«Мен қазақтың қызымын» Слайд№ Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен сұлу қыздар! Бүгінгі біздің «Мен қазақтың қызымын»



Дата08.06.2021
өлшемі23.64 Kb.

«Мен қазақтың қызымын»

Слайд№

-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен сұлу қыздар!

Бүгінгі біздің «Мен қазақтың қызымын» атты шарамызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Слайд№

Мақсатымыз – қаракөз қазақ қыздарының бойына халықтық тәлім – тәрбие негізінде жан сұлулығын қалыптастыру.



(«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әуені ойналып тұрады).

Слайд№

Мұғалім: Жүргенде сендер тамаша-ақ,

Қазақтың ғажап даласы.

Өздеріңсіңдер болашақ,

Ұрпақтың ұлы анасы.



Слайд№

Қазақ халқы қыз баланың қадір қасиеті мен қылығы ұлттық ұлылығын танытады деп халықтық болмыспен астастырған.Сондықтан қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, сол тәрбиені қалыптастырудың жолына барлық игі жақсылықтарды топтастырған. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған , бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз – өріс , ұл – қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып , «қызға қырық үйден тиым» жасайды.



Слайд№

Ал ендеше сұлу қыздар кезекті ойынымызға берейік!



«Мақалды жалғастыр» ойыны

Ойынның шарты тақтада қыз баласы туралы мақал-мәтелдер берілген. Осы бойынша мақал-мәтелдерді жалғастыруымыз қажет.

Ойынның шарты түсінікті болса , ендеше бастаймыз! Сәттілік!


  • Қызға қырық (үйден тиым)

  • Қыз өссе елдің көркі, (гүл өссе жердің көркі)

  • Әке тұрып ұл сөйлегеннен без (шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

  • Қыз қылығымен (сүйкімді)

  • Қызы бардың (назы бар)

  • Шешесін көріп (қызын ал)

( Тақтада мақал-мәтелдер көрсетіліп, оқушылар жалғасын табады )

Керемет оқушыларым !



Слайд№

Мұғалім: Келесі тапсырма қыздар сіздерге гүлдердің суреттері беріледі. Ал енді бұл гүлдер әдемі болу үшін не қажет ? (Бояуымыз қажет) . Жарайсыңдар , олай болса гүлдерімізді бояп, оның берілген бөліктеріне қыз баласы қандай болуы керек екендігін , өз ойларыңызды жазып таныстырасыздар.

(Қыздар гүлдерді бояйды және қысқаша мәлімет беріп түсіндіреді)

Слайд№

Мұғалім: Қызға қырық үйден тыйым
Түске дейін ұйықтауға тыйым,
Бұраңдап қылымсуға тыйым!
Тамақты обырлана асауға тыйым,
Ұрлық - қорлыққа тыйым.
Салт - дәстүрден аттауға тыйым,
Ұрыс - керіске тыйым.


Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар!
Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел батырлары Отанымыздың байтақ жерін, ақ сүт берген анасын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан батыр қыздарымыз бен қаһармандарымыз әрқашанда ел есінде, оларды еске алып, құрмет көрсету біздің парызымыз.

Слайд№

--Оқушылар , қыздарым, бүгінгі тәрбие шарамыз одан әрі қызық өтуі үшін бір сергіп алайық дегім келеді. Кәне, сол себепті ортаға шығып , музыкамен бірге билейік. Көңіл күйімізді көтеріп алайық.

(Музыка ойналып, оқушылар ортаға шығып билейді)

Мұғалім: Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.

Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс.

Слайд№

-Аяулы қыздар, интерактивті тақтаға назар салайық . Бұл тапсырмалар күнделікті өмірден алынған жағдаяттар. Ал егер осы кейіпкерлер орнында сіздер болсаңыздар не істер едіңіздер?

-Қыздар тамаша! Өзіндік пікірлеріңізді өте керемет айтып жатырсыздар. Жарайсыңдар , оқушылар!

(Оқушылар интерактивті тақтаға назар салып, жағдаяттарды талқылайды)

Слайд№

Мұғалім: Сонымен «Мен қазақтың қызымын» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетіп отыр. Шарамызды қорытындылай келе бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді, оқушылар.

Слайд№



Назар салып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар