Көршіңізге «Арай» азық – түлік дүкенінің сатушысы болып жұмысқа орналасуына байланысты өмірбаян жазуға көмек көрсетіңіз.
Жұмысқа орналасу құжаттарының тізімінде өмірбаян бар. Өзіңіздің өмірбаяныңызды дайындаңыз
Мекеме басшысының атына техникалық аппараттар алу үшін ақша бөлу керектігі туралы өтініш жазыңыз.
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп –лицейінің директоры атына бір айлық сессияға баруыңызға байланысты ақылы демалыс беру туралы өтініш жазыңыз
ЖШС «Ақбидай-нан» зауытының директоры атына шығарылатын өнім сапасының төмендігі туралы шағым арыз жазыңыз.
«Салтанат» құрылыс фирмасының атынан «Қазбетон» кәсіпорнының келісімшарт талаптарын орындамамағаны үшін, соның салдарынан 300 000 тг зиян шеккені туралы талап арыз жазыңыз
Қызылорда қаласының әкімі атына пәтердегі жылу жүйесінің дұрыс қосылмағандығы туралы арыз жазыңыз
Электр жүйесінің бастығына сіз тұратын көшеде жарықтың жоқ екендігі туралы арыз жазыңыз
Кәмелетке толмаған баланы өзімен бірге алып жүру жөнінде ата-анасы атынан сенімхат жазыңыз
Топ басшысы Н.Қалдыбекқызына шәкіртақыңызды алуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат жазыңыз.
Д.Е.Нұрмағанбетовке еңбекақыңызды (айлық) алуды сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат жазыңыз
«Мадис» жарнама агенттігінің машинасын уақытша пайдалануға алатындығыңыз туралы қолхат жазыңыз.
«Арман» техника дүкенінен 40000 (қырық мың) теңге тұратын теледидарды жалға алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз
Кеден бөлімінен құнды заттар алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана архивінің сирек кітаптар бөлімінен бір аптаға кітап алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз
№2 қалалық орта мектепке жұмысқа орналасу үшін өз түйіндемеңізді жазып тапсырыңыз.
Салық полициясы комитетіне аудитор ретінде орналасуға үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз
Жұмысшыңыздың қызметін жоғарылату мақсатында мінездеме беріңіз
«Ажар» азық-түлік дүкенінің директорына түрік кондитерлік тауарының тізімін жіберуі туралы сұраныс хат жазыңыз
Белгілі бір әншінің концерті болатындығы туралы хабарландыру жазыңыз.
Белгілі бір мекеменің қызметкерін кәсіби мерекесімен құттықтаңыз
2018 жылғы мамыр айының 7-сі күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет сарайында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске тағзым»атты облыстық көркемөнерпаздар байқауының галаконцерті өтетіндігі туралы ақпарат хат құрастырыңыз.
Студенттердің ғылыми –практикалық конференциясы болатындығы туралы ақпарат хат құрастырыңыз
Ата-анаңызға 20 шілдеде Астана-Көкшетау пойызымен келетіндігіңіз туралы жеделхат жазыңыз.
Ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру туралы баяндау хат құрастырыңыз
СС-24 оқу топ студенттерінің сабаққа қатыспауы туралы баяндау хат жазыңыз
«Он алты қыз» ансамблі жетекшісіне 7 мамыр күні сағат 18.00де Ұлы Отан соғсының ардагерлеріне арналған кеш Студенттер сарайында өтетіндігі туралы телефонхат жолдаңыз.
Петропавл қаласы сүт зауытының дирекоры Т. С. Пірімбетовтің атына дүкендегі сүт өнімінің нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
Отбасы жағдайына байланысты демалысқа шығу туралы өтініш жазыңыз
«Адал» фирмасының бастығына үйлестіруші қызметіне жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз
Қызылорда гуманитарлық университеті ректоры атына күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысу туралы өтініш жазыңыз
Досыңызды мүшелтоймен құттықтаңыз.
Әріптесіңізді мерейтойымен құттықтаңыз
Оқытушыңызды ұстаздар күнімен құттықтаңыз
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарыңыз.
Салық инспекциясы басқармасының бастығы С.А. Арыстанбековтың атына программист ретінде қызметке алу туралы өтініш жазыңыз.
Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 2-үй, 2-пәтерді сатуды өзіңіздің ағаңыз А. А. Әлиевке сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат беріңіз.
Ініңізге «Волга-3110» маркалы автокөлігіңізді бір жүргізуіне сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат жазыңыз
Сіздің оқитын оқу орныңызды растау үшін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханаға анықтама жазыңыз
Университет ректорының атынан облыстық кітапхана меңгерушісіне сирек кездесетін оқулықтарды электронды кітапханаға енгізуді сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
Өзіңіз оқитын оқу орныңызға науқастануыңыға байланысты сабаққа кешігетіндігіңіз туралы жеделхат жіберіңіз.
Соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтаңыз.
Жұмыстан босату туралы бұйрық шығарыңыз
Уақытша есепші қызметінен бас есепші қызметіне ауыстыру туралы бұйрық шығарыңыз
Кіріс құжаттарын тіркеу журналының үлгісін жасаңыз
Шығыс құжаттарын тіркеу журналының үлгісін жасаңыз
Сіз мекеме басшысысыз.Қол астыңызда еңбек ететін материалдық бухгалтер экономист лауазымына тағайындалмақ. Осы орайда жазылатын мінездемені ресімдеңіз
Салық полициясы комитетіне программист ретінде жұмысқа орналасуға үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз