Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанды Мекендейтін халықтардың ол тілді үйренуі,білуі,оқуы,оны мейлінше сыйлау-парыз


Сауат ашу кезінде жүргізілетін оқу, тәрбие жұмыстары



бет7/9
Дата11.04.2022
өлшемі68.52 Kb.
#220288
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КУРСОВОЙ ЖУМЫС
Документ, сандык
2.2 Сауат ашу кезінде жүргізілетін оқу, тәрбие жұмыстары
Бүгінгі бөбек- ертеңгі азамат- қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектепмұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі бастауышта қаланады. Тәуелсіздікке еріскеннен кейінгі кезеңдерде бөбектердің жеке басын қалыптастыру, ұлттық идея мен өздігін аңдау,еркін пікірлеу ісін тиянақты жолға қоюға үкіметіміз жағынан баса назар аударылуда. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар тәрбиесі – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналғанын келекшекті бізден күшті білімді, бақытты жастар қолына сеніммен тапсыратындығын білдіреді.

Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін , біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ, оқыту тәрбиелеу және даму процестерін тығыз ұшастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге,қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш мектептердегі оқу сабақтарының мақсаты:

1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

3. Балаларды жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі ерлік істерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге,адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа,кішіпейіл болуға тәрбилеу.

4. Сүйікті Отанмыздың мейлінше бай , көрікті, көркем сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу, табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті барлай білеуге , елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу.

5. Бағдарлама көлемінде ғылыми негіздерінен ең қарапайым білім беру.

6.Балалардың сынып сайын алған білімдері мен дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру,тілін онан әрі дамыта түсу.

7. Халықтардың бомтандық,бейбітшілік,тәуелсіздік,еркіндік, тыныштық үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып, балалардың сана-сезімін Отанды сүю,тыныштық пен халықтар достығы рухында қалыптастыру.

8. Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету.

9. Еңбекке қызығу , еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғарғы бағалауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектептегі оқудың негізгі принциптері- оны өмірмен байланыстыру. Оқу сабақтарында балалардың алған мағлұматтарының шыңдық екенін дәлелдеу, тәжірибеден көрсету мақсаты көзделеді. Оқу сабақтарының міндеті балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру. Оқушыларды саналы оқуға үйрету, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру – оқу сабақтарындағы ең басты талап. Балалар бұл сабақтарда оқығандарына жақсы түсініп, оңдағы кейіпкерлердің мінез –құлқы мен сезім күйін айыра білуге,процестер мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді. Бүгінгі бөбек ертеңгі азамат қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші бағыт беруші - бастауыш сынып мұғалімі болып табысты ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш сынып мұғалңмдеріне жауапты да абройлы да жұмыс жіктейді.

Өйткені білім мен тәрбие негізгі сондай-ақ баланың жеке басының қалыптасуы негіздері де бастауыш сыныптан қаланады. Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап отанның өмірін халықтың тұрмыс тіршілігі танысады. Отанымыз өсіп өркендеп күшейте түсуі үшін халықтың тұрмыс тіршілігі жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан алуан жағдайларды ұғындырады.

Соңғы психологиялық зерттеулерді бастауыш сынып баласының өзін теориялық ойлауға, яғни талпыдан жекеге көшу. Заттар мен құбылыстардың арасындағы аңғаруға үйретуге болатыны анықталады. Егер мектепте оқуғакелген бала заттар мен құбылыстардың негізін айыра алмайтын болса,мұның өзі олардың тәжірбиелерінің аздығынан білімнің жеткіліксіздігінен шаршаған деп түсіну керек. Осыған орай 1-сынып оқушыларының заттар құбылыстар туралы елестерін анықтап бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс алдымен әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Сөздік қорды байыту заттар мен құбылыстар және олардың арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді анықтау мен қатар жүргізеді. Мысалы 1-ші сынып балалары көргендері естігендері кейбіреулері тіпті оқығаны жайлы айтып бере алады.

Бірақ олардың сөйлемдері жүйесіз құрылған және белгілі бір жоспармен айта-алмайды. Яғни олардың ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауысып кетеді.Оқытудың келесі кезеңінде білімді пысықтай отырып, оны бекіте түсу процесін жүзеге асыру болады. Мұндай талап оқытудың бір ізді және жүйелі құрылу принципін қажет етеді. Ең соңында, оқытудың ең маңызды приципі ретінде ғылымға негізделген принцип алынады. Сөйтіп дидактикалық принциптері:

1. көрнекілік принцип.

2.саналық принцип.

3. білімнің берік болу принципі.

4. шамаға лайықтау принципі.

5. жүйелілік принципі.

6.білімнің ғылымға негізделеу т.б.

Көрнекілік принцип. Көрнекілік принципін теориялық жағынан бірінші

болып негізделген. Я.А.Каменский болса, орыс педагогттары ішінде К.Д.Ушинский көрнекіліктің мәнін психологиялық жағынан қоса алып көрсетті.Ол- көрнекілік туралы былай деп жазды : « Бұл-дерексіз түйсіктермен сөздерге емес, балалар тікелей қабылдайтын нақты бейнеге құрылған ілім ... нақтыдан дерексіз,түйсінуден ойлауға қарай оқыту соншалық табиғи және айқын психикалық заңдылыққа негізделеді .Демек, көрнекілік принциппен оқыту оқушылардың байқағыштығын дамытуға көмектеседі. « Көрнекі оқытудағы басты мақсат,- деп жазды Ушинский, -байқағыштыққа оймен топшылуға жаттықтыру және өзінің байқағандарынсөзбен айтып бере білуге,сондай –ақ одан логикалық қорытындылар шығаруға үйрету болып табылады.

Көрнекіліктің ғылыми негізі философияның таным теориялары мен М.И.Павловтың жоғарғы нерв қызметі туралы іліміне негізделген. Өмірде бар заттар мен құбылыстарды көрсетуі арқылы көрнекі оқу құралы мектеп оқуын өмірмен байланыстырады, сөйтіп теорияны практикамен ұштастыру жөніндегі дидактикалық принципті жүзеге асыруға көмектеседі.

Оқушылар әр түрлі түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру. Ісінде мұғалімге көмекші болады, оқушылардың логикалық ойлауы мен тілін дамытуда, зейінін белгілі мақсатқа аударуда, шығармашылық талғамын дамытуда көмекке келеді .Өтілген оқу материалдарын берік меңгерту мүмкіндігін жасайды. Көрнекі құрал белгілі мақсат көздей отырып пайдаланылуы тиіс.Көрнекіліктің мақсаты оқушыларға нақтылы нәрсені көрсету ғана емес,нақтылықтан дерексіз қорытынды жасап отыруға үйрену болып табылады.Нақтылы көрнекі матиреалды саналы түрде меңгеру үщін,қабылданатын затпен құбылысты дұрыс байқау,талдау жасау керек болады. Дұрыс байқай отырып, оқушы көргеніне анализ жасауға, негізгісі қайсысы екенін ажыратуға, салыстыруға , белгілі қорытынды жасауға, заңдылықтарынанықтауға үйренеді.Соңынан сауатты жазуға дағдылана бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан