Қажымұқан – ерен күш иесі.
Мен өз әңгімемді орасан күш иесі, қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, жауырыны жер иіскемеген алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлына арнағым келіп отыр.Қазақтың мақтанышы Қажымұқан атамыз 1871 жылы дүниеге келген.Балуанның әкесі де, атасы да жауырынды, денелі адамдар болған.Отбасының тұрмыстық жағдайы нашар болғандықтан Қажымұқан орыс байларына жалданып жұмыс істейді.Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады. 12 – 13 жасар кездің өзінде оның тұлғасы 20 жасар жігіттей болған.
Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, сол жерлердің саңлақтарымен белдесіп, қоржынына 56 медаль салған. Көрші жатқан Ресей жерінің өзінде де Қажымұқанға тең келетін балуан жоқ еді. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен бірге боз кілемді сарғайтып, күштері таудай балуандарды шеттерінен жығып, алтыннан алқа таққан Қажымұқан қазақ жерінің нағыз мақтанышына айналған.Ол 18 жасында Омбы қаласына келеді.Бірінші рет циркті көріп сонда күресіп көзге түскен.Қажымұқан атамызбен біздер мақтана аламыз. Ол кісі бір туар тұлға болып жадымызда қалады.Мен де Қажымұқан атамыз секілді Қазақстанымызда балуан ағаларымыз көп болса екен деп армандаймын.Атамыз сияқты әлем чемпионы болып, әлем елдерін шарлап көрсе екен деймін.Біздер де осы аталарымыздан үлгі алып еліміздің туын көкке желбіретсек екен.
Өмірінің соңғы сәттерін киелі Түркістан жерінде өткізеді. Талай жандардың өмірін қиған екінші дүниежүзілік соғыстың суық лебі орыс жеріне жақындай бергенде, Мұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевтың кабинетіне келіп, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» деген ұсынысын білдіреді. Сөйтіп, екі жылдай циркте еңбек етеді.
Мұқан атамыз 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданына тиісті Ленин туы атты колхозда қайтыс болған. Мұқан атамызға арнап Темірлан ауылында ескерткіш орнатылған.Мен жазғы демалыс кезінде Шымкент қаласына барғанмын, сол Темірлан ауылында орналасқан атамыздың ескерткішін көріп таң қалғанмын. Сол Темірлан ауылында атамызға арналған мұражай бар, мұражайдың ішінде атамыздың жеке заттарымен қатар атамыз көтерген үлкен тасты да көруге болады.Атамыдың өзі киген жидесін көріп таң қалдым, көз алдыма атамыздың алып денесін елестеттім.Бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен намысшыл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш етіп танытқан, өзіне дейін ешкім баспаған жерді басып, көрмеген елді көріп, қазақ тақпаған алтын мен күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажымұқан бабамыз – үлгі тұтарлықтай ұлы тұлға! Біздер әрқашанда Қажымұқандай атамызбен мақтана аламыз.Еліміз көркейіп атақты спортшы балуан ағаларымыз көбейсін деп тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |