контрагенттерінен тәуелділікті көрсетеді. Жалпы дағдарыстық жағдайында келеңсіс фактор болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып және нәтижесінің банкротқа ұшыруа мүмкіндігін бағалап, «Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне банкрот қауіпі төніп тұр. Кәсіпорынды дағдарыстық жағдайдан шығару құралы ретінде қаржылық стратегия қолданылады.

Қаржылық стратегияны қалыптастыру 3 бөлімде қарастырылған. Стратегияның басты функциясы банкроттықты болдырмау, өтімділікті және төлем қабілеттілігін шешу мәселелері, кәсіби тұрғыдан айналым қорларын басқару. Бұл жерде негізгі рөлді дұрыс таңдалған несие саясатын қаржылық рычаг ретінде қолдану.

Айналым қорларының молаюының маңызды рөлін дебиторлық міндеттемелер немесе дебиторларға берілген тауарлық ссудалар атқарады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру коэффициенті және белгіленген ағымдағы өтімділік коэффициенті 1-ден төмен. Ол осы кәсіпорынның нақты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ екендігін куәландырады. Дәл осы жағдайда банкрот процедуралары қолданылуы мүмкін.

Менің көз – қарасым бойынша бұл тығырықтап шығу жолы – кәсіпорынды сату. Бұл кәсіпорынды сақтап қалып және ең аз әлеуметтік шығын шығарып, еңбек ұжымын бүтіндей қалдырады. Осы нұсқа нарықтық экономикада меншікті тиімсіз иелік етуден тиімді субъектіге өтуіне сәйкес мақсаттағы үрдіс. Кәсіпорынның жұмыс істеу, істемеуі тікелей инвесторға тәуелді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...