Мен өмірді сүйемін (презентациясымен)
Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың эмоцианалдық көңіл күйін жақсарту.Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайд баяу орындалатын әуен,А4 қағазы.
Жұмыс түрі:топтық жұмыс
1:Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз!
2:Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін,
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Бұл өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгін біздің тренингымыздың тақырыбы «Мен өмірді сүйемін»
1:Алдымен барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.
Сергіту сәті
а) «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
б) Әр адам өз есімін атап, бүгінгі күн үшін жақсы тілектер тілейік мысалы Менің есімім …, бүгінгі күндеріңіз жақсылыққа толы болсын!
2. «Дракон» ойыны.
Топ қатарласып тұрады, әр қатысушы алдыңғы ойыншының белінен ұстайды. Саптың алдындағы ойыншы дракон «басы», соңғы қатысушы «құйрығы». «Басы» «құйрығын» ұстауға тырысады, ал басы бұлтып ұстатпауы керек. Жаттығу барысында барлық қатысушы қолдарын жібермей қозғалады.
Талқылау.
Қазіргі сезімімдерін, көңіл-күйін қысқаша білдіреді.
3: «Айтуға оңай»ойыны
Нұсқау: Қазір біз айтуға оңай ойлармен бөлісеміз Сіздерге бірнеше сұрақтар беріледі.
Соларға ойланып жауап берсек.
Өмірде не нәрсеге қол жеткіздіңіз?
Адам не үшін өмір сүреді?
Өмір несімен қымбат?
Өмірдегі ең қуанышты сәттеріңіз?
1:Келесі кезек «Өмір» жаттығуы
Нұсқау: «Өмір»деген сөзге аузша ассоциация жасап, әр әріпті жеке-жеке талдайық.мысалы: Өмір- өзен, өмір мейірім, өмір-ірге тас, өмір-рахат.
Өмір- Ө
Өмір- М
Өмір- І
Өмір- Р
1: «Мен кіммін, менің жан-жақты ерекшеліктерім»
Нұсқау: Оқушыларға ақ парақ таратылады. Оқушылар жағымды және жағымсыз қасиеттерін жазып шығады. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиет жазылған парақты умаждап, бүктейді.
2:Реализация «Өзіммен өзім» баяу әуен
https://www.youtube.com/watch?v=bcdJXX3wo_w
Нұсқау: Сәл өзімізбен өзіміз болайық. Тынышталып, еркін тыныс алып, көзімізді біраз жұмып,жайлап дем алайық. «Мен өміріме ризамын!», себебі ең бірінші өзімнің бар екендігімен осы дүниеде өмір сүретіндігіме қуанамын. Мен өміріме ризамын,себебі өзімді өмірге алып келген ата-анам бар,жанымда бауырларым,туған туысқандарым бар, олар мені жанындай жақсы көретіндігіне сенімдімін. Мен өмірге ризамын, себебі сырласып, шерімді тарқататын достарым бар. Мен өмірге ризамын. Әсем табиғатты жерімнің барына, күннің әдемі шуағына, танымның арайлап атқанына. Мен өмірге ризамын, Еліміздің тыныштығына,денімнің саулығына, Егеменді елім туған жерім барына. Мен өмірге ризамын, өмірде бар болғаныма! Көзімізді жайлап ашып бір-бірімізге күліп қарайық.
Бүгінгі «Мен өмірді сүйемін» тренинг сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Қызықты сәттеріңіз көп болсын! Тек қана Алға!
Достарыңызбен бөлісу: |