«менеджмент» кафедрасы


Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері

Loading...


бет2/5
Дата05.04.2020
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5

1-кесте

Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері


Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері

Фирмалардың банкротқа ұшырау себептерінің мінездемесі

  1. Стратегиялық

сипаттағы қателіктер


    1. Маркетингтік мүмкіндіктері жете бағалай алмау. Кәсіпорынның жаңа даму стратегиясын дайындаудың орнына пайдалылығы төмен өндіріс қуаттылығын арттыру. Нәтижесінде фирма өткір кассалық бюджет тапшылығына ұшырайды.

    2. Бизнеске қатысы жоқ салаға әртараптану. Жұмыс істеп жатқан бизнестің ақша ағынын маңызды негіз жоқ бола тұра басқа бизнесті бастауға жұмсау.

    3. Маркетингтің тек жақында ғана көруі. Бизнестің нарықтық мүмкіндіктер тұрғысынан емес, пайда болған идеялар тұрғысына негізделуі. Бизнесті ұйымдастырудағы нақты мүмкіндіктерге маркетинг талдауының жүргізілмеуі.

    4. Жобаның үлкен болуы. Компания ақша ағынынын көлеміне көңіл аудармастан үлкен жобаны бастайды, ал мұның жанында кәсіпорын қуаттылығының күшеюі мен қосымша жұмысшы күшінің тартылуының нәтижесінде ақша қаражаттарына деген қажеттілік те арта түседі. Фирма үлкен жобаны бастау үшін жеткілікті ақша қаражатының бар екендігіне көз жеткізу қажет.

    5. Жоспарлаудағы кемшіліктер. Шоттарға төленетін төлемдердің кідіруінен немесе тапсырмалардың қысқаруынан өндіріс көлемінің төмендеп кетуі сияқты күтпеген жағдайларда фирма өзінің әрекеттерін (өндірісті тоқтату қуаттылықты азайту және т.б.) жоспарлау қажет.




2. Жалпы менеджмент проблемалары

2.1 Басқарушылардың шеберлігі мен тәжірибесінің және «ноу – хау»-дың жетіспеушілігі. Кәсіпорынның өсу кезеңдерінде менеджерлер өз стратегияларын тікелей басқарудан менеджерлік басқаруға ауыстырулары қажет.

2.2 Қаржы менеджментігіндегі жетіспеушіліктер. Жаңа фирмаларда ереже бойынша қаржылық міндеттер жәй бухгалтерияға қатыстырылады. Компанияда ең басынан кәсіби қаржыгер болу керек.

2.3 Менеджерлердің негізгі қызметкерлерінен айырылуы көбінесе сындарлы болуы мүмкін, әсіресе қандай да бір өндіріс әдістері саласына ғана тиісті бөлімді қажет ететін кәсіпорындар үшін.


3. Есептік – қаржы жүйесі мен тәжірибедегі кемшіліктер

3.1 Баға қалыптастыруда салалық стандарттар мен нормативтердің болмауы өндірілген өнім құнының дәрежесі мен оның пайдалылық дәрежесін алдын ала анықтауға мүмкіндік бермейді.

3.2 Фирманың экономикалық жағдайын басқару талдауының жетіспеушілігі немесе мүлдем жоқ болуы (тауар – материалдық құндылықтарды, жұмыстардың орындалу көлемін және т.б. талдау).

3.3 Кассалық бюджетке көңіл аударудың орнына қателесіп, аудару тәсіліне көңіл аудару, бизнесті айтарлықтай қаржы проблемасына әкелуі мүмкін.

Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігін дәл түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті банкротқа ұшырамаумен байланыстырады, басқалар банкротқа ұшыраумен қатар кәсіпорынның бірігу, басқа компания тарапынан сатып алынуы сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын да қосады.

Егер фирма тапсырыс берушілердің, акционерлердің, жұмысшылрдың, жеткізушілердің және тұтынушылардың алдында өз міндеттерін орындамаса, онда ол сәтсіз фирмалар қатарына жатады деген пікір бар. Көптеген зерттеушілер кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын келесі бағыттар бойынша бөліп қарастыруды қалайды:


  1. Банкротқа ұщырамаумен байланысты.

  2. Алдағы залалардың алдын алу мақсатымен.

  3. Қажетті нәтижені ала алмау себебіне байланысты, мысалы, салынған капиталдың пайдалылық процентінің төмен болуы.

  4. Зейнеткерлік жасқа жетуге немесе денсаулық жағдайына байланысты кету, пайда табу мақсатында немесе басқа бизнесті бастау мақсатында бизнесті сату сияқты себептерге қатысты.

Австралиялық ғылымдармен жүргізілген зерттеулер бойынша бизнестегі сәтсіздіктер пайызының жоғары болуы туралы әр түрлі пікірлерге қарамастан, банкротқа ұшырағандардың үлесі 3,4% ғана, алдағы болатын залалдардан құтылу мақсатында 8% ғана өз қызметін тоқтатады екен (2-кесте).

2-кесте


Кәсіпорын қызметінің тоқтатылу себептері

Кәсіпорын қызметінің тоқтатылу себептері

Кәсіпорындар

саны


Жалпы кәсіпорындар санындағы % үлесі

Банкротқа ұшырау

179

3,4

Алдағы залалдардың алдын алу

415

8,0

Қалаған нәтижесін ала алмау

267

5,1

Зейнеткерлікке немесе денсаулық жағдайына байланысты кету

126

2,4


Пайда табу мақсатымен сату

916

17,6

Белгісіз себептерімен

326

6,3

Бизнестегі сәтсіздікке алып келген басқа себептер

277

5,3


Бизнестегі сәтсіздіктерге байланысты емес басқа себептер

34

0,7


Қорытынды: сатылған және жабылған кәсіпорындар саны

2543

48,9


Жұмыс істеуін жалғастырып жатқан кәсіпорындар саны

2653

51,1


Бизнесті бастаған кәсіпорындардың жалпы саны

5196

100



1.2 Қазақстан Республикасында төлем қабілетсіз кәсіпорындардың дамуын талдау.

Республикада дамудың қазіргі кезеңінде экономикада өсу фазасы байқалады, шаруашылық жүйесінің реформациясы іске асып, экономикалық қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасты деп айтуға болады. Өнеркәсіптің дамуы көрсеткіштерінің өсуі серпіні байқалып, жалпы Қазақстан Республикасын нарықты экономикалы ел деп дүние жүзі танып, дамуын оң бағалап отырған кезде, төлем қабілетсіз кәсіпорындар шамасының өзгеруі қай деңгейде екен? 2005 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы бойынша төлем қабілетсіз кәсіпорындардың саны 3333 болды. Төлем қабілетсіз кәсіпорындардың жалпы кредиторлық қарызы 78414,9 млн. теңге, соның ішінде бюджет алдындағы кредиторлық қарызы 46792,4 млн. теңгені құрады. Осы ретте, төлем қабілетсіз кәсіпорындардың 74,5 %-ның (2486 ұйым) активтерінің жоқ екенін айта кету керек.



1-сурет. Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіз

кәсіпорындардың өзгеру қарқыны.

1-суреттен көріп отырғанымыздай, 2003 жылдан бастап, төлем қабілетсіз кәсіпорындардың санының өзгеруімен қоса, мүлкі жоқ кәсіпорындардың да санының артқаны байқалады.

2005 жылдың 1 қаңтарына 2004 жылдың басымен салыстырғанда жалпы кредиторлық қарыздың сомасы төлем қабілетсіз кәсіпорындар санының артқанына қарамастан, 45907,8 млн. теңгеге азайып, 78414,9 млн. теңгені құрады.

Төлем қабілетсіз кәсіпорындардың ең көп үлесі Алматы қаласында – 917 (27,5 %) және Шығыс Қазақстан облысында – 371 (11,1 %) орналасқан. Төлем қабілетсіз кәсіпорындардың ең аз саны Ақтөбе облысында – 52 (1,5 %), Ақмола облысында – 65 (1,9 %) және Қызылорда облысында – 87 (2,6 %) байқалады. 2004 жылы банкроттық үрдісіне барлығы 4863 кәсіпорын тартылған. Олардың ішінде 3750 банкрот болған ұйымда тарату үрдісі жүргізіліп болған. Банкроттық үрдісі 1113 ұйымда жалғастырылуда, оның ішінде 1082 кәсіпорын жойылу кезеңінде, 31-і оңалту кезеңінде.

2004 жылы төлем қабілетсіз кәсіпорындарды қаржы – экономикалық сауықтыру нәтижесінде бюджетке 2221,0 млн. теңге түсті. Әкімшілік шығындар құрамында 872,6 млн. теңге ағымдық төлемдер төленді. Есептік жылы 27849,3 млн. теңгенің салықтық қарызы қайтарылып алынды.

Оңалту үрдісін өтіп жатқан 31 кәсіпорыннан және оңалту үрдісі аяқталған ұйымдардан мерзімі өтіп кеткен 1933,1 млн. теңге кредиторлық қарыз төленген.

2004 жылы оңалту үрдістерінің нәтижесінде бюджетке 1011,8 млн. теңге түсті.

2004 жылы келесі кәсіпорындарда оңалту үрдісі нәтижелі аяқталды: «Адал» ЖШС-гі, «Курс» ЖШС-гі (Оңтүстік Қазақстан облысы), «Қызылордагилрогеология» АҚ-ы, «Бейбарыс» ЖШС-гі, «Қызылордарисмаш» АҚ-ы (Қызылорда облысы), «Автохозяйство» ЖШС-гі (Ақмола облысы), «Водоканал» МҚК (Қостанай облысы), «Үштөбе тәжірибелік – механикалық зауыт» АҚ-ы (Алматы облысы).

Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі толық қалпына келтірілді, оңалту үрдісінің мақсаты орындалды деп айтуға болады. Сондай-ақ «Алатау» АҚ-ның (Алматы қаласы) және «Бастау» МҚК-нің (Оңтүстік Қазақстан облысы) төлем қабілеттілігі қалпына келтіріліп, оңалту үрдісі аяқталып келеді.

2004 жылдың басынан бастап, өздерінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіре алмаған 11 кәсіпорын банкроттыққа ұшырады. 2 стратегиялық маңызы бар кәсіпорын бойынша: «Водоканал» АҚ-ында (Қарағанды облысы) және «Түркістанэнерго» АҚ-ында (Оңтүстік Қазақстан облысы) Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулыларымен ерекше жағдайлар бекітіліп, конкурстық массаны өткізу тәртібі бекітілді.

Кәсіпорындарды оңалтудың толық көлемде орындалмауына келесідей объективті факторлар әсер етті:


  • негізгі құралдардың тозуының жоғары деңгейі, шаруашылық қызметтің зияндылығы, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің төмен деңгейі, тапсырыс берушілердің келісімдік міндеттемелерінің орындалмауы немесе тоқтап қалуы;

  • төлем қабілетсіз кәсіпорындардың тарифтік құрамдастарын ескермейтін антимонополиялық заңдылық;

  • өнімге сұраныстың, мемлекеттік тапсырыстың жоқтығынан өнімді өткізудегі қиыншылықтар мен өндірістің ерекшеліктері;

  • мемлекеттік сатып алулар бойынша істегі мемлекеттік заңдылық бойынша оңалту үрдісінен өтетін кәсіпорынның тендерлерге қатыса алмау ерекшеліктері.

2004жылы 4034,1 млн. теңгенің конкурстық массасы өткізілді. 533,6 млн. теңгеге дебиторлық қарыз алынды. Оның үстіне, келесі реттік кәсіпорындардың кредиторлық қарыздары қайтарылды:

  • 1-ші кезектегі қарыз бойынша 318,9 млн. теңге (1-ші кезектегі қарыздың 85,5 %);

  • 2-ші кезектегі қарыз бойынша 1223,6 млн. теңге (2-ші кезектегі қарыздың 78,5 %);

  • бюджет алдындағы қарыз 989,4 млн. теңгеге өтелді (4,9 %).

Әлеуметтік кезектегі кредиторлық қарыздардың толық көлемде қанағаттандырылмауына 2004 жылы таратылған 3750кәсіпорынның 3316-ның (88,4 %) іс жүзінде мүлкінің болмауы әсерін тигізді.

2004 жылы бюджет алдындағы қарыз төлемнің 2003 жылмен салыстырғанда төмендеуі 01.04.2003 жылы қабылданған №316 «Қазақстан Республикасының газ – көлік саласы кәсіпорындарының конкурстық массасының ерекше жағдайлары және өткізу тәртібі» Қазақстан Республикасының Үкіметінің Жарғысымен 11 кәсіпорынның банкроттық үрдісінің өткізілуі ерекшеленуінен болды. Осы кәсіпорындардың бюджет алдындағы жалпы кредиторлық қарызы 5859,7 млн. теңгені құраған еді.

Ерекше жағдайлар мен өткізу ерекшеліктері газ – көлік жүйесі кәсіпорындарының активтерінен қалыптасқан негізгі лоттың минималдық құны бірінші және екінші кезектегі кредиторлық қарыздардың және әкімшілік шығындардың жиынтық сомасынан аз болмауы керек.

2005 жылдың бірінші қаңтарына газ – көлік саласының 10 кәсіпорыны бойынша: «Жайық трансгаз» АҚ-ның, «Қостанай трансгаз» АҚ-ның, «Қазақэнергоремонт», «Уральсктрансгаз», «Казахгаз», «Алау - газ», «Ақтөбетрансгаз», «Ақтаутрансгаз» АҚ-дарының тарату процедуралары аяқталды. Осы ретте бюджет алдындағы кредиторлық қарыз 4622,7 млн. теңге болды, бірақ жоғарыда аталған кәсіпорындардың конкурстық массасы кредиторлық қарыздарын жабуға толық түрде жеткен жоқ.

Жасалған талдаулар бойынша жыл сайын таратылған кәсіпорындар құрамында мүлкі жоқ «бос» кәсіпорындардың үлесінің жылдан – жылға артып отырғанын айта кету керек. 2002 жылы таратылған кәсіпорындар құрамында бос кәсіпорындардың үлесі 46,5 % болса, 2003 жылы таратылған 3220 кәсіпорынның 81,9 %-ында мүлкі болған жоқ, бұл көрсеткіш 2004 жылы 3750 кәсіпорынның 88,4 %-ындай шамаға өзгерді.

Банкрот кәсіпорындарды тарату барысында конкурстық өндіріс бойынша әкімшілік шығындардың 30 % ағымдағы салықтар түрінде бюджетке түсетінін айта кету керек. 2004 жылы таратылған кәсіпорындар бойынша бұл шама 219,8 млн. теңгені құрады.

Банкроттық үрдістерін өткізу барысында 2004 жылы 27849,3 млн. теңгенің қарызы алынып тасталды.

2005 жылдың 1 қаңтарына таратылу кезеңінде 1082 кәсіпорын тұр. Осы банкрот кәсіпорындардағы азаматтар алдындағы 1-ші реттік кредиторлық қарызды ағымдық төлеу 1432,5 млн. теңгені, құрады, яғни талап етілген қарыздың 67 % орындалды.

Еңбек ақы мен өтемақыларды ағымдық төлеу 1345,8 млн. теңгені құрады (талап етілгені 2700,7 млн. теңге, соның 49,8 % төленген).

Бюджет алдындағы қарыз 464,2 млн. теңге төленген, яғни талап етілген қарыздың әзірге 1,5 % ғана орындалған.

2004 жылы конкурстық мерзімнен артық уақытқа конкурстық үрдісі созылған кәсіпорындар саны 290 болып, алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайып отыр. Олардың ішінде 21-інде конкурстық үрдіс үш жылдан астам мерзімге созылған, 20-ында конкурстық үрдіс екі жылдан артық уақытқа, 162-де бір жыл мен екі жылдың арасында, ал 87-інде тоғыз айдан бір жылға дейінгі уақыт аралығында болып қалып отыр.

Банкроттық үрдісінің созылып кетуінің келесідей себептері бар:



  • борышкердің қатысуымен бірге соттық мерзімнің ұзақтығы;

  • әлеуметтік кезектегі кредиторлық қарыздардың төлеу шешімдерінің шешілмеуі;

  • радиоактивті объектілердің ары қарай кімге берілу сұрақтары;

- мүліктің өтімділігі мен тозу жағдайы.

2005 жылдың 1 қаңтарына таратылған кәсіпорынның негізінде 1138 кәсіпорын өндіріс қалыпына келтіріліп, 120979 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2004 жылы 124 ұйымда 5171 адам жұмысқа қайта алынды. Таратылған кәсіпорындар негізінде өндірісін қалыпыеа келтірген ұйымдар бойынша көрсеткіштер 3-кестеде көрсетіледі.

3-кесте

2005 жылдың 1 қаңтарына таратылған кәсіпорындар негізінде өндірісін қалпына келтірген ұйымдардың Қазақстан Республикасының облыстары бойынша даму көрсеткіштері.





Көрсеткіштер

Таратылған

ұйымдар


саны

Өндірісін қалпына келтірген ұйымдар

Жұмыс

орындарымен

қамтамасыз етуі


1.

Қарағанды облысы

2298

183

28746

2.

Қостанай облысы

1334

98

9326

3.

Павлодар облысы

1111

53

8667

4.

Ақтөбе облысы

970

199

8123

5.

Шығыс Қазақстан

облысы


814

115

5990

6.

Алматы облысы

743

112

5970

7.

Солтүстік Қазақстан облысы

732

91

7505

8.

Алматы қаласы

569

21

1412

9.

Ақмола облысы

563

52

15434

10.

Атырау облысы

556

19

893

11.

Оңтүстік Қазақстан

облысы


452

63

6682

12.

Астана қаласы

399

86

4557

13.

Маңғыстау облысы

350

137

6913

14.

Батыс Қазақстан

облысы


333

24

1098

15.

Жамбыл облысы

331

34

7309

16.

Қызылорда облысы

295

51

2354

Барлығы

11850

1338

120979

Ақтөбе облысы бойынша өндірісін қалпына келтірілген кәсіпорындар саны (199 кәсіпорын) Қазақстан Республикасы бойынша ең бірінші орында, осында 8123 адам жұмыс тапқан, сосын Қарағанды облысында, бұл жерде 183 өндірістің жұмысы қалпына келтіріліп, 28746 адам жұмысқа алынған.

2005 жылдың 1 қаңтарына 163 кәсіпорын бойынша жалған банкроттық үрдісін қозғау фактісі анықталып, олардың істері сотта қаралуда.

Зерттеу бойынша Қазақстан Республикасындағы банкроттық үрдісінің өткізілуін зерттей отырып, келесідей тұжырымдар жасалған:



  1. Республика шеңберінде соңғы кезде банкроттық үрдісі арқылы өндірісін қалпына келтірген кәсіпорындар саны жылдан – жылға артып отыр. Бұл жерде банкроттық үрдісі экономиканы сауықтандыру құралы ретіндегі қызметін орындап, ұлттық экономиканы дамытуға үлесін қосады.

  2. Кәсіпорындарды жалған банкроттыққа ұшырату элементтері әлі де экономикамызда кездесетініне қарамастан, соңғы жылдары осындай фактілердің саны азайған.

  3. Оңалту үрдісінен кейін өздерінің өндірістік қызметін жандандырған кәсіпорындар саны артып келеді, осындай кәсіпорындарда ашылған қосымша жұмыс орындары банкроттық үрдісін тартымды қылып көрсетеді.

4. Кредиторлық қарызды төлеуде даму байқалады.

1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын диагностикалаудың тәсілдері.

Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:



  1. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.

  2. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.

  3. Төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау.

  4. Қаржылық ағымның құйылуын талдау.

  1. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.

Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика – математикалық модельдеу қолданылуы мүмкін. Экономика – математикалық модельдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына тигізетін факторлар әсеріне байланысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді. Экономика – математикалық модельдеудің қаржылық болжамының ең тиімдісін алу үшін, ол эксперттік бағалау тәсілімен толықтырылады, нәтижесінде қаржылық процестердің сандық мәндеріне түзетулер жасауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның тұрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын талдау, сонымен қатар, оның тәуекелдігін анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалық – математикалық модельдер қолданылады.

Банкроттықтың ықтималдылығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э. Альтман ұсынған Z модельдері.

Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі бойынша банкроттықтың ықтималдылығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті немесе ағымдағы өтімділік (КТЛ), яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффициентіне байланысты болып табылады. Эмперикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэффициенттердің салмақтық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік – статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдылық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң болатын болса, банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.

Америка тәжірибесінде мынандай коэффициенттердің салмақтық мәндері қолданылады:



    • жабу немесе ағымдағы өтімділік көрсеткіші үшін:

(КП) – (- 1,0736);

    • баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының көрсеткіші үшін:

(К3) – (+ 0,0579);

    • тұрақты шама – (- 0,3877).

Бұдан Z есебінің формуласы мынандай болады:

Z = - 0,3877 + К * (- 1,0736) + К * 0,0579.

Мұнда:

Ағымдағы активтер



КТЛ – Ағымдағы өтімділік коэффициенті = -------------------------------- ;

Ағымдағы міндеттемелер

Заемдық қаражаттар

(міндеттемелер)

К3 – Қаржылық тәуелділік коэффициенті = -------------------------------- .

Көздердің жалпы көлемі

(баланс валютасы)

Z = 0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдылығы 50 %-ға тең. Егер Z < 0 болса, онда банкроттық ықтималдылығы 50 %-дан кем болады және Z төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z > 0 болса, онда банкроттық ықтималдығы 50 %-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.

Осы модельдердің ерекшелігі оның қарапайымдылығы, оның кәсіпорын жағдайында ақпарат көлемі шектелген жағдайда қолданылу мүмкіндігі болып табылады.

Бірақ берілген модель банкроттықты болжауда жоғары дәлдікті қамтамасыз етпейді, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайына басқа маңызды көрсеткіштердің (табыстылық активтерінің берілуі, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі) әсерін есепке алмайды. Болжаудың қатесі екі факторлы модельдің көмегімен мына аралықта бағаланады.

Z = + 0,65.

Отандық кәсіпорындар басқа жағдайларда жұмыс істейді, біздің елімізде инфляция қарқыны макроэкономика және микроэкономика циклдері, сонымен қатар өндірістің энергия, қаржы және еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі деңгейі, салық ауыртпалығы басқаша болып келеді. Осыған байланысты бұл жоғарыда көрсетілген коэффициентер мәнін біздің жағдайда ойламай бірден пайдалану мүмкін емес. Бірақ модельдің өзін, басқа еліміздің нарығына сәйкес келетін көрсеткіштермен алмастырып, отандық есеп және есеп беруде банкрот кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар толық болған жағдайда қолдануға болар еді.

Нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде кәсіпорынның банкроттық ықтималдылығын болжау үшін жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелген Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады. 1968 жылы ол болжудың бес факторлы моделін ұсынған. Осы модельдерді жасаған кезде Э. Альтман өнеркәсіптің 66 кәсіпорынын қарап тексерген. Оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы жақсы жұмыс істеген. Ол мүмкін боламын банкроттықты болжау үшін ұтымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген. Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп өсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималдылығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентін анықтап, бес негізгі көрсеткішті шығарған Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетілген:

Z = 1,2 + К1 + 1,4 * К2 + 3,3 * К3 + 0,6 * К4 + 1,0 * К5.

Мұндағы: К1 - К5 келесі түрде есептелінеді:

Меншікті айналым қаражаттары

К1 = ---------------------------------------------- ;

Барлық активтер

Бөлінбеген табыс

К2 = ---------------------------- ;

Барлық активтер

Пайыз бен салық төлеуге дейінгі табыс

К3 = ----------------------------------------------------- ;

Барлық активтер

Меншікті капиталдың нарықтық бағасы

К4 = ------------------------------------------------------ ;

Қатыстырылған капитал

Өткізуден түскен табыс

К5 = ---------------------------------- .

Барлық активтер

Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2 – 3 жыл) біреулердің банкроттыққа ұшырап (Z < 2,675 болғанда) және (Z > 2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.

Кестеде Z – шотының мәні мен банкроттық ықтималдығы көрсетілген.

4-кесте

Банкроттықтың ықтималдылық дәрежесі



Z – шоттың мәні

Банкроттықтың ықтималдылығы

1,81 және одан төмен

өте жоғары

1,81-ден 2,70 дейін

жоғары

2,71-ден 2,90 дейін

мүмкіндік бар

3,0 және жоғары

өте төмен

Статистикалық амал қауіпті аймақтың шекарасын анықтауға мүмкіндік береді. Z < 1,81 – банкроттықтың жоғары ықтималдық аймағы, Z > 3,0 – банкроттықтың төмен ықтималдығының аймағы және осыған сәйкес компанияның топтастыруын жүргізу керек. Бір жылға нақты болжау дәлдігі 95% құрайды, ал екі жылға 83 %-ға дейін, бұл модельдің үлкен құндылығын көрсетеді. Бір кемшілігі сол, оны өзінің акцияларын биржаларда бағалайтын ірі компанияларда ғана қолдануға болады.

Басқа да белгілер мәлім болды, мысалы, Британ ғылымдары Тофлер мен Тншоу 1977 жылы төрт факторлы болжамдық модельді ұсынды. Сол жылы Э. Альтман банкроттық ықтималдылығын 5 жыл бойы қадағалауға мүмкіндік беретін жеті факторлы модельді жасады, оның дәлдігі 70 %-ға дейін болды. Бұл модель келесі көрсеткіштерді қамтиды:


    • активтердің рентабельділігі;

    • пайданың динамикасы;

    • несие бойынша пайыздарды жабу коэффициенті;

    • комулятифті түсімділік;

    • ағымдағы өтімділік коэффициенті;

    • автономия коэффициенті;

    • жиындық активтер.

Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың жетіспеушілігі қиындық туғызады (сыртқы пайдаланушыларда жоқ аналитикалық есептің мәліметтері қажет).

  1. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.

Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан өте жағымды, ал іс жүзінде ақталмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің аналитикалық бағалауында белгілер жүйесін қолданады. Мысал ретінде аудит практикасын талдап қорыту (Ұлыбритания) бойынша комитеттің ұсынысын келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа динамикасының өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштер жатады. Оған жататындар:



    • негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;

    • ұзақ мерзімді салымдардың көзі ретінде қысқа мерзімді заемдарды шамадан тыс қолдану;

    • мерзімі өткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің өсуі;

    • өтімділік коэффициентінің тұрақты төмен мәндері;

    • айналым қаражаттарының аса тапшылығы;

    • қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті шектеріне дейін тұрақты өсуі;

    • дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;

    • инвесторлар, кредиторлар және акционерлер алдында міндеттемелерді үнемі орындамау;

    • дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;

    • нормадан тыс, жатып қалған тауарлар мен өндіріс қорларының болуы;

    • банктік жүйедегі мекемелермен қатынасының нашарлауы;

    • тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресурстар көзін пайдалану (мәжбүрлі);

    • пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды өндіріс процесінде қолдану;

    • ұзақ мерзімді келісімдерді потенциалды жоғалту;

    • тапсырыстар портфеліндегі жағымсыз өзгерулер.

Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды шекті жағдай түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен көрсеткіштер кіреді. Оған жататындар:

    • басқару аппараттарының белді қызметкерлерінен айырылуы;

    • мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық процестердің ырғақтылығының бұзылуы;

    • кәсіпорынның активті түрі, жабдықтың типі, нақты бір жобадан тәуелді болуы;

    • жаңа жобаның табыстылығы мен сәтілігіне орынсыз сену;

    • кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз сот ісіне араласуы;

    • тиімді контрагенттерді жоғалту;

    • кәсіпорынды техникалық және технологиялық тұрақты жаңартудың қажеттілігін дұрыс бағалау;

    • тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер;

    • кәсіпорынмен тікелей немесе оның бөлімшелерімен байланысты саяси тәуекел.

Осы ұсыныстардың құндылықтарына жүйелілікті, мүмкін болатын банкроттық тұрғысынан қарағанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді жолмен түсінуді, кез келген кәсіпорынның ешқандай өзгертулерсіз қолдануына болатындығын жатқызуға болады. Қаржылық есеп берулер мәліметтерінен басқа, қосымша ақпарат қажет. Бұл белгілердің шекті мәні салалар бойынша нақтыланады, ал оларды жасау тек қана анықталған статистикалық мәліметтер жинағынан кейін жүргізіледі.

3. Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау.

Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанарлықсыздай мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық – экономикалық сауықтырудың механизмі жайындағы Ережемен (Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 қыркүегіндегі №1002 қаулысымен бекітілген), сонымен қатар 1995 жылдың 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бекғітілген кәсіпорындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.

Осы Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржылық жағдайын тереңдетіп талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар» жасады, оны аталған мемлекттік органның директоры 1995 жылы 5 қазанда бекітті. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті. Баланстың құрылымының қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:


  1. Ағымдағы өтімділік коэффиценті (жалпы жабу), ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.

  2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының (меншікті капитал минус ұзақ мерзімді активтер = баланс пассивінің І бөлімі минус баланс активінің І бөлімі), ағымдағы активтер құнына (баланс активінің ІІ бөлімі) қатынасымен анықталады.

Кәсіпорынның баланс құрылымы қанағаттанарлықсыз, ал кәсіпорын төлем қабілетсіз деуге негіз ретінде келесі талаптардың бірінің орындалуы шарт:

    • есепті кезең соңындағы ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 2,0-ден кем;

    • есепті кезеңінің соңындағы меншіктік қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті 0,1-ден кем.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоқ деп тану оның жағдайының қанағаттанарлықсыздығын білдірмейді, яғни меншік иесіне азаматтық – құқықтық жауапкершілік жүктемейді. Бұл тек мемлекеттік органдар анықтаған қаржылық тұрақсыздық жағдайы, ол кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан өз күшімен шығуын ынталандыру және қанағаттанарлықсыздықтың алдын алуға бағытталған шараларды уақытында іске асыруға бағытталады.

Баланстың құрылымы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін нақты қалпына келтіре алу мүмкіндігін тексеру үшін 6 ай мерзім ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру коэффициенті былай есептеледі:

Ктл(к.г) + 6/Т (Ктл(к.г) – Ктл(н.г))

Квп = --------------------------------------

2
Мұндағы:

Ктл(к.г) – Ктл(н.г) – есептік кезеңнің басы мен аяғындағы өтімділік коэффициентінің нақты мәні;

Т – есептік кезең.

Егер қалпына келтіру коэффициенті 1-ден кем болса, бұл кәсіпорынның 6 ай ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндігі жоқ екенін көрсетеді. Егер қалпына келтіру коэффициенті 1-ден артық болса, онда бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.

Баланстың құрлымы қанағаттанарлықтай болған кезде қаржылық жағдайдың тұрақтылығын тексеру үшін 3 ай мерзімге берілген төлем қабілеттігін жоғалту үшін коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

Ктл(к.г.) + 3/Т (Ктл(к.г.) – Ктл(н.г.))

Куп = ------------------------------------------

2

Егер төлем қабілеттілік коэффициенті 1-ден артық болса, бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жақындағы 3 ай ішінде жоғалтпайтындығын көрсетеді. Ал төлем қабілеттілік коэффициентті 1-ден төмен болса оның төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін, яғни кредиторлардың алдында міндеттемесін өтей алмайды. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жоғалтуының нақты қаупі төніп тұрғанына байланысты, ол кәсіпорындарды қайта құру жөніндегі органдарда тиісті тіркеуге тұрғызылады.



4.Қаржылық ағымның құйылуын талдау.

Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қарыз қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдерін бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы қаражаттарының қозғалысын немесе қаржы ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған:


    • кірістер;

    • шығындар (немесе төлемдер);

    • олардың айырмасы (сальдо, баланс);

    • нақты бар болуы (өспелі нәтижелі сальдо, топтастырылған сальдо), шоттағы бар қаражаттарға сәйкес.

Егер болашақта 4 көрсеткіш теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарызды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажорлық жағдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттықтың бірінші белгісі, ол – соңғы көрсеткіштің теріс болуы.

Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» түсу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару көлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмендетеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәтижесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып келеді.

Банкроттықтың ықтималдылығын бағалаудың бұл әдісі Батыс елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Германияда қаржылық ағымдардың талдауы кәсіпорынның төлем қабілеті жоқтығын анықтау үшін заңды түрде қолданылады.

Төлем қабілетсіздік қаупі, қарыздарды төлеу уақыты келген кезде қолма-қол төлем міндеттемесін орындай алмаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын төлемдер негізінде жасалады. Төлем қабілетсіздік қаупі болашаққа бағытталған, сондықтан белгісіздік мәселесіне қарсы тұрады. Табыстар мен шығыстардың көптеген көлемдері, қаржылық болашағы нақты жағдайға байланысты екенін көрсетеді.

Қаржылық ағымдарды талдау әдісінің артықшылығы есептеудің қарапайымдылығы, алынған нәтижелердің көрнектілігі, басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпараттылығында болып отыр. Бұл әдістің кемшіліктері де бар: қажетті деңгейдегі дәлдікті қажет ететін ақша қаражаттардың түсу көлемін, ұзақ мерзімді болашақтағы төлемдердің көлемін, сонымен қатар кәсіпорындағы аналитикалық есептің қажетті мәліметтерін жоспарлау өте қиын.

Түсуі мен шығуы жоспарланған, өтімді қаражаттардың барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, бағалаудың барабар құралы болып табылады. Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру үшін, кәсіпорын келесідей батыл әрекет жасауға мәжбүр болады:



    • қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін сату;

    • басы артық таурлы – материалдық қорлардан құтылу;

    • жарғылық капиталды өсіру;

    • айналым қаражаттарын толтыру үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдарды алу;

    • шығындарды қысқарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;

    • активтерді басқаруды жақсарту;

    • қайтарылмайтын немесе қайтарылмайтын негіздегі әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық және салааралық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.

Банкроттықты болдырмауға бағытталған жұмыстың басқа жайы маркетингтік саясатты дұрыс жүргізу болып табылады.

Үшінші бағыт – капиталдың тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалысыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимараттардың шамадан тыс көп болуы, т.б.. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырмалар қалған бір бөлігіне жүктеледі. Баға өскенде ғана болмаса, тауарды ұстап тұрудың ешқпндай қажеті жоқ. Ғимараттар немесе құралдардың құндылығы олардың бағасына емес, пайдаланылуына байланысты. Бизнестің мәні айырбастау болып табылады. Пайда нормасы жоғарғы бағаға емес, сату жылдамдығына байланысты, сондықтан бағаны көтеру банкроттыққа әкеледі, ал капиталдың айналымдылығының ең жоғары жылдамдығы банкроттықтан сақтайды.

Бұл ұсыныстар банкроттықты болдырмайтын жұмыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасап шығару керек.

2 бөлім. «Прогресс» фирмасы» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау

2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы және оның даму деңгейі

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз қызметін 02.02.1992 жылы бірінші мемлекеттік тіркеуден кейін жұмыс істей бастады, ал 02.02.1996 жылы мемлекеттік қайта тіркеу куәлігін № 2146-1910-ТОО алды. «Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негізінде, 22.04.1998 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, 19.06.1997 жылғы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы («Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі жұмысшылардың жылдық орташа саны 50 адамнан көп емес және жалпы активтердің бағасы жылдық айлық есептік көрсеткіштің 60000-еселік шамасынан жоғары емес шағын кәсіпшілік субьектісі болып табылады) және 04.07.1992 жылғы «Жеке кәсіпкерлерді қолдау мен қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүзеге асырады.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Ронькин Владимир Давыдович, жеке куәлік № 006084350, 25.06.1997 жылы ҚР ІІМ берілген, Алматы қаласы, Жарокова көшесі, 217б мекенжайы бойынша жазылған. Қайта тіркеуден кейін «Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшысы «Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы болады.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 480061, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Рыскулов даңғылы, № 236а үйі, тел: 24-67-90.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өз аты жазылған мөрі, дербес балансы, банкіде есеп - шоты мен басқа да шоттары және аты - жөні жазылған бланкілері бар.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің қызметін мақсатына жету үшін, өз атынан келісім шарттар жасауға, оның ішінде кредит шарттар, қаржылық лизинг және банктердің қатысуымен басқа да шарттар алуға (мүліктік және жеке мүліктік емес), міндеттерін орындауға, сотта талапкер мен жауапкер болуына құқылы.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының аймағында және шет елдерде филиалдар және өкілдіктер ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы. «Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктектерінің ашылуы және олардың мекен - жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және де өз қатысушысының міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өзінің қосқан салымының құны шегінде тәуекел етеді.

Серіктестік жарғысы бойынша іскерліктің келесі түрлерін жүзеге асырады:



  • сатып алу – сату қызметтері;

  • баспа және ақпараттық – жарнама қызметтері;

  • азаматтарға, ұйымдарға, кәсіпорындарға маркетингтік, лизингтік, коммерциялық, делдалдық қызметтер көрсетеді;

  • экспорттық – импорттық операцияларды (ауылшаруашылық, мал шаруашылық өнімдері, түсті металлдар, жеңіл өнеркәсіп, дәрігерлік құрал жабдықтар, құрлыс материалдары) жүзеге асырады;

  • құрлыстық – монтаждық, жөндеу – құрлыстық, үй салу және жөндеу жүргізу;

  • өнеркәсіп қалдықтарын жинау және қайта өңдеу (соның ішінде түсті металлдар);

  • коммерциялық қызметтер;

  • ұйымдарға және жеке тұлғаларға транспорттық қызметтер көрсету;

  • халық тұтынатын тауарларды өндіру және өткізу;

  • көтерме және бөлшек сауда;

  • Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметтер;

  • маркетинг, инжиниринг, менеджмент;

  • Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келетін қызметтің басқа түрлері.

Қызметтердің барлық түрі (лицензиялануы тиіс қызметтер) Қазақстан Республикасының «Лицензиялану туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Өнімді өткізу Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асады. Негізгі тұтынушылар мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, және жоғары сапаны қажет ететін ішкі нарық.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік полиграфиялық қызмет көрсетеді - бланк басылымдары, дәптер, күнтізбелер, оларды көтерме саудагерлерге өткізіліп ары қарай бөлшек сауда желісіне өтуіне тікелей әсер етеді.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілі шектеулі серіктестікті құру үшін құрылтайшысымен 300000 (үш жүз мың) теңге көлемде жарғылық қоры құрылды (Ронькин В.Д. – 100 % - 300000 теңге).

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшысы серіктестікті тіркегенге дейін 100 % жарғылық қорын серіктестік шотына салды.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік төмендегілердің меншік иесі болып табылады:



  • ақшалай және материалдық үлестердің;

  • өнімдердің, яғни серіктестіктің шаруашылық қызметі кезінде өндірілген өнімдер;

  • басқада табыстар.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің алған табысын (ұлттық немесе шетел валютасында) материалдық шығындарды төлеуге, салықты төлеуге, жұмысшыларға еңбек ақыны төлеуге, басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалады. Таза табыс құрылтайшының қолына түседі.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғылық қордың 25 % құрайтын резервтік қор жасау керек. Резервтік қорды құру үшін, таза табыстың 5 % көлемінде жылдық аударымдар жасалады. «Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шығындары резервтік қор арқылы өтеледі.

Жарғылық қорды көбейту немесе азайту тәртібі 1998 жылдың 22 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңымен реттеледі.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқарудың жоғарғы органы – құрылтайшы.

Атқарушы орган – директор (Жалпы жиналыс шешімі бойынша тағайындалады).

Бақылау органы – бақылау комиссиясы.

Қадағалау органы – қадағалау кеңесі.

Басқару мен бақылау органы.

Құрылтайшы өз бетінше серіктестіктің қызметін басқарады, көрсетілген жарғымен жатқызылған міндеттемелері бойынша мәселелерін шешеді. Құрылтайшымен қабылданған шешімдер жазбаша түрде дайындалады.

Құрылтайшының ерекше міндеттемесіне:

- серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекітуді;

- серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;

- серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайда мен шығынды бөлу;

- серіктестіктің тексерушісін сайлау және оның өкілеттерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексерушісінің есептері мен қорытындыларын бекіту;

- серіктестіктің және де оның филиалдары мен өкілдіктерінің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;

- серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;

- серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;

- тарату комиссиясынын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;

- серіктестіктің лауазымды тұлғаларды мүліктік жауапкершілікке тарту туралы шешімдерді қабылдау;

- серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы органы - директор болып табылады, ол құрылтайшыға есеп береді және бұның шешімінің орындалуын ұйымдастырады.

Құрылтайшының ерекше құзыретіне жататын мәселелерден басқа мәселелерге директор құзыретті болады және де сонымен бірге:

- күнделіктегі және перспективалық жұмысын іске асырады;

- құрылтайшы шешімінің орындалуын ұйымдастырады және оған орындалуы туралы есеп береді;

- серіктестіктің мүлкіне, қаражатына құрылтайшымен көрсететін шегімен билік жүргізеді;

- сенімхатсыз келісімдерге, міндеттемелерге серіктестік атынан жасайды және орындалуын бақылайды;

- банктерде есеп және басқа шоттарды ашады;

- серіктестіктің еңбек коллективімен орындалатын бұйрықтар және нұсқаулар береді;

- серіктестіктің қызметкерлерін қабылдауын және жұмыстан босатылуын жүзеге асырады;

- серіктестіктің өкілі болуға сенімхаттар береді;

- серіктестік жарғысымен серіктестіктің құрылтайшысының және бақылау органының құзыреттеріне жатқызылмаған басқа да уәкілдігін және де құрылтайшысымен берілген уәкілдіктерін жүзеге асырады.

Құрылтайшының құқығы мен міндеттері.

Құрылтайшы:

- қолданылатын заңдарымен және жарғыда көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысу;

- серіктестік қызметінен табыс алуға;

- серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттарымен танысуға;

- серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе мүліктің бір бөлігін заттай алуға;

- қолданылатын заңдарымен көзделген тәртіппен өз үлесін иеліктен айырып беруі арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға құқылы.

- серіктестіктің жарғысының талаптарын орындауға;

- қолданылатын заңдармен көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;

- серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін қайта құру немесе тоқтату.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметі тоқтатылуы, қайта құру немесе тарату арқылы асырылады.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін тоқтатуға:

- егер жарғылық капиталды азайту нәтижесінде оның мөлшері ең төменгі мөлшерден аз болып қалғанда;

- егер құрылтайшы белгіленген мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталын құрмаған жағдайлар негіз болуы мүмкін.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің заң бойынша басқа да шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам немесе өндірістік кооперативке, қайта құрылған серіктестіктің міндеттері мен құқысы өткізу актісі бойынша ауысып, қайта құрылуға құқылы.

«Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

- құрылтайшының шешімі;

- сот шешімі;

- заңда қарастырылған басқа да негіздер бойынша таратылуға жатады.

Тарату қолданылатын заңда қарастырылған тәртіп бойынша жүргізіледі.

2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.

Қаржылық тұрақтылықты талдау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның динамикасын талдауы кәсіпорынның болашағына қажетті әсер етеді. Бухгалтерлік есеп балансы, ол бір жағынан обьективті талдауды қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан - аналитикалық есепті жүргізуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты шот түріндегі агрегаттандырылған баланс түрін көрсетейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...