Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанды Мекендейтін халықтардың ол тілді үйренуі,білуі,оқуы,оны мейлінше сыйлау-парыз



бет2/9
Дата11.04.2022
өлшемі68.52 Kb.
#220288
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КУРСОВОЙ ЖУМЫС
Документ, сандык
1 CАУАТ АШУ ТЕОРИЯСЫ


    1. Сауат ашу кезеңдерінің бөлінуі

«Сауат ашудың негізгі мақсаты-оқу, жазу дағдысының негізін қалау; балаларды тыңдауға,оқуға,жазуға үйрету,балаларда сөздің дыбыстық, құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, сонан соң тұтас сөзді,сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға,кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту».

Қандай пән болмасын оны оқытудың ойдағыдай іске асуы сауат ашу жұмысының нәтижесіне байланысты. Сондықтан бір жылда ма, екі айда ма, үш айда ма, әйтеуір оқушы толық сауаттанып шыққанда ғана сауат ашу әдістемесінің мақсатына жеткені деп есептеуге болады. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізіне олардың жасалуы тіл білімінің басты бір саласы - фонетика болып табылады.

Адам баласының тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер – дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі : 1)қатынас құралы; 2)пікір алысу құралы; 3)танымдық құрал; 4) ойлау құралы болмас еді. Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойы өмір сүруіне, ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасады. Тілдің дыбысталу жағы - сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. Сөздік пен грамматикалық құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын, оның физикалық формасын құрайды деуге болады.

Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі дыбыс апнаулы бір сөздің құрамында қолданылумен шектеліп қалмай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, абстакцияланады. Бұған дәлел - дыбыстардың барлық сөздерде кездесетіндігі. Тілдегі лексикалық, грамматикалық құбылыстар тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық құбылыстармен әрдайым байланыста, қарым - қатынаста,яғни бір дыбыс тірекесімен айтылады. Сонымен тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдерін және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстарды фонетика зерттейді. Фонетика лексикамен, грамматикамен, мрофологиямен, синтаксиспен байланысты болады.

Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселлері фонетикаға негізделеді. Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, оңдағы жеке дыбытардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді қажет етеді. Бұрын жазуы болмаған халықтардың алфавиті мен графикасын жасау, сондай-ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың орфографиясын өңдеп жетілдіру мәселелері фонетикаға негізделсе отырып шешіледі. Тілдің, орфорграфиялық нормасы да фонетиканың басты мәселелерінің бірі болып салады.

Шет тілді оқып үйрену де.ең алдымен.сол тілдің дыбыстық жүйесін, оңдағы жеке дыбыстардың табиғатын танып білеуден басталады. Шет тілді оқытуда ондағы дыбыстардағы ерекшеліктер ана тілінде дыбыстармен салыстырыла үйретіледі. Шет тілді оқытуда да фонетика әдістерін қолданады. Бұл әдіс шет тілдегі дыбыстар мен сөздердің,сөз тіркестерінің айтылуын үйретіп, саналы түрде меңгерту үшін, шет тілі мен ана тілінің артикуляциясын бір-бірімен салыстырылып отыруды басшылыққа алады. Фонетика ғылым ретінде жалпы және жеке фонетика болып бөлінеді. жалпы фонетика жалпы тілі білімнің бір саласы ретінде адамдардың сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқыңдайды, тіл дыбыстарының классификациясын, принциптерін белгілейді.

Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып, екіге бөлінеді. Бұлайша болу дыбыстардың буын құрау қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз дыбыс буын құрай алмайды. Дауыстылар:а ,о, ө,е, ы, і, ү, ұ, е, э, и, у. Дауыссыздар:б ,в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. “У”дыбысты дауыстыдан кейін келсе, буын құра алмай, үнді дыбыс болады ( бау, тау т.б.); ендеше, “у” бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс дыбыс қызметін атқарады. Дыбыстарды дауыстылар,дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет.

Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде ауа:

1)кедергіге ұшырмай, тосқауылсыз,еркін шығады; 2)дыбыстау мүшелеріне күш түспей, лепсіз, бірқалыпты шығады; 3) созып айтуға келеді. Ал дауыссыздарды айтқанда ауа: 1)кедергіге ұшырайды; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады; 3)созып айтуға келмейді. Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн мен Куртенэ:дауыссыз дыбыста қысым - дыбыстау аппартының бір ғана мүшесіне түссе,дауыстыда бүкіл дыбыстау аппаратына жайылады да,жалпылама өтеді - деп айқындаған болатын. Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену- сауат ашу кезіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.

Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жайылуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар ( а,о,ы,ү), тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар (ә,ө,і,ү,е) шығатынымен таныстырады.Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстыр – дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды (мысалы, «с», «р»). Осыған орай кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып,бірден кілт ажырап кететінін («д»,»т»), кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен (п,б,м,ф,в), енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан ( с,з), ал тілдің артық шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан ( к,қ,ғ,х), жұтқыншақтың тарылунан («һ») дыбысының пайда болатынын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырады.

Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену – сауатты болудың алғашқы баспалдығы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді. Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағыдалана бастайды. Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалармен белгіленетіндігін айтады.

Бірінен кейін бірі рет –ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикксы арқылы белгіленген 42 әріп бар. Олар:а, ө, б, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, і, ы, ү, ұ, о, ө, п, р, с, т, у, ф ,х, һ, ц, ч, ш, щ, э, ю, я, ( жіңішкелік белгі ) ,ъ (жуандық белгі ). Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар :е, я, ю, у, ц, ч, щ. Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережесі орфоэпия (гр. Сөзі Orihoз – тура, дұрыс, ероз- сөйлеу ) деп аталады.

Қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылық жоқ. Дегенмен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-біріне ықпал жасап, өзгеріліп естіледі (түңгі- түнгі, Амангелді- Аманкедді,Жампейіс- Жанпейіс,башшы-басшы, баралмай – бара алмай т.б.). Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық естілетін,созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыртса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді. Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең қолайлы келетін дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар. Ең қиындары - қатаң дауыссыздар.

Сондықтан да оқу-жазуға үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң дауыссыздырды оқытқан орынды болады. Өйткені сауат ашудың ең алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір –екі әріпті қабылдай алады. Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды.Бірінші әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, созып айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашық, буын) көбінесе жуан дауыстылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы. Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды оқуға онша қиналмайды.

Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз – көптігінің де әсері болады. Яғни алғашқы сабақтарда екі - үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ қазақ тілінде екі – үш дыбысты ашық буыннан құрылған сөздно өте аз.Сондықтан бір - екі сабақтан кейін –ақ бірнеше дыбыстан (өйткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құрылған сөздер мен тұйық буын қатар өтіледі. Екі дыбыстық ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немесе төрт дыбысты сөздер құрастырылып үйретіледі (Шо-ра ,ша-на,ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т.б). Сөздің ауыспалы,келтіріңкі мағында қолданылуы бірде метафора арқылы,бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсіледері арқылы беріліп отыралы. Метафора (гр –теіоаушіа атын ауыстыру) –заттың не құбылыстың атауы, екінші затқа құбылысықа белгіленетіні ( өзара іргелес, шектес болуына қарай ауысуы). Мысалы,Жүрегім менің қырық жамау (Абай Синекдоха ( гр- syпekdocha ) – бірге жобалап түсіну. Мысалы, басың Нешеу ?

Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағыдыланулары тиіс:

1) сөздің мағынасын айту;

2) сөзді тағы қандай мағында қолдануға болатынын айту;

3) сөйлеуде лексикалық құралдарды дүһұрыс пайдалану;

4) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздердің қолданылуын

аңғарту.


Сауат ашу қазіргі мектептердің даму барысында дыбыстық талдау әдісі арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс ана тілінің фонетикасы мен графикасына, оқушылардың физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне және педагогика ғылымының дидактикалық принциптеріне негізделеді.

Сауат ашу объектісі – сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері мыналар: сөзді ауызша айту, сөзді жазу және оқу.

Сөзді ауызша айту әдетте естуге негізделеді. Жаңа сөз біреуден естілген күйде қабылданып, есте сақталады, сөйлеу кезінде пайдаланылады. Сөйлеу практикасында сөз жеке дыбыстарға бөлініп айтылмайды, тұтас дыбысталып айтылады. Бірақ сөз ондағы бір дыбысты қалдырып кетпей түгел және дұрыс дыбыстауды, сондай-ақ сөздегі басқа дыбыстармен байланысты қажет етеді. Сөзді жазу мен оқу көру арқылы орындалады. Басқаша айтқанда, сөз әріптер арқылы жазылып, әріптер арқылы оқылады. Сөз дыбыстары әріптермен таңбаланбаса, сөзді оқу да, жазу да мүмкін болмас еді. Демек, әріптерді таныту – сауат ашудың өзекті мәселесі. Алайда әріптер өздігінен жалаң таныла қоймайды, сөздегі дыбыстардың негізінде меңгеріледі. Ол үшін сөз құрамындағы дыбыстарды даралап, бөліп алу қажет болды. Жеке дыбыстарды сөзден бөліп алған соң ғанағ оны әріппен белгілеуге болады. Осыған орай, сауат ашу жұмысы сөздегі жеке дыбыстарды бөліп алып қарастырудан басталады. Сондықтан сауат ашу әдісі «дыбыстық» әдіс те болып табылады. Дыбыстық әдіс дегеніміз тек дыбысқа қатысты емес, сөйлеудің барлық дыбысталу жүйесіне қатысты мәселе: оған буынның дыбысталуы да, сөздің дыбысталуы да, сөйлемнің дыбысталуы да кіреді. Осыған орай, сөзді оқу мен жазу жұмысы сөзге дыбыстық талдау жасаумен тоқталмайды, талданған дыбыстарды жинақтау арқылы қайтадан тұтас сөз жасауға әкеледі. Сондықтан да бұл әдіс «дыбыстық талдау – жинақтау» әдісі деп аталады.

Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден – сөйлемді, сөйлемнен – сөзді, сөзден – буынды, буыннан – дыбысты бөліп алуға, жеке дыбыстарды әріппен таңбалауға мүмкіндік жасалып, оқуға негіз қаланады.

Жинақтау тәсілі бойынша дыбыстардан – буын, буындардан – сөз, сөздерден – сөйлем, сөйлемдерден – сөйлеу құрастырылып, оқу машығы қалыптастырылады. Оқушылар сөзді алдымен – буындап, соңынан тұтас оқу ға үйренеді, сол сияқты, әуелі жеке жазу элементтерінен әріптерді шығарып, одан кейін тұтас сөздерді жаза білуге машықтанады. Соның нәтижесінде, сөйлемді, мәтінді оқуға, көшіріп не тыңдап жазуға, сондай – ақ өз ойын байланыстырып, сөйлеуге, жазуға біртіндеп төселеді.

Талдау тәсілінің негізгі түрлеріне сөзді дыбысқа ажырату, яғни «дыбыстық талдау» жатады. Дыбыстық талдау буыннан, сөздің жеке дыбыстарды бөліп алу және олардың сөздегі орын ретін айқындау арқылы жүргізіледі. Дыбысты сөзден бөліп алудағы басты бір мақсат әрбір дыбыстың әріптік таібасын меңгерту болса, дыбыстың сөздегі орын ретін анықтаудағы негізгі мақсат – бөлініп алынған дыбыстарды буын жігімен қайта біріктіріп, олардан сөз құрастырып оқуға даярлау.

Сауат ашу тәжірибесінде жиі қолданылатын дыбыстық талдау тәсілдері мыналар:


  1. Сөздегі өздігінен жеке буын жасайтын дауысты дыбысты бөліп алу (а-та, ә­-же, о-рақ, ө-рік).

  2. Сөздің ең соңғы дыбысын бөлу.

  3. Бір дыбыстан басталатын сөздерді тізіп айтады, әр сөздегі бірінші дыбысты көтеріңкі дауыспен ерекшелеп айту арқылы бекіту;

  4. Сөздегі дыбыстардың саны мен орын ретін анықтау;

  5. Бір дыбысы ғана – өзгеше, басқа дыбыстары бірдей сөздерді өзара салыстырып талдау;

Дыбыстық жинақтау тәсілімен жүргізілетін жұмыс нәтижесінде сөзді – алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға мүмкіндік жасалады. Басқаша айтқанда, сөзді оқу дегеніміз – жинақтау.

Сауат ашу тәжірибесінде жиі қолданылатын дыбыстық жинақтау тәсілдері мыналар:



  1. Бір дауыстыға аяқталған буындар мен сөздерді оқу;

  2. Әртүрлі дауыстыға аяқталған буындар мен сөздерді оқу;

  3. Бір дыбысы бөлек сөздерді оқу;

  4. Басқа дыбыс қосып не алып, сөзді өзгертіп оқу;

  5. Талданған сөздегі буындарды көтеріңкі дауыспен ерекшелеп айту арқылы есте сақтап, одан сөз құрастырып айту;

Дыбыстық талдау мен дыбыстық жинақтау бір – бірінен ажыратылмай, өзара тығыз бірлікте жүргізіледі (алдымен – талдау, соңынан - жинақтау).




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы