Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанды Мекендейтін халықтардың ол тілді үйренуі,білуі,оқуы,оны мейлінше сыйлау-парыз



бет1/9
Дата11.04.2022
өлшемі68.52 Kb.
#220288
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КУРСОВОЙ ЖУМЫС
Документ, сандык


КІРІСПЕ
Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты-оқу өзге тілді жүретін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте қазақша қарым-қатынас тілінің негіздерін игеруіне,дұрыс оқып, дұрыс жазуға машықтануына яғни,тілдің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарын түсіндіруге бағытталады. Негізгі мектепте бала бастауышта алған білімін жалғастырып, білім мазмұнын «қоршаған орта» тақырыптары арқылы толықтырып, грамматикадан алғани білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануға дағдыланады.

Жоғары сыныптарда тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін қолдану, тілдің фонетикалық,лексикалық, морфологиялық,синтаксистік құрылымын,стилистикалық ерекшеліктерін танып,оны теориялық жүйелеу мен өз бетінше сөздік қорын байыту әрекетін қамтамасыз етуі қарастырылады. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін алға қойылатын міндеттер:оқушыларға сөйлесу әрекетінің түрлерін күнделікті қарым- қатынас деңгейінде меңгерту.

Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанды Мекендейтін халықтардың ол тілді үйренуі,білуі,оқуы,оны мейлінше сыйлау-парыз. Еліміз көп диаспоралы мемлекет болғандықтан,басқа ұлттарға қазақ тілін үйрету үшін қазақ тілінің мамандары оларға үлкен көзбен көріп,қолмен ұстап,құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Оқушылар көрнекілікке назар сала,бақылай отырып, оның мазмұнын ашатын мағлұматтарды өз беттерінше жинақтайды. Мұғалімнің міндеті-бақылаған кезде неге мән беру керектігіне бағыт беріп отыру. Көрнекілікті пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин да зор көңіл бөлген.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақсатан республикасының тәуелсіз елге айналып,әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауыртдаму жолына түсуі,қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу –тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті.

Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған. Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтық да негізгі бала кезде,оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.

Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу Қажетілігіне балалардың ойын ауызша,жазбаша білдіруге үйретудің Маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И.Буслаев, К.Д. Ушинский, Н.А.Корф және) аса мән берген. Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағаптушы ғалымдар (Ы.Алтынсарин,А.Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде Оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін

Дамыту мәселелері Т.Шонанұлының,Ж.Аймауытовтың,М.Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды. Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ.Жұманова,Ғ.Бегалиев,С.Жиенбаев,Ш.Сарыбаев,И.Ұйықбаева т.б сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу обьектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті. Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай Қайшылықтар бар екені анық байқалады.

- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Бастауыш білім беру

тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік,

дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен

бұрынғы оқу бағдарламаның арасында;

Cауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда

жасалмауы арасында;

Зерттеу объектісі - бастауыш мектеп оқушыларының тіл дамыту процесі.

Зерттеу бұйымы - сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі.

Зерттеу мақсаты - сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін, сауат ашу кезінде қолданылатын көрнекілік құралдарды анықтау.

Зерттеу болжамы - сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан