Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанды Мекендейтін халықтардың ол тілді үйренуі,білуі,оқуы,оны мейлінше сыйлау-парыз


Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар



бет3/9
Дата11.04.2022
өлшемі68.52 Kb.
#220288
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КУРСОВОЙ ЖУМЫС
Документ, сандык
Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар

Дайындық кезеңде бөбектерді бір коллективке ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6- 7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен, байланысты жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге,балаларға) үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға әжептәуір салмақ түседі,. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап , анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен катар балаларды біріктіріуде ойын ерекше рөл атқарады. Бұл кезеңде мынадай жұмыстарға баса көңіл аударылады;

Балалардың сөздік қорын анықтау

1.Балаларға ауызша қысқа - қысқа сөйлемдер құратып,өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау;

2. Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару, мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру;

3. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білеуге дағдыландыра бастау;

4.Сөйлем, сөз,буын,дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға,буынды дыбысқа жіктеуге дайындық;

5. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады; партаға дұрыс отыру, қарындаш - қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады; тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады.

Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады. Дайындық кезеңінде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі, осыған орай ,жеекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдарымен жұмыс түрлері ойластырылады. Алғашқы сабақтарда балалардың тілімен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу,ауыз әдебиет үлгілерін жатқа айту,өлеңдер жаттау,сурет,экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын ойластырады. Дайындық кезеңде мектеп тәртібі,оқу құралдарымен оқу жабдықтарынпайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады. Кеспе әріптердің кассасын жасату және оны пайдалану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде балаларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де олар үлгере алмай қалады. Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады « Сөйлем және сөз» тақырыбына арналған сабақ

1. Мұғалімнің ертегі айтып беруі,әңгіме оқып беруі.

2. Айтылған ертегі немесе оқылған әңгіме бойынша сұрақ-жауап

түрінде әңгімелесу.

3. Тыңлағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.

4. Әңгімені сөйлемге ажырату.

5. Сөйлемдергеі сөздерді табу.

6. Ертедегі немесе әңгімедегі ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу. Ертегіні диалог түрінде рөлге бөліп айтқызу.

« Сөз және буын» тақырбы бойынша сабақ

1. Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу

2. Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау

3 .Сөздерді сөзге талдау.

4.Сөздерді буынға талдау

5. Сөздің алғашқы немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны оқушыларға тапқызу.



6.Әңгімеленген заттардың суреттерін салу немесе пластилинмен жасату.

«Сауат ашу негіздері» бойынша қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін əліппе-дəптердің мазмұны 8 тарауға бөлініп, осы тарауларға сəйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ)) тақырыптары таңдалды: 1. Мен кіммін жəне қандаймын? 2. Мектепке не үшін барамыз? 3. Менің айналамда кімдер бар? (Отбасым жəне достарым) 4. Менің айналамда не қоршап тұр? (Өсімдіктер, жануарлар) 5. Жолдар бізді қайда бастайды? 6. Салт-дəстүрді білу не үшін керек? 7. Мен үшін не дəмді жəне пайдалы? 8. Денсаулықты қалай күту керек? Əрбір ортақ тақырып бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Сонымен қатар əдістемелік нұсқауда берілген ҰОҚ үлгілері осы тақырыптардың берілген оқу мақсатына сəйкес мазмұнын ашу негізінде құрылған. Сауат ашу бойыншаҰОҚ-да оқу жəне жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді. ҰОҚ жоспарында оқу-тəрбие үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін белсенді оқыту мен оқу тəжірибесіндегі əртүрлі стратегиялар мен технологиялар қолданылады. Мектепке дейінгі даярлық топтарында, отбасында жəне қоршаған ортаны баланың өз бетімен зерттеуі арқасында алған мəліметтері мен əліпби тану кезеңінен бастап, алғашқы əдеби-теориялық ұғымдарының пəлсапасын оқушыға түсінікті бере отырып, дайындық кезеңдері де сатылы кешенді түрде жүргізіледі. Жоспарды құрастыру барысында оқу іс-əрекетіне деген қызығушылығын, фонематикалық есту-тыңдауын, дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін, сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты жəне дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын, қабылдау қабілеттерін жəне тұрақты зейінін, ауызша, жазбаша тілін дамыту əрі қалыптастыру мақсаттары ескерілді. 5 2. Əліппе-дəптерлер: мазмұны жəне құрылымы Əліппе-дəптерлердегі дыбыс пен əріптерді танытуға арналған материалдар бірбірімен тығыз байланысты тапсырмалар жүйесімен берілген. Тапсырмалар балалардың қабылдауына жеңіл əрі қызықты түрде беріліп отыр. Ұйымдастырылған оқу қызметтері барысында жаңа тақырыптар сөз құрау, буынға бөлу, сөйлем құрастыру, үлгі бойынша жазу, белгілеу, бастыру, сурет салу, бояу т.с.с. жұмыс түрлерін орындату арқылы меңгертіледі. Балаларға əріп пен дыбысты таныта отырып, олардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Суретті материалдардың мол қоры балалардың жаңа сөздер жаңа материалды жеңіл қабылдауына ықпал етеді. Əліппе-дəптерлерде берілген тапсырмалардың басым бөлігі ойын түрінде өткізуге ыңғайлы етіп құрылған. Педагогке кеңес Балалардың белгілі бір деңгейін көргіңіз келсе, көзделген оқу мақсатына «жалғыз жетіп зерттеймін» деген көзқарастан аулақ болыңыз. Бұл нəтиже бермейді. Қайта бірігіп жұмыс жасап, зерттеулер мен тəжірибелерді салыстырып, жаңа əдіс-тəсілдерді қолданып, басқалармен ой бөлісіңіз, тəжірибе алмасыңыз. Жасалған іс-əрекеттен бірінші тəжірибесінен жоғары нəтижеге көруге асықпаңыз. Баланың да қалыптасуына, үйренуіне, сыни тұрғыда ойлау əрекеттеріне уақыт қажет. Қайта оның ойын ашық айтуына, ойлануына жағдай жасаңыз. Жаңалық ашуына, тəжірибе жасауына, белсенді іс-əрекет етуіне қолдау көрсетіңіз. Достарының алдында беделін түсірмей, ыңғайсыз жағдайда қалмауына, сын көзбен қараудан гөрі түсіністікпен қарауға мүмкіндік жасаңыз. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру Топтық жұмыстардың нəтижесін көру үшін педагогтің жан-жақты бақылау əрекеттері болғаны дұрыс. Балалардың аттары жазылған арнайы дəптерден бастап топтың талқыға салып жатқан тақырыбы бойынша жеке балалардың пікірін жазып қоюды, көзқарасын түртіп алуды əдетке айналдырған дұрыс. Ойландыратын сұрақтар мен сауалдар туындап жатса, сынып болып талқыға салу үшін түртіп алып, артынан ортақ тақырыпқа айналдырып отырған дұрыс. Мүмкін болған жағдайда ҰОҚ соңында «бала үнін тыңдау» кезеңінде ойыңызды өзгертуге, баланың жауабын нақтылауда қажет болады. Алғашында педагог топтық жұмыстарды қорытындылау кезеңінде əр топтың жұмысын тыңдау, бақылау, қажетті сілтеме беріп, ойларын бір арнаға шоғырландыру, қажет болған жағдайда топ мүшелерінің рөлдерін дұрыс бөліп алуларына нұсқау берген жөн. Мектепалды сынып балаларын топтық жұмысқа үйретудің алғашқы ережелері: - балаларды кезекпен сөйлеп, бір-бірін белсенді тыңдауға үйрету; - тыңдалым арқылы сұрақ қоюға үйрету, қойылған сұраққа нақты жауап беруге дағдыландыру; - өз ұсынысын жасауға, өзгенің пікірін қолдап немесе қарсы ойын білдіруге төселту; - өз ойларын жəне пікірлерін ортаға салу жəне басқалардың ойымен ой бөлісу, сонымен қатар ол ұсыныстар мен идеялар жайлы топта, жұпта талқылау; - əрдайым уақытты үнемді қолдана білу; - берілген тапс кезеңінде еркіндік беріңіз; - топтық, жұптық жұмыстарда рөлді дұрыс бөліп алуын қадағалаңыз (топ басшысы, тілші, хатшы, бақылаушы т.б.). 6 Топтық жəне жұптық жұмыстарды ұйымдастыруда нəтижеге баланың өзі жетуіне əкелетін тапсырма түрлерін ұсыныңыз. «Сауат ашу негіздері» бойынша ҰОҚ-да осындай жұмыстарды тиімді қолдана білу балалардың шығармашылық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Тақырыпқа қатысты жаңа материал əліппе-дəптердегі материалдардағы тапсырмаларды орындау арқылы бекітуге негізделген. Тапсырмалар əртүрлі. Мысалы: ұсақ қол моторикасын дамытуға, дыбыстарды дұрыс дыбыстап айтуға, танысатын дыбысқа байланысты сөздер ойлап, оларды қатыстырып сөйлем құрастыруға, тіпті қолөнерге баулуға арналған тапсырмалар. Бұл балалардың «бəрін білгім келеді» деген қызығушылығын арттырады, сондай-ақ олардың ұқыпты жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады. ырманы орындау кезеңінде өзіңізді тəуелді болудан арылтыңыз; тапсырманы орындау




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан